1
ҚАЗАҚ
ТІЛІНДЕГІ
ОМОНИМДЕРДІҢ
ТІЛТАНЫМДЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Тіл білімінде бірдей айтылып, бірдей жазылатын, бірақ мағыналары
әртүрлі сөздерді омонимдер деп атау қалыптасқан анықтама. Бұл термин грек
тілінің: homos – «бірдей», onyma – «атау» деген екі сөздің бірігуінен жасалған.
Мысалы:
Жала
1
Жалған, нақақ тағылған айып, бәле.
Алуаның жүрегiне бұл
сұмдық
жала
қанжар сұққандай болады
.
Жала
2
Тілмен жалау, жалап-жұқтау,
жалап қою.
Болар-болмас қылтанақ болса, қалдырмай жеп, құмның өзiн
жалап
та қорек алғандай
. Осы мысалдардағы белгіленген
жала
сөздері
айтылуы, жазылуы бір болғанымен мағыналарында өзгешеліктер бар. Бір
қарағанда тілдегі бұл құбылысты түсіндіру жалпыға бірдей түсінікті, басы
ашық мәселе болғанымен, лексикалық қабаттағы осы құбылыстың түрлерін
тереңірек қарастырғанда, өзіндік қарама-қайшылықтары да жоқ емес екендігі
байқалады. Қазақ тіл білімінде, тіпті, осы құбылысқа қатысты қолданылатын
терминдердің өзінде де бірізділік сақталмаған. Бұл өз деңгейінде білім
алушыларды шатастыруға алып келетіні сөзсіз. Жалпы тіл білімінде аталмыш
құбылысқа қатысты
Достарыңызбен бөлісу: |