Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет26/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

лексикалық (немесе толық) омонимдерді 
құрастырушы сыңарлар (сөздер) бір 
ғана сөз табына қатысты болады да, қалай түрленсе де, ол сыңарлар барлық 
формаларында бір-бірімен сәйкес келеді. Лексикалық омонимдердің 
ерекшеліктері: біріншіден, олар дыбысталуы жағынан бірдей, лексикалық 
мағынасы жағынан әр басқа сөздер болуы керек; екіншіден, олар қай 
формасында болмасын бір-бірінен ажыраспай, барлық формаларында өзара 
омонимдес болуы керек. Ал 
лексика-грамматикалық (немесе жартылай) 
омонимдерді
құрастырушы сыңарлар (сөздер) әр басқа сөз табына қатысты 
болады, осыған орай, олар бір формасында (негізгі формасында) бір-бірімен 
сәйкес келіп, басқа формаларында ажырасып кетеді. Олар да әр басқа мағыналы 
сөздерден құралады. Сөздікте өз алдына дербес лексикалық бірлік ретінде 
беріледі. 
Басқаша 
айтқанда, 
лексика-грамматикалық 
омонимдердің 
құрамындағы сөздер де сөздікте жеке реестр ретінде беріледі. Ғалым лексика-
грамматикалық омонимдерді 1) 
зат есім + етістіктен
құралған лексика-
грамматикалық омонимдер; а) бір негізден жасалған лексика-грамматикалық 
(зат есім + етістік) омонимдер; ә) әр негізден жасалған лексика-грамматикалық 
(зат есім + етістік) омонимдер; 2) 
сын есім + етістіктен
құралған лексика-
грамматикалық омонимдер деп бөледі. Ал бірнеше омонимдес сөздер бір ғана 
омонимдік қатарға енген жағдайда олар 
аралас омонимдерді 
құрайды. Мұндай 
көп компонентті омонимдік қатар лексикалық омонимдерді де қамтиды [9, 110-
117 бб.]. Байқағанымыздай, ғалым толық лексикалық омонимдерге лексикалық 
омонимді, жартылай лексикалық омонимдерге лексика-граматикалық және 
аралас омонимдерді жатқызады. 
Осымен үндес көзқарасты ғалым Ә. Әлметовадан да кездестіреміз: 
«Омоним құбылысында ерекше рөл атқаратын лексикалық омонимдер. 
Олардың бір емес, барлық формаларында да омонимдес болып келулерін 
ескеріп, ғалымдар оны толық омоним деп атап жүр. Ал лексика-граматикалық 
омонимдерді жартылай омонимдер /біз «ішінара омонимдер» дегенді жөн 
санаймыз/ деп атап жүр [10, 17 б.]. Дегенмен, біз Ә.Әлметованың «ішінара 
омонимдер» дегенімен келісе алмаймыз. Ішінара деген сөздің лексикалық 
мағынасы: «1. 
Арагідік, аралас

Ішінара
басып шығару компьютер жадында 
орналасқан мәліметтердің барлығын емес, тек белгілі бір бөлігін басып шығару 
(Қаз. тілі термин. Информатика). 2. 
Сирек, кейде, анда-мұнда 
[11, 751 б.], ал 
жартылай деген сөздің лексикалық мағынасы сөздіктерде төменгідей берілген: 
«
Бүтіндей, түгелдей емес, аздап, жарымдап 
[12, 114 б.]. Біздіңше, аталмыш 
ұғымды 
ішінара
дегеннен гөрі 
жартылай
деген сөз нақтырақ береді. 
Терминқорымызда осы жүймен жасалған 
жартылай автомат, жартылай 
бөлшектену, жартылай дайын өнім 
және т.б. деген терминдік қатарлар бар. 
Бұл терминдерді бір қатарға «бүтіндей емес, түгел емес» деген мағына 
біріктіріп тұр. Сол себептен де толық лексикалық омоним емес сөздерді атауда 


17 
«жартылай лексикалық омонимдер» деген терминді қолдану орынды және осы 
атау берілетін ұғымды нақты береді деген ойдамыз.
Жалпы тіл біліміндегі толық және жартылай омонимияға қатысты 
пікірлерді саралай келе, мынадай екі түрлі көзқарасты байқаймыз: біріншісі, 
толық омонимдерге лексикалық омонимдерді жатқызса, жартылай омонимдер 
деп омограф, омофон, омоформа құбылыстарын таниды; ал, екінші, көзқарас 
бойынша толық омоним деп бір ғана сөз табына жататын, грамматикалық 
түрлендіру кезінде де бірдей таңбаланатын және бірдей айтылатын сөздер 
тобын таныса, жартылай омоним деп, әр сөз табына жататын, бірдей 
дыбысталып, бірдей таңбаланатын, бірақ грамматикалық түрлендіру кезінде 
әртүрлі түрленетін сөздер тобын жатқызады. 
Біз жұмысымызда бірінші топтағы көзқарасқа сүйенеміз. Себебі, қазақ 
тілінде толық омоним деп тануға грамматикалық формалар кедергі бола 
алмайды. Сонымен бірге, әр сөз табына жататын түбір морфемалар толық 
лексикалық мағына бере алады. Және де осы жерде мына бір мәселенің басын 
ашып алуымыз қажет. Көптеген ғалымдар омонимдерге қатысты толық және 
жартылай деген сөздерді қолдануда шатасатындығын байқаймыз. Оның себебі 
осымен байланысты ұғымдарды атағанда көп жағдайда «лексикалық» деген 
бірліктің түсіріліп қолданылуы. Омонимдер метатілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет