жүйеаралық және
саларалық омонимдер деп
екіге бөлінетіндігі белгілі. Жүйеаралық омоним-терминдерге ғылымның бір
саласында омонимдік қатар құрайтын терминдерді жатқызады:
АҚБАС І. Басы жара болып, төсі ісетін жұқпалы түйе ауруы. ІІ. Аяғына күс түсіп, тұяғы бүрісіп өсетін жылқы ауруы, бақай құрт. Бұл екі термин де ауылшаруашылығы саласына, оның ішінде, ветеринария саласына жататын терминдер. ВОЛЬТ І . Манеждегі аттың шеңбер ішімен оңга, солға күрт бұрылуы. ІІ.
Акробатикада, цирк гимнастикасында –
акробат, гимнастың 180 градусқа күрт бұрылуы. ІІІ.
Фехтованиеде түйреуден қашқақтау, жалт беру. Келтірілген үш термин де спорт саласына жататын омоним-терминдер. Бұл
жерде мына жайтты ескере кеткен жөн. Вольт термині электр саласына қатысты
мына ұғымда
«халықаралық бірліктер жүйесінде кернеулі электр тогы күшін өлшеу бірлігі» салааралық омонимдік қатар түзе алады. Тілімізде жүйеаралық
омоним-терминдердің саны аса көп емес.
Салааралық омоним-терминдерге ғылымның екі немесе одан да көп
салаларында омонимдік қатар құрай алатын терминдерді жатқызамыз: