омонимия, омонимика, омоним, лексикалық омоним,
толық омоним, жартылай омоним, омограф, омофон, омоформа,
омонимдік құбылыс
және т.б. сияқты терминдер қолданылады. Біз негізгі
мәселеге бармас бұрын тіл біліміндегі осы атауларға жекелей тоқталып
өтпекпіз.
Омонимия деп – тілде екі немесе одан да көп сөздердің айтылуында да,
жазылуында да сәйкес келетін лексика-семантикалық құбылысты атайды [3, 91
б. ].
Орыс ғалымы акад. В.В.Виноградов «Лексикалық омонимдер деп,
жазылуы немесе айтылуында сәйкес келетін, бірақ, семантикасы жағынан
мүлдем бөлек сөздерді атайды. Ал орыс тіліндегі барлық омонимдердің
жиынтығын омонимика деп атайды» [4, 297 б.].
Бұл жерде омонимика термині түсінікті. Осы терминің басқа да
сөздіктердегі анықтамалары осымен үндес: «1) Омонимдерді зерттейтін
лексикологияның бір саласы. 2) Қандай да бір тілдегі омонимдердің
жиынтығы» [5].
Яғни омонимика дегеніміз бірінші, ғылым саласы, екінші,
белгілі бір тілдегі омоним сөздердің жиынтығы. Ал Е.Тилев пен
В.В.Виноградовтан келтірілген анықтамаларынан омонимия мен лексикалық
омонимдердің
атуларынан
болмаса,
дефинициясынан
соншалықты
айырмашылықты байқай алмаймыз. Бұлардың екеуі де бірдей айтылып бірдей
жазылатын сөздер. Біріншісінде лексика-семантикалық құбылыс деп көрсетсе,
екіншісінде, семантикалық жағынан сәйкеспейтін сөздер деп көрсетіледі. Енді
осы жерде Л.П.Крысиннің сөздігіндегі омоним терминіне қатысты берілген
анықтаманы келтірейік: «
Омоним а, м. (греч. homōnyma < homos одинаковый +
ōnyma
имя).
лингв.
Слово, по форме совпадающее с другим, но по значению не
имеющее с ним ничего общего (
напр.
, «бор» – химический элемент и «бор» –
сосновый лес)» [6]. Бұл айтылғандардан омоним терминіне берілген
15
анықтаманың да жоғарыда берілген омонимия мен омонимиканың ешқандай
айырмашылығы байқалмайды. Бұлар терминдердегі варианттылық па жоқ
мүлдем басқа ұғым болып табыла ма?!
Біздіңше, омоним мен омонимия бір ұғымды білдіреді. Олардың екеуі де
тіл білімінде омонимге қатысты құбылыстарды атайды. Дегенмен біз осы
құбылысқа қатысты атауларды кең түрде омонимия деп танимыз. Ал
лексикалық омоним лексикалық жолмен жасалған омонимдердің атауы болып
табылады. Ол жайында төменде тереңірек сөз етеміз.
Проф. А.И.Смирницкий омонимдерді
толық омонимдер
(полные
омонимы) немесе
лексикалық омонимдер
деп атайды да, барлық формаларында
емес, тек кейбір жеке формасында ғана омонимдес келетін сөздерді
жартылай
омонимдер
(частичные омонимы) немесе
лексика-грамматикалық омонимдер
деп атайды. Толық лексикалық омонимдердің қатарына екі сыңары да бір сөз
табына қатысты және барлық формаларында омонимдес болып келетін
сөздерді жатқызады да, жартылай лексика-грамматикалық омонимдердің
қатарына екі сыңары да бір сөз табына қатысты, бірақ барлық формаларында
емес, тек кейбір формаларында ғана омонимдес болып келетін сөздерді
жатқызады. Сонымен бірге ғалым А.И.Смирницкий лексика-грамматикалық
омонимдерді екіге бөліп, бірін күрделі лексика-грамматикалық омонимия
(сложная лексико-грамматическая омонимия), екіншісін жай лексика-
грамматикалық омонимия (простая лексико-грамматическая омонимия) деп
атайды. Автор екі сыңары да бір сөз табына қатысты емес, әртүрлі сөз табына
қатысты омонимдерді күрделі лексика-грамматикалық омонимияның қатарына
қосады да, екі сыңары да бір сөз табына қатысты омонимдерді жай лексика-
грамматикалық омонимияның қатарына жатқызады [7, 3 б.]. Бұл жерде
ғалымның толық немесе жартылай омонимдер деп отырғаны, толық
лексикалық омонимдер немесе жартылай лексикалық омонимдер екендігіне
баса назар аудару қажет.
Чех ғалымы Богумил Трнка В.Виноградовтың көптеген еңбектеріне сүйене
отырып өзінің «Замечания об омноимии» [8, 91 б.] атты мақаласында
омонимдердің негізгі түрлері мен олардың тілде пайда болуын нақтылап
көрсетеді. Ол омонимдерді септегенде барлық парадигмада бірдей септелуіне
байланысты омонимдерді толық немесе жартылай омонимдер деп бөліп
көрсетеді. Б.Трнканың көрсетуінше, толық омонимдерге бір сөз табындағы
сөздерді жатқызады. Оларға орыс тіліндегі грамматикалық деңгейде
түрлендіргенде де (жекеше және көпше түрде), фонетикалық деңгейде де
(бірдей дыбысталып, бірдей таңбаланатын) ешқандай айырмашылық
болмайтын наряд – «киім» және наряд – «өкім» деген сөздерді мысал ретінде
келтіреді.
Жартылай омонимдерге тек көптік формада сәйкес келетін часы (көптік
формадағы час) және часы (Pluralima tantum) мысалдарын жатқызады. Сондай-
ақ омонимдерді жай және туынды омонимдер деп бөліп көрсетеді. Жай
омонимдерге мир – «отсутсвие войны, согласие» және мир – «вселенная»
омонимдік қатарды жатқызса, туынды омонимдерге негізге сөзжасам
16
қосымшалары жалғанып, пайда болған омонимдік қатарларды жатқызады:
сборка – «действие по глаголу собирать» және сборка – «мелкая складка в
одежде» [8, 92 б.].
Дәл осы сипаттағы түсініктемені К.Ахановтан да байқаймыз. Ғалым
Достарыңызбен бөлісу: |