Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет47/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

диалектілік омонимдер
деп алып отырмыз. Диалектілік 
омонимдер де әдеби тілдегі омонимдер секілді лексикалық құрамы жағынан 
әртүрлі болады. Кейбір аймақтық омонимдердің бастапқы мағынасы қолданылу 
қызметіне қарай әдеби тілдегі мағынасына жақын келеді. Мысалы, 
ашар
сөзі 
батыс сөйленісінде (говор) «кілт» мағынасында қолданылады. 
Есіктің 
ашарын
 
жоғалтып алып, үйге кіре алмай отырмыз
. Бұндағы 
ашар
сөзі кілттің 
қызметінен туындаған, яғни «ашу» әрекетінің сол өңір адамдарының 
танымында бірінші болып ұғынылып, оның «кілт» номинациясынан гөрі, 
заттың қызметіне қарай атағанды ыңғайлы санауы деп түсініледі. Ал 
қарақалпақ говорында 
ашар
сөзі «винт бұрайтын құрал» ретінде қолданылады. 
Бұл іске пышақ жарамайды, мәшиненің ашарын пайдалану керек.
Бұл жерде де 
әдеби тілдегі 
кілт
сөзінің екінші варианттағы омонимі сәйкес келеді. Соған 
қатысты кілттің ашудан гөрі, бұрау қызметіне қарай, яғни әрекеттік, 
қолданымдық қызметіне қарай танып, қалай танылса, солай атау сол өңір 
халқына тиімді болып тұр. Келтірілген диалектілік омонимдер мысалдары 
заттың (ақиқат дүниенің) қызметі мен әрекетіне қарай аталуы басым көрініс 
тапқаны, сол тұрғыдан омонимдес сөздер болып тұрғаны байқалады.
Осы секілді 
аша
сөзінің де кең қолданысқа ие болып, диалектілік 
омонимдер мен көпмағыналы диалектілік сөздердің қатарын толықтыратынына 
талдау жасап көрелік. 
Аша 
сөзі Қазақстанның шығыс өңіріндегі Семей, 
Талдықорған говорында «айыр» (құрал) мағынасында қолданылады. Шығыс 
Қазақстан говорында «аяқ» мағынасында қолданылады. Қарақалпақ говорында 
аша
сөзі «арықтың екіге бөлінетін, айырығы» мағынасында қолданылады, сол 
сияқты осы өңірдің Шет говорында 
баған
деген сөзді білдіреді. Қазақстанның 
солтүстік өңірінде «тіреу» мағынасында қолданылады. Ал Қызылорда 
говорында «арықтың бір түрі» ретінде қолданылады. Батыс Қазақстанда 
аша
сөзі «екі таудың жігі, арасы» ұғымын білдіреді.
Диалектілік омонимдер қазақ тіл білімінде ең алдымен Ғ.Қалиев пен 
Ш.Сарыбаевтың еңбегінде сөз болған. «Омонимдер диалектілерге және әдеби 
тілге қатысына қарай құрамы жағынан әртүрлі болады. Бір ұядағы 


43 
омонимдердің бәрі де әдеби сөзден құралуы мүмкін» [75, 86 б.], – дей келе, қас 
(І қабақ үстіндегі түк; ІІ жау, дұшпан, өш, зиянкес біреуге жамандық ойлаушы; 
ІІІ өте, тым аса, нағыз) сөзін мысал ретінде келтіреді. «Кейде бір ұя құрап 
тұрған омонимдердің бір сыңары әдеби сөз де, екінші сыңары диалектілік 
болуы мүмкін» [75, 86 б.], – деп, 
долы, сым, тәртіп 
сөздерін мысал ретінде 
көрсетеді. Сонымен бірге бір сыңары әдеби тіл сөзі болып қалған сыңарлары не 
диалектілік, не кәсіби сөздер болуы мүмкін екендігін де сипаттайды. Осы 
топтағы сөздерге 
құлақ
сөзін келтіреді. Жалпы ғалымдар диалектілік омоним 
дегенде әдеби тіл мен диалектілік сөздердің омонимдік қатар құрайтын 
сөздерді танитындығын байқаймыз. 
Қазақ тіл білімінде омонимдерді әдеби-диалектілік омонимдер деп 
қарастыратын ғалымдар қатарына А.С.Пазылованы жатқызамыз. Ол 
омонимдерді «әдеби тілдегі ұя» мен «диалектілік ұяны» қатар қойып 
қарастырады [85]. Мақаласында әдеби-диалектілік варианттарды екі мүшелі, 
үш мүшелі және одан да көп мүшелі деген топтарға бөліп қарастыра келе, 
бұндай зерттеулердің теориялық мәні үш түрлі аспектіде айқын байқалады деп 
қорытындылайды: «1. Ұлттық тілдердің ішкі даму заңдылығы бойынша 
сырттан қабылданатын лексикалық сөздерден гөрі тілдің ішкі лексика-
семантикалық өз мүмкіншілігін кеңейте түсу әлдеқайда тиімді. 
2. Сөздердің ішкі даму табиғатынан туындаған әртүрлі тақырыптық 
топтарда, тұрмыс-тіршілік саласында сол тілде сөйлеушілер үшін ешбір 
қиыншылық тудырмай қолданылып келе жатқан омоним қатарларының 
сәйкестігі, пайда болу жолдары мен қалыптасу дәстүрін айқындаудың мәні зор. 
3. Семасиология теориясында тілдің варианттылық жолмен даму 
заңдылығына, мағыналық дифференциация мен интеграция процестерін түсіне 
білуде де бұл жұмыстың өзіндік сыры бар деп білеміз [85]. 
Зерттеуші А.Әдішева омонимдерді әдеби тіл нормасы және жергілікті тіл 
ерекшеліктері (диалектизмдер) ретінде қолданылып жүрген гомогенді 
омонимдер варианттарының семантикалық дифференцияға (жіктелуіне) 
ұшырауының әртүрлі себептерін айқындау мәселесі тұрғысынан қарастырады 
[31].
Осы мәселеге қатысты еңбектерді саралай келе, қазақ тіл білімінде таза 
диалектілік омонимдер арнайы зерттеу нысаны болған емес деген қорытынды 
шығарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет