Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет48/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

тарау бойынша тұжырым 
1. Тілдің ішкі (натуралды) лингвистикалық «әлеуеті» мен оны 
тұтынушының 
психологиялық, 
танымдық 
және 
т.б. 
қасиеттеріне, 
коммуникативтік, 
прагматикалық 
мақсаттарына 
байланысты 
тілдік 
бірліктердің, оның ішінде лексикалық бірліктердің мағынасының кеңеюінен 
туындайтын құбылыс «омонимия» деп аталады.
 
Омонимдерге тіл білімінде берілген анықтамалары өте көп және олардың 
ортақ мазмұны бір-біріне жуық келеді. Алайда тіл-тілдің өзіндік құрылымдық 
ерекшеліктеріне байланысты принциптік өзгешеліктер болуы мүмкін.
 


44 
2. Жалпы тіл біліміндегі толық және жартылай омонимияға қатысты 
пікірлерді саралай келе, мынадай екі түрлі көзқарасты байқаймыз: біріншісі, 
толық омонимдерге лексикалық омонимдерді жатқызса, жартылай омонимдер 
деп омограф, омофон, омоформа құбылыстарын таниды; ал, екінші, көзқарас 
бойынша, толық омоним деп бір ғана сөз табына жататын, грамматикалық 
түрлендіру кезінде де бірдей таңбаланатын және бірдей айтылатын сөздер 
тобын таныса, жартылай омоним деп, әр сөз табына жататын, бірдей 
дыбысталып, бірдей таңбаланатын, бірақ грамматикалық түрлендіру кезінде 
әртүрлі түрленетін сөздер тобын жатқызады. 
Біз жұмысымызда бірінші топтағы көзқарасқа сүйенеміз. Себебі, қазақ 
тілінде толық омоним деп тануға сөзтудырушы формалар кедергі бола 
алмайды. Сонымен бірге, әр сөз табына жататын түбір морфемалар толық 
лексикалық мағына бере алады. Және де осы жерде мына бір мәселенің басын 
ашып алуымыз қажет. Көптеген ғалымдар омонимдерге қатысты толық және 
жартылай деген сөздерді қолдануда шатасатындығын байқаймыз. Оның себебі 
осымен байланысты ұғымдарды атағанда көп жағдайда «лексикалық» деген 
бірліктің түсіріліп қолданылуы. Омонимдер метатілінде толық лексикалық 
омонимдер, жартылай лексикалық омонимдер, толық омоним және жартылай 
омоним деген ұғымдар бар. Олардың әрқайсысының өзіндік беретін мағынасы 
да бар. 
3. Жұмысымызда толық омоним деп толық лексикалық түбір негізде 
бірдей таңбаланатын және бірдей дыбысталатын сөздерді танимыз. Оған 
лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас омонимдер жатады. Ал 
жартылай омоним деп бір сыңары түбір негізінде, екінші сыңары сөзтудырушы, 
сөз түрлендіруші қосымшалар арқылы пайда болған, бірдей айтылатын немесе 
бірдей таңбаланатын, мағыналары әртүрлі бірдей таңбаланатын бірақ 
айтылуында өзгешелік бар немесе мағыналары әртүрлі, бірдей айтылғанмен 
өзгеше таңбаланатын сөздер қатарын айтамыз. 
4. Толық омонимдер толық лексикалық омонимдер, жартылай лексикалық 
омонимдер деп екіге жіктеледі. Толық лексикалық омонимге лексикалық 
омонимдер, жартылай лексикалық омонимге лексика-грамматикалық және
аралас омонимдер жатады. Грамматикалық мағынасы жағынан бірдей, 
лексикалық мағынасы жағынан әр басқа бір сөз табына жататын сөздерді 
лексикалық омонимдер деп, сыңарлары әр сөз табына жататын және кейбір 
формаларында бірдей жазылып, бірдей дыбысталатын, грамматикалық 
мағынасы жағынан ажыратылатын сөздерді лексика-грамматикалық омонимдер 
деп танимыз, ал сыңарлары бірі екіншісіне лексикалық омоним, екіншісіне 
лексика-грамматикалық омоним болып келетін немесе барлық сыңарлары 
лексика-грамматикалық омоним болатын сөздерді аралас омонимдік қатарға 
жатқызамыз. 
5. Жартылай омонимдерге біз омограф, омофон, омоформаларды 
жатқызамыз. Қазақ тіл білімінде омограф құбылысы туралы екі түрлі көзқарас 
бар. Бірі – қазақ тіл білімінде омографтар бар десе, екінші көзқарасты 


45 
ұстанушылар омографтар жоқ дегенді айтады. Біз қазақ тілінде омографтар бар 
деп танимыз. 
6. Когнитивтік лингвистика – адам санасында тілге дейін жарыққа 
шыққалы тұрған ойы мен пайымын жинақтау, дайындау, тілдің қай 
бірліктерімен беру қажеттілігін таңдау процестерін қарастыратын тіл саласы. 
Санада болатын когнициялық құбылыстарды адамның вербалды және 
бейвербалды әрекеттері арқылы тануға болады. Ал оның вербалды жеткізген 
ақпараты 
арқылы 
аялық 
білімін 
анықтауға 
болады. 
Когнитивтік 
лингвистиканың зерттеу тәсілдері тек мағына, ұғым мәнін анықтауда белсенді 
қызмет атқара алатын қасиетін пайдалана отырып, қазақ омонимдерінің 
концепт құрау әлеуетін тануда, омонимдес мағыналардың түрлерін, олардың 
аражігін айқындап алуда негізгі зерттеу әдісі ретінде таңдап алдық. 
7. Омонимдерді терминдік омонимдер және диалектілік омонимдер деп 
қарастырып отырғанымыздың бірнеше себептері бар. Бірініші, кез келген тіл 
негізінен әдеби тіл, аймақтық немесе жергілікті тіл, ғылыми немесе ғылым тілі 
деп үшке бөлінеді. Оның өзіндік себептері де бар. Аймақтық тіл де, ғылым тілі 
де әдеби тіл құрамына енгенімен, әдеби тілге оппозициялық қатар құрай алады: 
әдеби тіл – аймақтық тіл, әдеби тіл – ғылым тілі. Соның бірі сөз болып отырған 
тілдердің ішінде өзіндік омонимдік жұптардың болуы. Сонымен қатар, 
синонимдік, антонимдік қатарларын құруы, негізінен олардың қорында сөз 
таптарының көпшілігі кездесуі және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет