21
эволюциясы (Л.А.Булаховский, Р.А.Будагов, К.Нюроп, С.Ульман); үшінші
көзқарасқа сәйкес омонимдер сөзжасамдық процестің нәтижесінде жасалуы
мүмкін (В.В.Виноградов, А.И.Смирницкий, Ю.С.Степанов, Ш.Балли).
Олардың негізгілері омонимия құбылысы ертеректе сөздердің затты,
құбылысты
немесе іс-әрекетті бірдей атап, содан кейін барып олардың
мағыналық реңктері ажырап, жеке-жеке мағыналық бірлік ретінде
қалыптасуынан басталса керек дегенге саяды. Бұған түркі
тілдерінде, соның
ішінде қазақ тілінде ерте кезден бері әрі есім, әрі етістік мағынасында
қолданылып
келе жатқан, әбден қалыптасқан омоним сөздердің жиі кездесуі
дәлел бола алады. Мысалы:
қаз, қыс, жаз, ат, қой, құс, ас, аш, шаш, ой, бүр, бу,
ту
тәрізді есім-етістік омонимдер бар. Әрі есім, әрі етістік мағынасындағы
омонимдердің дыбысталуы
жағынан бірдей болып, лексикалық мағынасы
жағынан өзара ұштасып жатуы бұлардың қалай да бір негізден шыққандығын
білдіреді.
Проф. П.М.Мелиоранский зат есім мен етістік түбірінің бірдей болуы
тілдің ертерек кездегі дәуірінде зат есім мен етістік түбірінің
дифференцияланбауының көрінісі дейді. Бұл ретте ғалым түркі
тілдеріндегі
кейбір есім сөз түбірі мен етістік сөз түбірінің біркелкі болып келуін көрсетіп,
ертеректе түркі тілдерінде түбірлер етістік және есімдер болып дәл қазіргідей
қатаң түрде ажыратылып бөлінбегендігін атап көрсеткен [43, 23]. Ал
Н.А.Баскаков түркі тілдеріндегі
Достарыңызбен бөлісу: