Карбозова булбул давлетханкызы


 Терминдік, аймақтық омонимдер



Pdf көрінісі
бет39/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

 
1.3 Терминдік, аймақтық омонимдер 
Бұл тараушамызда омонимдерді терминдік омонимдер және диалектілік 
омонимдер деп қарастырып отырғанымыздың бірнеше себептері бар. Бірініші, 
кез келген тіл негізінен әдеби тіл, аймақтық немесе жергілікті тіл, ғылыми 
немесе ғылым тілі деп үшке бөлінеді. Оның өзіндік себептері де бар. Аймақтық 
тіл де, ғылым тілі де әдеби тіл құрамына енгенімен, әдеби тілге оппозициялық 
қатар құрай алады: әдеби тіл – аймақтық тіл, әдеби тіл – ғылым тілі. Соның бірі 
– сөз болып отырған тілдердің ішінде өзіндік омонимдік жұптардың болуы. 
Сонымен қатар, синонимдік, антонимдік қатарларын құруы, негізінен олардың 


37 
қорында сөз таптарының көпшілігі кездесуі және т.б. Мысалы, 
Баспақ
сөзін 
алайық, ғылым тілінде 1) «Алты айдан бір жасқа дейінгі есейген бұзау», 2) 
«Қойда болатын ауру»; аймақтық тілде 1) (Алматы обл. Кеген, Жамбыл, Шу 
аудандарындағы қазақтар тілінде) «Мал (сиыр, қой) ауру», 2) (Түркіменстан 
қазақтары тілінде) «Жылқының бас терісінен істелген тұз салатын ыдыс». 
Көрсетілген бір 
баспақ
сөзі ғылым тілінде де, аймақтық тілде де омонимдік 
қатар құрап тұр. Сөзіміз дәлелді болуы үшін тағы да мысалдар қатарын берейік, 
ғылым тілінде 
түбір
–лингвистикада «сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, 
лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі», математикада «a санының n 
деңгейі — кез келген x (белгіленетін, ол түбірасты өрнек деп аталады) саны, 
оның n деңгейі (a) тең. Түбірді табу амалы түбірден шығару деп аталады. 2) 
Теңдеу түбірі – теңдеудегі белгісіз санның орнына қойғаннан кейін теңдеуді 
теңдікке айналдыратын сан». Ботаникада бұл «өсімдіктің осьтік органы. Оның 
ұшынан бастап өседі, оң геотропизмі бар, яғни Жердің орталығына қатысты 
бағыт бойынша өседі». Аймақтық тілде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет