материалдық бағыттағы
қажеттілік
және
рухани бағыттағы қажеттілік.
65
Психология ғылымы оқу үдерісінде тұлға болмысын қалыптастыруда
индивид дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды білім беру
процесінде ескеруді назарға алады. Отандық психолог ғалымдар Т.Тәжібаев,
Қ.Жарықбаев,
М.Мұқанов,
Е.Суфиев,
Ә.Алдамұратов,
С.Елеусізова,
О.Саңғылбаев еңбектерінде тұлғаның білім мазмұнын игерудегі психологиялық
жағдаяттың ерекше маңызды екендігі жан-жақты қарастырылған. Тілдік
бірліктерді игеру барысындағы іс-әрекеттің психологиялық теориясында
психикалық ішкі дайындық пен іс-әрекетті материалдық, яғни, сөздің заттануы
деп танысақ, ал сыртқы іс-әрекет әлеуметтік қатынастың тұлға психикасына
әсерінен көрінеді.
Психология ғылымында әрбір білім алушының, яки, дара тұлғаның ойлау
үрдісінің дамуы мен жетілуіне ерекше назар аударады. Бұл жерде субъектінің
биологиялық және физиологиялық, интеллектуалдық және құзыреттілік,
танымдық және лингвистикалық секілді көптеген ерекшеліктері басшылыққа
алынады. Психологияда тілдік бірлік арқылы субъектінің танымдық әлеуеті,
тұлғалық болмысы, адами мәдениеті, этнопсихологиясы, қалыптасқан
дағдылары секілді мәселелерге назар аударуға болатындығы соңғы кездегі
зерттеулерде арнайы нысан ретінде қарастырыла бастады.
Жоғары оқу орнында білім алушының білім негіздері мен оны қабылдау,
меңгерудегі психологиялық ерекшеліктерін айқындауда теориялық және
эмпирикалық жүйе әдістемелері қолданылып, психологиялық құбылыстарға
талдау
жасау
әдіснаманың
жалпыфилософиялық
(мәселенің
жалпы
философиялық тұрғыдағы мәні), жалпы ғылыми (нақты ғылыми) және арнайы
(жекелеген пәндер аясындағы ғылыми) деңгейлерінде жүзеге асырылады. Білім
алушы тұлғаның психологиялық ерекшелігіндегі әркелкілік білім алудағы
педагогикалық әдістер мен тәсілдердің түзілуіне алып келеді.
«Студенттерді оқыту – олардың психикасы мен әрекетіне біліммен,
қажетті білік, дағдылармен қамтамасыз ету мақсатында әсер ету. Оқыту
барысында студенттердің түрлі психикалық ерекшеліктері дамиды. Оқыту
болашақ маманның қалыптасуында маңызды рөлге ие. Ол ғылыми
дүниетанымның жетілуіне, интеллектуалды дамуына және басқа да сапа
қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді» [109]. Осындай сапа-қасиеттердің
дамуы мен қалыптасуы, белгілі бір кәсіби әрекеттерге дағдылы түрде
машықтандыру үдерісі білім алушының жекелеген пәндер аясындағы біліммен
тікелей байланысты. Лингвистикалық білім, оның ішінде омонимдерді оқыту
барысында жеке тұлғаның психологиялық болмысы ерекше маңызға ие болады.
Ес, ойлау, түйсік, қабылдау мен оның және кинестезиялық түрлерінің
ерекшелігін омонимдік құбылыстарды меңгерту барысында қолданылатын әдіс
пен әрекеттерді негіздейді. Мәселен, танымдық әрекет түрлері – қабылдау мен
зейін. Қабылдау кезінде омонимдік құбылыстардың басты белгілерін, ұғым мен
мағына арасындағы өзгешелікті таныту барысында қолданылады. Омонимдік
құбылыстардың теориялық мәселелерін ашу барысында сыни тұрғыдан сұрақ
қойып, жаңа сипаттағы өз ойын жүйелеу психологиялық тұрғыдан дайындықты
66
қажет етеді. Тіпті, студенттерді ғылыми ортада сөйлеуге үйрету үшін оларға ең
бірінші психологиялық тұрғыдағы дайындық керек.
Жоғары оқу орындарында қазақ тіліндегі омонимдік құбылыстарды кәсіби
мамандыққа қатысты оқыту – студенттерге кәсіби бағытталған ақпаратты тиісті
дәрежеде меңгертіп, оны маман ретінде қайта пайдалануда қажетті құзіреттілік
пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, студенттің жалпы тұлғалық,
маман ретінде дамуына ойлау, ой қорыту, есте сақтау, елестету, ассоциация
сияқты тағы басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жан-жақты,
үйлесімді жетілуіне бағытталған оқыту түрі. Омонимдерді оқыту барысында
білім алушының психологиялық ерекшеліктері ескеріледі де, қабілеттерін, тілін
дамытатын, ойлау дағдысын (мәселен, сыни ойлау) қалыптастыру үшін арнайы
тапсырмалар мен жұмыс түрлері түзіледі. Студенттің жас және психологиялық
ерекшелігін қарастыратын болсақ, 18-20 жас – тұлғаның рухани-адамгершілік
және эстетикалық сезімдерінің белсенді даму кезеңі, мінезінің қалыптасуы мен
тұрақтану кезеңі. Ең бастысы ересек адам ретіндегі азаматтық, кәсіби-
мамандық тағы да басқа әлеуметтік рөлдерінің толықанды кешенін игеру кезеңі
саналады.
Студенттік жастың ерекшелігі сол, бұл кезеңде интеллектуалды және
физикалық дамудың көптеген оптимумдарына қол жеткізіледі. Алайда осы
кезеңде тұлғаның даму мүмкіндіктері мен оны шынайы түрде жүзеге асыруда
қайшылықтар да кездеседі. Мұндай қайшылықтардың сипаты туралы
Л.Д.Столяренко төмендегідей ой түйеді: «Жастық шақ – өзін өзі анализдеу мен
өз-өзіне баға беру кезеңі. Өзін бағалау идеялы «мен» мен реалды «менді»
салыстыру арқылы жүзеге асады. Алайда идеалды «мен» ол кезеңде әлі толық
түзілмеген болуы мүмкін, ал раеалды «мен» тұлғаның өзімен жан-жақты толық
бағаланбауы мүмкін. Жас адамның тұлғалық дамуындағы осы объективті
қайшылық оның ішкі сенімсіздігін тудырып, сыртқы агрессивтіліктің немесе
түсініксіздік сезімінің пайда болуына әсер етуі мүмкін» [110, 81 б.]
Жоғары оқу орнында білім алу уақыты көп жағдайда жасөспірімдіктің
екінші кезеңімен және ер жетудің алғашқы кезеңдерімен сәйкес келеді. Бұл
кезеңдердегі
тұлғалық
қалыптасудың
күрделі
сипаты
Б.Г.Ананьев,
А.В.Дмитриев, И.С.Кон, В.Т.Лисовский, З.Ф.Есарева, А.Р.Ерментаеваның және
тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Бұл кезеңге тән басты
ерекшелік – іс-әрекет пен мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшеюі.
Жоғары сыныптарда жеткіліксіз көрінген мінез-құлық сапалары – мақсат қою,
шешімталдық, дербестік, қажырлылық, бастамашылық, өзін өзі ұстауы сияқты
сапалары күшейе түседі. Студенттік кезең Б.Г.Ананьеваның айтуынша, «негізгі
социогендік әлеуеттерін қалыптастырушы сентенцивті кезең» [111] болып
табылады. Жоғары білім адамның психикасына және тұлғалық дамуына үлкен
әсер етеді. Жоғары оқу орнында білім алу мерзімінде студенттің психикалық
жағынан барлық деңгейлерде дамиды. Жоғары оқу орнындағы оқу әрекеттері
студенттің кәсіби бағыттағы ойлау әрекетінің ерекшеліктерін қалыптастырады.
Жоғары оқу орнында жүйелі, әрі оңтайлы білім алу үшін мейлінше жоғары
интеллектуалдық даму, қабылдау, ойлау, дүниетаным сияқты сапа белгілер
67
қажет. Бұл қасиеттердің төмендігін оқу әрекетінде көтермелеуге болады.
Жоғары білім алушы болашақ маманның оқу барысындағы әрекеттері мен
психологиялық ерекшеліктері оқу үдерісінің сипатына тікелей әсер етеді. Яғни,
оқытушы білім беру үдерісіндегі қызметтерінің нәтижелі болуына білім
алушының психологиялық жай-күйі әсер етеді. Ал оқу үдерісіндегі
педагогикалық қызмет ғылыми айналымда төмендегідей тұжырымдалады:
«Педагогикалық іс-әрекеттің презентативті қызметі білім алушыларға оқу
материалының мазмұнын түсіндіріп, жеткізуді камтамасыз етеді. Сонда, бұл
қызмет педагогтің оқу материалының мазмұнын баяндап, ұсыну жәйті
бойынша сипатталады. Педагогикалық іс-әрекетте оқытушының инсентивті
қызметі білім алушылардың ақпаратты меңгерудегі қызығушылықтарын оятуға
байланысты анықталады. Бұл қызмет оқыту процесінде педагогтің оқу
материалының мазмұнын шынайы өмір жағдайларымен байланыстыруы;
ғылыми-теориялық білімнің қолданбалы жақтарын ашып, көрсетуі; мәселелік
сұрақтарды көтеруі; тарихи мәліметтерді келтіруі; ғылым-білімнің дамуына
үлес қосқан ғалым-зерттеушілердің көзқарастарын салыстырып, талдауы
сияқты көптеген жолдар мен амалдар арқылы жүзеге асырылады.
Білім
беру
барысындағы
тұлға
болмысын
қалыптастырудағы
психологиялық қатынастарды интериоризация деп аталып жүргендігі мәлім.
Мұндағы басты мәселе оқу мен оқыту үдерісінің психологиялық өзегін
құрайды. Интериоризация құбылысының психологиялық теориясындағы ақыл-
ой мен танымдық әрекеттерді П.Я.Гальпериннің негіздегендігі белгілі. Бұл
теорияда оқытуды басқаруда ақыл-ой әрекетінің дамуына ықпал ету арқылы,
тұлғаның психикалық әлеуетінің жетілуіне ықпал етеді. Яғни, тұлға биология
мен физиология заңдылықтарына негізделген, білім алу мүмкіндігі
физиологиялық қуатына қатысты психологиялық қатынасқа тәуелді екендігін
көрсетеді.
Жоғары оқу орындарында оқитын білім алушылар биологиялық және
әлеуметтік жағынан қарағанда қалыптасқан, мамандықты өз еркімен таңдаған
тұлға деп тануға болады. Арнайы мамандық бойынша оқитын білім алушының
әлеуметтік тұлғасы басты орында тұратындығы белгілі. Яғни, жоғары оқу
орындарындағы білім алушыларға омонимдік құбылыстарды психологиялық
аспектіні басшылыққа алып оқытудың мақсатына білім алушының әлеуметтік
кеңістікте тілдік материалдарды игеруінің нәтижесінде өзінің тұрақты орнын
таба білуіне ықпал етуді көздейді. Сол арқылы білім алушының омонимдік
бірліктерді игерудегі оқу-танымдық әрекетінің белсенділігі артады. Мұндағы
оқу-танымдық әрекет белсенділігінің мазмұн құраушы компоненттерге
төмендегі категорияларды жатқызуға болады:
- білім алушының ақыл-ойының дамуы;
- ойлау әрекетінің дамуы;
- мінез-құлқының дамуы мен қалыптасуы;
- кәсіби бағыттағы анализдеу мен синтездеу әлеуеті артады;
- психикалық процестерге негізделген тілдік дағдысы қалыптасады.
68
Омонимдік бірліктерді психологиялық аспектіде оқытудың астарында
оқу-танымдық әрекеттің бірлестігін негіздейтін білім беруші мен білім
алушының тең дәрежедегі қатынасы басымдыққа ие болады. Білім алушының
оқу-танымдық әрекеттегі белсенділігінің нәтижесінде, тұлға дамуына қатысты
категориялардың өзара байланысымен тұрақты дамуына ықпал етеді. Бұл ретте
білім алушылардың әрбіреуінің жекелеген тұлғалық болмысына ерекше көңіл
бөлу қажет. Сол арқылы білім алушылардың бірінің екіншісіне оқу-танымдық
әрекет арқылы ықпал етуі қажетті материалды сенімді түрде игеруіне мүмкіндік
береді. Ал білім алушының теориялық ойлауы мен сөйлеу дағдысын
дамытудың психологиялық негіздеріне студенттің жан әлеміндегі психикалық
үдерістердің болмысын көрсетіп, оларға омонимдік құбылыстар туралы
теориялық білім мазмұнын игерту арқылы ойлаудың терең жолдарын
қалыптастырудың заңдылықтарын анықтауға ықпал етеді.
Бүгінгі таңдағы психология ғылымында тұлғаның шығармашылық
әлеуетінің болу қажеттігі өзекті мәселелердің қатарынан орын алып жүр.
Мұндағы шығармашылық әлеуеті дегенде дара тұлғаның өзіндік даралығын
көрсететін ойлау мәнері, шешім қабылдай білуі, өз-өзіне деген сенімділігі,
сөйлеу дағдысының қалыптасуы секілді мәселелерді жатқызуға болады. Дара
тұлғаның шығармашылық әлеуетіне психо-физиологиялық ерекшеліктері мен
генетикалық болмысы, яғни, адамның ішкі сапалары мен сыртқы факторлардың
үйлесімі шығармашылық үрдісте өзара әрекеттестікке түсіріп, тұлғаның жаңа
сапалық деңгейге көтерілуіне ықпал етеді. Мысалы: омомнимдерді меңгертуде
заманауи тұрғыдан алсақ, жаңа технологиялардың негізінде түрлі
бағдарламалар жасалып, автоматты түрде омоним танудың жолдарын
құрастыру арқылы студенттің қызығушылығын арттыруға болады.
Білім берудің психологиялық негізінде дара тұлға бойындағы сапалар
кешенін әлеуметтік аспектіде қараудың қажеттігі маңызды болып табылады.
Сол арқылы тұлғаның өзіндік сапасы мен адами болмысының ерекшелігін
көрсетуге болады. Лингвистика ғылымында сөйлеуші адамды зерттеуге деген
басымдықтың артуына соңғы уақыттағы сөйлеу дағдысы, ойлау мәнері,
танымдық әрекеті, психикалық ерекшелігі, қарым-қатынас жасау актілеріндегі
өзгерістермен байланыстыруға болады. Мұндағы ғылыми бағыттың туындауын
Б.Д.Парыгин ұсынған тұлғаның жекелік қасиеті (персонификация личности)
деген теориясымен сабақтастыруға болады [112.]. Ал тұлғаның даралық
болмысын индивидтің дербес өзіне ғана тән жаратылысы, сөйлеу дағдысы,
өмірлік ұстанымы, жүріс-тұрыс стилі, қайталанбас қасиеттері құрайды. Яғни
«Тұлғаның жекелік қасиеті – бұл жеке тұлғаның даму және өзгеруінің бүтіндей
кешені, оған тұлғаның рухани баю үдерісі, өзіндік санасының өсуі, рухани
әлеуетінің кеңеюі кіреді. Ол тұлғаның қажеттіліктерінен көрінеді: танымдық
(таным қажеттілігі мен өзіндік сананың дамуы), коммуникативтік (рухани
қарым-қатынас, түсіну және мойындау қажеттілігі), конструктивтік (өзін
көрсету, өзін-өзі мойындату және шығармашылық іс-әрекет қажеттілігі). Бұл
үдеріс негізінде әрине жеке тұлғаның әлеуметтік ортаның талаптарын меңгеруі
жатады, яғни әлеуметтік қатынастар жүйесіне енеді, соның нәтижесінде жеке
69
тұлға қалыптасады. Демек, тұлғаның жекелік қасиетін екі жақты бір жағынан,
тұлғаның әлеуметтік ортаға бейімделуі тұрғысынан, екінші жағынан тұлғаның
өзіндік қайталанбас жекелік сипаттары тұрғысынан қарастыруға болады.
Аталған үдерістің екі жағы да бір бірімен диалектикалық тұрғыда өзара
байланысты» [113, 60-61 бб.].
Н.Оразахынова: «Білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру оның
философиялық,
психология-педагогикалық
негіздерін,
теориясы
мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Соңғы кездері білім беру
жүйесінің барлық деңгейлеріне жаңа технологиялар енгізіліп, оқыту мазмұны
тұлғаны дамытуға, оқушының дербес психологиялық ерекшеліктерін, өзіндік
қажеттері мен мүмкіндіктерін жетілдіруге бағыт алып отыр. Сөйтіп, бүгінгі
философтар мен педагог-ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту
технологиялары мен әдістерін енгізумен шектелмей, білім берудегі
дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, философиялық тұғырнамасының
руханилық, гуманистік ұстанымдарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде»
[114, 33 б.] – деген пікірінен білім беру барысындағы психологиялық
қатынастың тұлға болмысына ықпалының зор екендігін көрсетеді.
Оқытушының педагогикалық іс-әрекеттегі түзетуші қызметі білім
алушылардың оқу әрекетіндегі, тұлғалық дамуындағы мәселелік жақтарға
бағытталады. Бұл қызмет жастардың оқу-танымдық, оқу-кәсіби іс-әрекет
нәтижелерін талапқа сай түзетіп, салыстыру міндеттерін шешеді.
Педагогикалық іс-әрекеттің айқындаушы қызметі оқытудың, тәрбиелеудің және
дамытудың барысын, тиімділігін, нәтижесін зерттеп, білуге мүмкіндік береді.
Бұл қызметтің арқасында білім беру процесінде кері байланыс жүзеге
асырылады» [115, 137 б.]
Филологиялық бағыттағы педагогикалық мамандықтар бойынша білім
алушы студенттердің маман ретінде, қоғамның жоғары білімді тұлғасы ретінде
қалыптасуы белгілі бір психологиялық шарттарға негізделеді. «Осы орайда
жоғары мектептегі білім беру барысында студенттерді дамытудың басты
психологиялық шарттарына мыналарды жатқызуға болады:
– оқытушының іс-әрекеті, қарым-қатынасы, тұлғалық болмысы оқу тәрбие
процесін ізгілендіруге бағытталуы тиіс;
– білім мазмұны мен оның іс жүзіндегі нәтижелеріне қатысты оқытушы да,
студенттер де өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі таныта алуы керек;
– психологиялық даму идеяларын анықтауда, оларды тәжірибе жүзінде
іске асыруда жоғары мектепте кәсіби білім берудің жалпы талаптарымен қоса,
студенттердің тұлғалық, этнопсихологиялық ерекшеліктері, бейінді жақтары,
субъектілік мүмкіндіктері ескерілуі қажет;
– жоғары мектептегі оқу-тәрбие процесінде бірлескен іс-әрекетті жүзеге
асыру керек;
– білім беру процесі «субъект-субъект» негізіндегі қарым-қатынасты өзекті
етуі және дамытуы тиіс;
70
– жоғары мектептегі студенттердің тұлға және маман ретінде үздіксіз
дамуына бағдарлану топтық және жеке-дара психологиялық технологияларға
тіректелуі қажет [115, 154-155 бб.].
Жоғарыда баяндалған тұжырымдар тілдік жүйедегі омонимдік
құбылыстарды меңгертуде де басшылыққа алынады. Олай болатыны
«Лексиканы, оның ішінде көпмағыналы сөздер мен омонимдерді оқытуды
жалпы педадгогикалық процестен бөліп қарауға болмайды. Қайта ол сол
педагогикалық процестің маңызды да, қажетті бір бүтін бөлігі ретінде қаралуға
тиіс. Адамның жеке санасын тәрбиелеуде сол адамның сөйлей білу қабілетінің
қаншалықты мәнді екенін ескертетін болсақ, көпмағыналы сөздер мен
омонимдерді оқытудың тек лексикамен емес, бүкіл оқу процесімен тығыз
бірлікте, байланыста жүретін, бөлінбейтін, қайта бірін-бірі толықтырып,
байытып отыратын дүниелер деп қарауымыз қажет» [10, 37 б.].
Біз Ә.Әлметованың омонимдерді оқыту мәселесі жөніндегі жоғарыдағы
пікірімен қосыла отырып, тілді оқыту сабақтары тұлғаның психологиялық
тұрғыдағы болмысын қалыптастыруда мағызды орынға ие екендігін
мойындаймыз. Олай болатыны, тілді оқыту күнделікті өмір тәжірибесімен
тығыз байланысты. Мәселен, омонимдік құбылыстарды қатысымдық тұрғыдан
меңгертуде тілдік материал күнделікті тілдік жағдаятта, қарым-қатынаста
сарапталады. Бұл өз кезегінде білім алушының тұлғалық жағынан өз бетімен
жетілуіне, сол арқылы өз бетінше қалыптасуына жеткізетін амал бола отырып,
білім алушының теориялық мәселені ой елегінен өткізуіне, анализ және
синтездік ой процестерінің дағдылы түрде жүйеленуіне әсер етеді. Омонимдік
құбылыстарды оқыту нәтижесінде білім алушының психикалық даму
үдерісінде жаңа құрылымдар пайда болады. Білім алушы тілдік материалды
игере отырып, ойлау еркіндігі мен іздену, ғылыми негізделген шешім қабылдау
дағдылары қалыптасады да, ол дағдылар студенттің тұлғалық ерекшелігіне әсер
етеді.
Қазақ тіліндегі омонимдік құбылыстардың танымдық мағынасын игерту әр
студенттің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, омонимдік
бірліктерге деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру мақсатынан туындайды.
Тұлға даралығын көрсететін психологиялық ерекшеліктер сыртқы фактордың
(дүниетанудаға ақиқат әлем) әсерінен білім алушының сана-сезіміне әртүрлі
әсер етеді. Мұндағы психикалық әсер бейнесін тудыруда психологиялық
құбылыстардың атқаратын қызметін білім алушының жас ерекшелігі мен
этнотанымдық болмысымен сабақтастыру қажет.
«Оқыту процесі оқушыда жаңа ұғымдар туғызу, оларды жүйеге келтіру, өз
өміріне қажет тұстарда дұрыс пайдалануға үйрету мақсатын көздей отырып
ұйымдастырылуы керек. Мұнда оқушының өздігінен ой тұжырымын жасап
отыруына қажетті жағдайлар ескеріліп отырылады. Өйткені ой тұжырымы
арқылы ғана баланың бастапқы білімінің негізінде логикалық жолмен жаңа
білім алу мүмкіндігі кеңейеді. Таным процесіне сезімдік те, рационалдық та
өзара байланыста қатысады. Сондықтан білім – осы екеуінің диалектикалық
бірлігі болып саналады. Бұл жердегі білім кісілікті қалыптастыратын бір
71
фактор ретінде ғана емес, субъектінің өмір сүруінің алғышартын
қалыптастырушы ретінде де қызмет етуі көзделеді» [97, 108 б.].
Білім беру барысында омонимдік құбылыстардың ерекшелігін таныта
оқыту білім алушының логикалық ойлауына оң әсер етеді. Дәл мұндағы ойлау
жүйесінің дамуы, субъектінің өзін-өзі тануына жол ашады. Осы арқылы білім
алушының рефлексиясын дамытып, өзін қоршаған ортада өзіндік орнын
анықтауына мүмкіндік береді.
Омонимдік құбылыстарды психологиялық аспектіде оқытудың негізінде
білім алушыларға омонимдердің когнитивтік-семантикалық өрісіне қатысты
жаңа ғылыми ұғымды меңгертуді мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруға
болады:
1) оқытушы антропоөзектік парадигма аясында жаңа лингвистикалық
жағдаяттар туралы ақпараттарды таныстырады және соған қатысты міндеттерді
шешу жолдарын көздейді;
2) берілген лингвистикалық материалға жаңа көзқарас аясында өзгертулер
мен өңдеу жасалады, сол арқылы білім алушы омонимдік құбылыстардың
бойындағы танымдық мағынаны анықтайды;
3) омонимдік құбылыстарға қатысты танылған жаңа мәліметтер мен
қатынастарды когнитивтік аспектіде модельдейді.
Жоғарыда аталған кезеңдер негізінде, білім алушы көптеген көркем
әдебиеттерді оқып, ғылыми материалдарды зерттеп, омоним сыңарларды бір-
бірінен ажыратуға мүмкіндігі артады. Қазақ тіліндегі омонимдік құбылыстарды
когнитивтік-семантикалық аспектімен астастырып, психологиялық негізін
басшылыққа алып оқытуда сөз байлығын белсенді пайдалану дағдылары
қалыптасады. Омонимдік құбылыстарды психологиялық негізде оқытуда
теориялық материалдар есту, қабылдау үдерістері арқылы алдымен аз уақыт
сақталатын есте қабылданып, содан кейін олар түрлі тапсырмалар мен
жаттығуларды орындау нәтижесінен кейін, ұзақ сақталатын ес процесіне
ауысады. Психологтардың пайымдауынша, білім алушылар жаңа материалды
қабылдағаннан кейін, дереу оларға түрлі тапсырмалар орындату қажеттігі
айтылады. Яғни, мұнда қабылдау процесінің маңызы ерекше. Ал қабылдаудың
өзі есту, көру, сезу және кинетикалық қабылдау секілді бірнеше түрлері бары
белгілі. Демек, омонимдік құбылыстарды психологиялық негізде оқытуда
қабылдаудың орны ерекше.
Танымдық әрекеттің бір түрі – қабылдау. Жоғары оқу орындарында
омонимдік құбылыстардың психологиялық негізін оқытуда сөз мағыналарының
мағыналық өрісін игеру үшін қабылдаудың маңызы зор. Омонимдік бірліктерді
меңгерту қабылдаудан басталады. Лексикалық бірліктерді меңгертуде есту,
көру, сезу, түсіну арқылы омонимдік бірліктерді мәнмәтінде тиімді пайдалануға
болады.
Тілдік бірліктерді оқытудың психологиялық ерекшелігін анықтауда
лингвистикалық пәндерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындап көрсету
қажеттігі туындайды. Бұл мәселеге қатысты Н.Құрманова: «Психологиялық
зерттеулер, көп ретте, лингвистикалық эксперименттер жүргізіле отырып,
72
мәселені тануға мүмкіндік беретін кейбір әдістерді анықтайды. Адамның «ішкі
тілі» сөздің семантикасымен, мәнді қырымен операциялар жасайды. Сөздің
семантикалық мәні сөздің мағынасынан гөрі әрі кең, әрі өзгермелі, қозғалмалы,
динамикалық болмысы айқын болып келеді [116]. Осындай ерекше
қасиеттерінің арқасында сөздердің семантикасы, Л.С.Выготскийдің сөзімен
айтқанда, мәндердің біріне екіншісінің еніп кетуіне, нығыздала түсуіне
мүмкіндік береді. Бұл – тіл экономикасының табиғатынан туындайтын
заңдылықтар болса керек. Сонда, сыртқа сығымдалып, нығыздалып
шығарылған тілдік формалар, шын мәнінде, ішкі, кең түрдегі жылжымалы,
логикалық операциялар нәтижесінде ерекше күйге түскен семантиканың
болмысын білдіріп тұрады» [117, 52 б.] – деген пікірінен лингвистикалық
категориялардың білім мазмұнын жеткізуде психологиялық мәнділіктің тұлға
болмысын дамытуға ықпалының күшті екендігін көрсетеді.
Тілдегі омонимдік құбылыстардың психологиялық негізін оқытуда тек
«омонимияға» тән сырт белгілер арқылы жасалатын қарапайым ұғымға емес,
теориялық деңгейге жетуге жол салатын омонимдік ұғымға жетуге негізделеді.
Жоғары оқу орындарында омонимдік құбылыстардың психологиялық негізін
оқытуда білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары олардың
жас мөлшері мен психикалық таным процестеріне, тұлғалық даралығына
негізделеді. Сол арқылы білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру дәрістерінде түйсіну, қабылдау, ес, ойлау, қиял
ерекшеліктері және темперамент, мінез, қабілет ерекшеліктеріне негізделіп
жүргізіледі.
Б.Қасым: «Адам заттар мен құбылыстарды танып білу нәтижесінде жаңа
атаудың өзіне ғана тән белгіні таңдауы, дүниетанымына байланысты белгілеуі
атаудың ұғымдық белгісі болып саналады. Ұғымдық, танымдық белгі адам
санасында қалыптасқан өмірде бар заттар мен құбылыстарды ұқсату, елестету
арқылы таңдалынып, жаңа атау жасалуына арқау, өзек болады» [118, 56 б.].
Әдістеме ғылымында оқытудың психологиялық негізінің астарында
омонимдік құбылыстардың танымдық мағыналық қатпары мен психологиялық
әсері мәнмәтін арқылы көрінеді. Сонымен қатар тұлға дайындау мен
шығармашылық үрдісті дамытудың тұжырымдамасын жасауға негіз болады.
Омонимдік бірліктер туралы білім мазмұнының психологиялық негізінде
оқушының таным процесі толысып, тілдік құзыреттілігі артады.
Омонимдік құбылыстарды оқытудың психологиялық негізінде білім
алушының оқу-танымдық қызметінің өзіндік болмысында бар таным әрекетінің
мүмкіндіктерін дамыта отырып ұйымдастырылады. Омонимдік құбылыстардың
когнитивтік семантикасы арқылы білім алушы өзінің лингвистикалық
құзыреттілігін танып-біліп, белгілі бір міндетті шешу барысында
психологиялық негіздемелерді басшылыққа алу арқылы, білім мазмұнын
теориялық және қолданбалы тұрғыда меңгеруге қол жеткізеді. Сол арқылы
өзінің дара тұлғалық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ғылыми білім алу
барысында танымдық материалды өз бетімен де ізденетін және тани алатын
болады [119].
73
Тілдегі омонимдік құбылыстардың лингвистикалық табиғатын жан-жақты
– халықтық, ұлттық, антропогенді таным негізінде тану үдерісі гуманитарлық-
педагогикалық бағытта жоғары білім алушы студенттің жоғары психикалық
функцияларын, яғни олардың салыстыру, талдау, абстракциялау, жалпылау,
нақтылау, қорытындылау, болжау, шешімін түзу сияқты даралық
қабілеттерінсіз жүзеге аспайды. Олай болатын себебі, омонимдік
құбылыстарды тану студенттердің логикалық ойлауына негізделеді.
Студент сыртқы және ішкі түйсіктері арқылы омонимдік құбылыстарды
меңгерту тапсырмаларында сөздердің мағыналарын олардың өзіндік
ерекшеліктерін жаңа білімге дейін түсінеді, омонимдік сипаттағы сөздер мен
олардың айтылым, тілдесім, тыңдалым, оқылым және жазылым түріндегі
мәнмәтіндік құрылымдардағы мағыналарын біледі, осы мағлұматтарды ғылыми
бағытта талдау және жинақтау ойлау операциялары нәтижесінде игерген білімі
арқылы жүзеге асады. Топтастыру, қорыту, жалпылау ой операциялары
көмегімен меңгерген білімінің негізгі белгілері туралы ой қорытады.
Омонимдік құбылыстарды оқытудың психологиялық тұрғыдан негізделуі
студенттің оқу әрекеті барысындағы кәсіби тілдік қатынасқа түсу
мотивациясынан да көрінеді. Студенттердің білім беруші субъектілермен (өзге
білім алушылар және оқытушылар құрамымен) тілдік қатынас жасау
әрекетіндегі негізгі психологиялық мотивация, ең алдымен, ақпарат алу, білім
деңгейін тереңдету мақсатына негізделсе, екіншіден, қарым-қатынас үдерісі
нәтижесінде оқу әрекетіндегі өзге тұлғалардың білім аясы негізіндегі
көзқарастарын ескере отырып, өзара түсіну қағидасымен білімді толықтыруды
жүзеге асыру болып табылады. Психологиялық мотивация қарым-қатынас
жағдайларында түрліше мазмұнда көрініс береді.
Тілді кәсіби маманның зерттеу нысаны ретінде меңгертуде білім
алушылардың жеке тұлға ретіндегі мінезіне, ұлттық, психологиялық, жастық
ерекшелігіне, тұлғалық сапасына көңіл аударылады. Білім алушының
темпераменттік және тағы да басқа дербес психологиялық ерекшеліктері тілдегі
теориялық мәселені қажетті әдістемелік әрекеттер арқылы шешуде де тиімді
пайдалануға болады. Әдістемелік әрекет аясындағы жұптық не топтық оқу
әрекеттерін ұйымдастыру мәселесінде білімгерлердің дербес психикалық-
темпераменттік қасиеттері негізге алынады. Мұндай сипаттағы негіздеу оқу
әрекеті нәтижесінің сапасына да, жеке тұлғаның психикалық қалыптасуына да
әсер етеді. Себебі, «тіл үйрету процесінде психикалық процестердің табиғатын
ескеру – аса маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, оқыту тәжірибесі
көрсеткендей, интуитивтік оқыту тиімсіз болып табылады [120, 59 б.]. Тіл
теориясына қатысты мәселені игерудегі ғылыми проблемалық жағдаятты шешу
мен пікірін дәлелдеу кезіндегі білім алушының темпераментінен туындап
жататын әрекеті лингвистикалық сабақтар барысында бір ізге түседі. Мысалы,
омонимдік құбылыстардың когнитивтік-семантикалық сипатымен байланысты
жайттарын сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде тұжырымдау
барысында студент-тұлға өзгелердің пікірін тыңдауға, төзімділік танытуға,
ойын ұтымды пайдалануға, шебер әрі жылдам ойлауға дағдыланады.
74
Омонимдерді оқыту тілдің таным табиғатымен, халық дүниетанымымен,
когнитивтік сана деңгейлерімен тікелей және жанама түрде байланысты
болғандықтан, білім алушының сана және ойлау дағдысын қалыптастырады.
Болашақ маманның оқу үдерісіндегі дағдылары ғылымға бағытталған
шығармашылық бағытта ойлауға бағатталады. Осы бағытта төмендегідей
әрекеттер орындалғаны жөн деп білеміз:
1. Білім алушының қиял ұшқырлығына кедергі келтірмеу. Қиял не болжам
нәтижесін ақиқат шындық ретінде дәлелдеуіндегі ғылыми логиканы
басшылыққа алу;
2. Игерілетін ақпаратты ой елегінен өткізуде ғылыми, логикалық т.б.
қайшылықтарды сезімталдықпен байқауға және формалды-логикалық
қайшылық пен қателіктің ара-жігін ажырата білуге дағдыландыру;
3. Омонимдік құбылыстардың меңгертуге бағытталған оқу әрекеттерінде
ашық типті тапсырмаларды, яғни дұрыс шешімін ой, пайым арқылы табатын
тапсырмаларды қолдану. Бұл ойлаудың жылдамдығы мен икемділігін
қалыптастырады;
4. Оқытудың проблемалық әдістерін кеңінен қолдану. Проблемалық
әдістермен оқыту білімнің дайын күйінде емес, жеке тұлғаның ой елегі
нәтижесінде қалыптасады;
5. Жоғары
оқу орнының оқытушылар құрамымен бірлестіктегі
зерттеушілік әрекеттер. Мұндай әрекеттер болашақ маманның зерттеушілік
бағытында дербес жұмыс жасауға дайындайды.
Филологиялық
мазмұнда
педагогикалық
білім
алушылардың
психологиялық тұрғыдағы шығармашылық ой және әрекет еркіндігін
қалыптастыруда тұлғааралық қарым-қатынастың рөлі ерекше. Білім беру
саласындағы көптеген жаңа технологиялар мен әдістемелердің психологиялық
негізделуі
«субъект-объект»
қатынасындағы
емес,
«субъект-субъект»
негізіндегі оқу әрекеттестігіне басымдық береді.
Жоғары оқу орнындағы филологиялық білім аясында омонимдік
құбылыстарды меңгертудің психологиялық негіздерін оқытудың тұрақты
бөлігінің бірліктеріне саналады. Оқытудағы психологиялық тұрғыдан
әрекеттестікті төмендегі кешенді бірліктерден көруге болады:
Кесте
3
–
Пәнді оқыту барысындағы психологиялық әрекеттестік
Достарыңызбен бөлісу: |