Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет44/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

АГГЛЮТИНАЦИЯ 
І. 
Түбір сөзге, көбіне соңынан жалғанатын қосымшалар 
арқылы пайда болатын тілдік құбылыс негізіндегі жалғамалы тілге тән 
ерекшелік
. Лингвистика ғылымының термині. ІІ. 
Майда элементтердің 
түйірленіп желімденуі. Медицина ғылымына тән термин.
Орыс 
ғалымы 
В.П.Даниленконың 
пікірі 
бойынша, 
салааралық 
терминологиялық омонимияға тән екі белгі бар:
- терминдердің дефинициялары әртүрлі;
- бұл терминдер әртүрлі терминологиялық жүйелерде қолданылады [82, 70 
б.]. Байқағандарыңыздай, жоғарыда келтірілген терминдер ғалымның көрсеткен 
талаптарына толық жауап беріп тұр.
Ш.Құрманбайұлы терминдердің жалпы қолданыстағы және өз ішінде 
омонимдік қатар құруының себебін былай деп түсіндіреді: «Терминденудің 
мұндай жағдайында жалпы қолданыстағы термин емес сөз белгілі бір 
терминологиялық өріске енгізіліп, терминдік мағынаға ие болады да, соның 
нәтижесінде жалпы қолданыстағы сөз бен термин омонимге айналады немесе 
сөздің бастапқы мағынасы нақтыланады (тарылады, кеңиді). 
Терминденудің бұл түрі жалпы қолданыстағы сөздің бастапқы 
мағынасының метафоралануы, өзге тілдегі сөздің калькалануы (семантикалық 
конверсия) және сөз мағынасының нақтылануы сияқты жолдар арқылы жүзеге 
асырылады. 
Ал ішкі терминдену кезінде ең алдымен терминделуші ұғым атауы 
терминологиялық өрістен алынады. Мәселен, физикада, психологияда, тіл 
білімінде қолданылатын өріс термині, философияда, тіл білімінде 
қолданылатын 
байымдау
және 
донор
(химия, медицина), 
субъект
(философияда, логика, заң ғылымында) сияқты көптеген терминдер 
терминологиялық жүйенің өз ішінде бір ғылым саласынан екінші ғылым 
саласына ауыстыру арқылы жасалған. Мұндай салааралық омонимдердің 
туындауына көбінесе жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі тәрізді, 
ғылыми ұғымдардың өзара ұқсастықтары негіз болады. Сондай-ақ жоғарыда 
айтқанымыздай, терминологиядағы салааралық омонимдердің пайда болуына 
тек ішкі терминдену ғана себеп болмайды. Жалпы қолданыстағы сөздердің 
терминденуінің нәтижесінде де көптеген салааралық омонимдер туындауы 
мүмкін. Мәселен, өсімдіктанудағы 
тамыр
термині мен медицинадағы 
тамыр
терминдерінің жасалуына, яғни салааралық омонимдердің туындауына осы 


41 
ұғымдардың жалпыхалықтық тілдегі атаулары негіз болған. Жалпы қолданыста 
тамыр
деп «өсімдіктің су мен қоректік заттарды жеткізіп тұратын мүшесін» 
және «қан жүретін жолды» айтады [80, 30 б.]. 
Шындығында да терминдер жалпы қолданыстағы сөздермен, тіпті, 
диалектілермен де омонимдік қатар құрай алады. Сонымен бірге терминдер өз 
ішінде белгілі бір ғылым саласы шеңберіндегі терминдермен де, әр салаға 
жататын терминдермен де омонимдік қатар құрай береді. Омоним-
терминдердің пайда болуының бірнеше жолдары бар. Оның ең бірінішсі – уәж. 
Мына бір мысалдарға назар аударайық, ДАБЫЛ І. 
Әскери бөлімшенің (бөлімнің, 
құрамның) белгіленген мерзімде толық жауынгерлік дайындықта болуы және 
алдын ала жоспарланған шепке (орын, жер) орналасуы үшін берілетін 
шартты (ракета, сирена, горн арқылы) белгі
; ІІ. 
Жергілікті жердегі халықты 
әуе қаупінен, атом, химиялық қарулардың қаупінен немесе т.б. сақтандыру 
хабары
; ІІІ. 
Саусақпен қағып ойнайтын музыкалық аспап деген ұғымдарды 
білдіреді
. САҚИНА І. 
Сәндік үшін саусаққа салынатын, таза металдан 
жасалған жүзік
. ІІ. 
Құс аяғына салатын мыс, қаңылтыр т.б. жасалған 
дөңгелек шеңбер
және т.б. АЙЫРМА
І. 
Бір саннан екінші санды алғанда қалған 
қалдық; ІІ. Қойдың, сиырдың бақайында болатын сарып ауруы.
 
Бұл келтірілген 
мысалдардың алдыңғысында үш мағынаны да ортақтастырып тұрған уәж 
қандай да бір дыбыс шығару. Яғни, аспап атауының мағынасы басқа 
терминдердің жасалуына арқау болып тұр. Келесі мысалда 
сақина 
сөзінің тұтас 
алғандағы мағынасы омонимдік қатар құрауға негіз болаған. Омоним-
терминдердің басым бөлігі сөз мағынасының метафоралануы арқылы пайда 
болған. Үшінші мысалдағы омонимдік қатар құруға негіз болып тұрған уәж 
сөздің жалпы қолданысындағы мағынасы – «
өзгешелік, ерекшелік, 
айырмашылық, парық» 
деген мағыналары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет