Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет40/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

ақ

(Алматы облысы, Жамбыл ауданы) 
сауылатын малдардағы ауру
ақ

(Алматы облысы, Жамбыл ауданы) анық, 
айқын, шын; 
ақ
3
(Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы) тек, тек қана; 
ақ

(Ресей 
Федерациясы: Волгоград, Қалмақ автономиясы) теңіз және т.б. 
Тіл ғылымында әдеби тілге берілген анықтама көпшіліке белгілі. Ғалымдар 
ғылым тілін екі бағытта түсіндіреді. Бір ғалымдар оны әдеби тіл шеңберінде 
қарастырса, енді бір ғалымдар дербес тіл ретінде қарастырады. Академик 
Ә.Қайдар: «Ғылым тілі – бүгінде әдеби тіліміздің ең сүбелі саласы, жон арқасы, 
ғылым тілі қалыптаса алмаған әдеби тілді толыққанды әдеби тіл деп айтуға 
болмайды» [71, 10 б.], – деп көрсетеді. Академик Ө.Айтбайұлы Ә.Қайдардың 
ізімен ғылым тіліне мынадай анықтама береді: «Ғылым тілі – ғылыми негізде 
жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі ерекше әдеби тілдің 
бір түрі. Әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін бір тармағы. Адам, қоғам, табиғат 
жөнінде ақиқат ақпарат беретін, шындықты баяндайтын ғылыми мәтін (текст)» 
[72]. Ал енді ғылым тілін дербес функционалды тіл ретінде қарастыратын 
көзқарастарға В.П.Даниленконың пікірін келтіруге болады. Ғалым ғылым 
тіліне үлкен дербестік беріп, ол өзінің элементтерінің құрамы мен қызметі 
жағынан «жалпы әдеби тілдің ғана емес, жалпы ұлттық тілдің де аясынан 
шығады» [73] деп санайды. Пікірлердің бір ұшы ғылым тілін 
«терминологиялық лексика» ұғымының аясында түсіндіру барысынан көрінеді. 
Осы орайда зерттеушілер 
жалпы лексика 

арнаулы лексика

әдеби тіл 

 
арнаулы мақсатта қолданылатын тіл

термин 

бейтермин

сөзқолданымды 
реттеу 

терминологиялық жүйелерді құру 
тәрізді оппозицияларға сүйене 
отырып, терминологиялық жүйелердің автономды мәртебесін, әдеби тілдің 
құрамына кірмейтіндігін дәлелдеуге тырысады [74]. 
Қазақ тіл білімінде ғылым тілінің 
арнаулы тіл
деп аталуы да тектен тек 
емес. Жұмысымызда 
арнаулы тілді
белгілі бір ұлттық тілдің құрамындағы 
қосымша тіл ретінде қараймыз. Сол себептен де олардың құрамындағы 
омонимдерге жеке тоқталамыз. Аймақтық тілді де әдеби тілге қарама қарсы 
қойып қарастырамыз.


38 
Тіл білімінде диалектілер мен говорларды зерттейтін саланы 
диалектология деп атайды. «Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл 
ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен 
диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп халықтық я ұлттық тілдің өзіндік 
ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Ол жалпы тілге 
тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды» [75, 4 б.]. 
Тіл білімінде диалектологияға байланысты 
диалект, говор, наречие, 
аймақтық тіл 
деген ұғымдар қолданылады. Диалектолог ғалымдар диалект 
терминіне қатысты «Диалект деген термин тілде жалпы халықтық сипат 
алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, 
өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны 
білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып 
табылады» [75, 4 б.] деп көрсетеді. Сілтемеден аңғарғанымыздай ғалымдар 
диалектіні әдеби тілдің құрамды бөлігі ретінде қарайды. Дегенмен де ғалымдар 
диалектологияны жергілікті тілді зерттейтін ғылым саласы деп танып, оларды 
да әдеби тіл сияқты фонетика, лексика, грамматика салаларында жіктеп 
түсіндіреді [75]. Кейінгі диалектолог ғалымдар жергілікті ерекшеліктерді 
сөйленіс ретінде ғана емес, әлеуметтік лингвистикалық аспектіде аймақтық тіл 
ретінде де зерттеу жағына баса назар аударады [76]. Зерттеуші «Қытайдағы 
қазақтар тілінің сипаты: аймақтық тіл ме әлде сөйленіс пе?» деген мақаласында 
«Қазақ диалектологиясында шығыс сөйленістерінің құрамында қарастырылып 
келген Баян-Өлгий (Моңғолиядағы қазақтардың тіл ерекшелігі), Шыңжаң 
(Қытайдағы қазақтардың тіл ерекшелігі) сөйленістерін қазіргі кезде толық 
аймақтық тіл деп айтуға негіз бар» [76] деген қорытынды шығарады. 
Жоғарыда келтірілген ғалымдардың еңбектерін саралай келе, жергілікті 
ерекшеліктер тіліндегі омонимдерді жеке қарастыруды қажет деп санаймыз. 
Бұндай зерттеудің бастамын Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаевтың еңбектерінен 
байқаймыз. Ғалымдар зерттеу еңбектерінде диалектілік омонимдерге арнайы 
тоқталған еді [75, 86-87 бб.]. Орыс тіл білімінде, тіпті, орыс диалектілік 
сөйленістеріндегі омонидерге 16 560 бірліктен тұратын сөздік құрастырылған 
[77]. Мұның бәрі қазақ тіліндегі диалектілік омонимдерді арнайы зерттеу 
қажеттігіне бағыттайды. Қазақ тіл білімінде лексикологиның бұл саласы 
зерттелмеген тың тақырып деп айтсақ, артық айтпаған болар едік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет