Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет38/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Қолыма асынғаным алтын балдақ, 
Мен келдім Желкемерді суға жалдап
(Махамбет). 
БАЛДАҚ 6 – қазақ қолөнерінде қолданылатын өрнек түрі. Балдақ өрнегі 
көбінесе кестеге, ағаштан жасалатын бұйымдарға, айталық, адалбақанға, 
сандыққа, кебежеге, піспек сабына салынады. Тұмарша өрнегімен аралас келген 
түрін балдақ тұмарша деп атайды. 
БАЛДАҚ 7 – алтын, күміс жапқан орындықтың таянышы. 
Бұл – арқалығы 
биік, оған ай суреті салынған, балдақтары сүйекпен, мақпалмен әшекейленген 
мол орындық 
(Б.Аманшин, Жар мұңы). 
БАЛДАҚ 8 – сүзектің ішіндегі балықтың мөлшерін байқауға қажетті құрал 
(ұзындығы 5-6 м түзу ағаш). 
Түбекке балдақты салып олай-бұлай қозғағанда 
балықшылар сүзекке қанша балық түскенін жобалайды
(Қ.Айтазин, Кәсіби 
лексика). 
Қорыта келгенде, адамдық санасындағы ұғымдық аппараттың арқаулы 
элементі бола тұрып, концепт күрделі әмбебаптық құбылыс болып табылады. 
Бір-бірімен өте тығыз байланысқан, ұғымдық аялары өзара қиылысып, бірін-
бірі анықтап және толықтырып отыратын концепттілердің бар болуы ешқандай 
күмән тудырмайды. Омонимдік қатарда да концептілік өріс құрайтындары 
көптеп кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет