25
Ал І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі омографтарды мойындай
қоймайды: «Мұндай сөздердің пайда болуына, алдымен тілдегі дауыс екпіні
сөздерді айыру үшін жұмсалмайды. Орыс тіліндегі «замок» (құлып) – «замок»
(сарай) типтес сөздер сияқты жаңа сөз жамай алмайды. Соның салдарынан
қазақ тіліндегі омографтарды кездестірмейміз» [19, 6 б.].
Омонимдерді оқыту проблемасына арнайы қалам тартқан Ә.Әлметова
жоғарыда сөз болған ғалымдардың көзқарастарын тілге тиек ете отырып,
«Біздіңше, қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі тұрғысынан келгенде, алдыңғы пікір
дұрыстау көрінеді, өйткені аталмыш мысалдардағы екпіннің атқарып тұрған
ролі әлсіз. Егер соңғы пікірге ден қойсақ, етістік пен есім сөздерден құралған
омонимдік қатарлардың көпшілігін омографтарға жатқызуға тура келеді.
Сондай-ақ түркі тілдес халықтар ғана емес, жалғамалы тілдер тобына жататын
тілдердің көпшілігінде де бұл құбылыс мойындалмайды /Қосымша жалғанған
кезде екпін өзгеріп кетеді ғой/» [10] – деп қазақ тілінде омографтар жоқ деген
көзқарасты қолдайды.
Е.Семенова якут лингвистеріне сілтеме жасай отырып, «якут тілі
жүйесінде омографтар да бар» [57, 104 б.] – деп, якут тіліндегі омографтар
мұрын жолды й дыбыстарының айтылуымен байланыстыра қарайды.
К.Ахановтың ізімен қазақ тілінде омографтар бар деген пікірлер қатарын
қолдаймыз. Себебі, қазақ тілінде де болымсыз формада келетін сөздерде екпін
ерекше рөл атқаратынын жоққа шығара алмаймыз. Осы жолмен жасалған
сөздерде екпін мағына ажырату қызметін атқарады. Орыс тілдеріндегідей анық
болмағанмен, қазақ тілінде бәрібір де айтылуында әлсіз айырмашылық болатын
сөздер қатары кездеседі. Ол жайында біз ғалым З.М.Базарбаевамен бірге жазған
мақаламызда толық баяндаймыз [58].
Жартылай омонимдер болып табылатын омофон, омоформа сияқты
құбылыстардың қазақ тілінде бар екендігі бізге дейінгі зерттеулерде де жете
зерттелген. Біз бұлардың жартылай омонимге жататындығын айтумен ғана
шектеліп отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: