Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет58/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

білім беруші, тәрбиелеуші
қалыптастырушы және дамытушы. 
Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық үдерістер аясындағы келесі 
заңдылығы – оқу-тәрбие әрекетінің білім алушының рухани қажеттіліктері мен 
танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі. Бұл заңдылық педагогикалық 
үдерістегі 
барлық 
субъектілердің 
қызмет 
бағытында, 
мамандықты 
әлеуметтендіру мен кәсіби дайындау жұмысында студенттердің ішкі рухани 
қажеттіліктерін ескеруді міндеттейді. Яғни оқу үдерісінде студенттің рухани 
қажеттілігі мен танымдық мүмкіндіктері ескерілмесе, білім мазмұны жетілікті 
болғанымен оқытудың нәтижелігіне әсер етеді.


81 
Жоғары мектеп педагогикасындағы келесі заңдылық мамандық пен 
әлеуметтік ерекшеліктерді ескеруден туындайды. Жоғары оқу орнында білім 
беру барысындағы мазмұнды әлеуметтік үдерістер аясында модельдеу және 
студенттерді реалды әлеуметтік ортадағы әрекеттерге дағдыландыру – қазіргі 
білім беру ісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл заңдылық жоғары оқу 
орнындағы білім мазмұны мен үдерістердің болашақ маманның әрекет 
ортасымен табиғи байланыс орнатуы үшін қажет.
Педагогика ғылымы жас ұрпаққа білім берудің, тәрбиелеудің, болашақ 
қоғамның толыққанды мүшелерін қалыптастырудың жолдары мен амалдарын 
айқындауды мақсат ете отыра, өз теорияларын жоғарыдағыдай заңдылықтар 
мен қағидаларға негіздейді. «Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – 
бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен 
заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нәтижелері арасындағы 
жалпы, объектив, тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен 
тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса 
маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе 
дидактикалық принциптер деп аталады» [129, 70 б.].
Жоғары оқу орындарында омонимдік құбылыстардың педагогикалық 
негізін оқытудың 
мақсаты
– білім алушыларға омонимдік бірліктің 
лингвистикалық табиғатын меңгерту арқылы,
 жан-жақты толысқан білім мен 
тағылымды тәрбие беру, 
соның нәтижесінде дара тұлға ретінде қалыптастыру. 
Ал бұл мақсатқа жетудің жолында мынадай міндеттемелерді шешу қажет: 
-
омонимдік бірліктердің лингвистикалық ерекшелігін білу
-
омонимия құбылысы арқылы ұлт тілінің этномәдени болмысымен 
танысу; 
-
қоғамдық қажеттіліктің сұранысына қарай біліммен қаруландыру; 
-
білім алушының ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
-
шығармашылық ойлау мәнерін жетілдіру т.б. тұлға болмысын 
қалыптастыруға қатысты педагогикалық категорияларды дарыту.
Омонимдік құбылыстарды оқытудың педагогикалық мазмұны – объект 
болмысын тану мен танытудың жолдарына негізделеді. Оқытудың 
педагогикалық мазмұны пәннен берілетін білім мен соған қатысты 
қалыптасатын дағды мен іскерліктен тұрады. Педагогикалық мақсаттағы 
қағидалар оқу іс-әрекеттерінде ғылыми тұжырымдалған нұсқаулық нормативтік 
сипатта көрініс табады. Бұл қағидалар педагогикалық іс-әрекеттің негізін 
қалайды, берілетін білімнің осы қағидалар бойынша түзілуін қатаң талап етеді. 
Қазіргі заманғы оқу жүйесінде дидактикалық қағидалар бүгінгі таңдағы 
қоғамдық, адамзаттық негіздерге сәйкес орныққан. Педагогика саласының 
мамандары ұстанымдарды төмендегідей түзеді: «Педагогикалық ұстанымдар: 
-
түсініктілік ұстанымы 
-
жүйелілік және бірізділік ұстанымы; 
-
оқытудың ғылымилық ұстанымы;
-
оқыту үдерісінің мақсаттылық ұстанымы; 
-
саналық пен белсенділік ұстанымы


82 
-
көрнекілік ұстанымы; 
педагогикалық үдерістің бағыттылық ұстанымы» [130, 204-215 б.].
Ж.Ә.Әбиев, С.Б.Бабаев, А.М.Құдияровалар төмендегідей ұстанымдар 
жүйесін ұсына отырып, осы ұстанымдар мен ережелер байланысына тоқталады: 
-
ғылымилық; 
-
саналылық пен белсенділік; 
-
көрнекілік; 
-
жүйелілік пен бірізділік; 
-
беріктілік; 
-
тиімділік; 
-
теория мен тәжірибенің байланыстылығы [131, 149 б.]. 
Г.Ғ.Еркебаева тілді оқытудағы сөздіктерді қолдануда әдістемелік түйін 
жасап, оқыту әрекетін төмендегідей ұстанымдарға негіздейді: 
1) дамыта оқыту ұстанымы; 
2) теория мен тәжірибенің байланысы ұстанымы; 
3) ғылымилық ұстанымы; 
4) саналылық ұстанымы; 
5) белсенділік ұстанымы; 
6) бірізділік ұстанымы; 
7) түсініктілік ұстанымы; 
8) көрнекілік ұстанымы; 
9) ұжымдық оқыту ұстанымы; 
10) білім беріктігі ұстанымы [132, 121 б.]. 
А.Керімбекова педагогикалық ұстанымдардың маңызы жайлы: «Оқыту 
үрдісінде кез келген оқытушы дидактиканың ұстанымдарын басшылыққа ала 
отырып, оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын 
таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Оқытушы 
дидактикалық ұстанымдарды дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса, 
сабақтың тиімді және нәтижелі болары даусыз», [133, 149 б.] - дейді.
Р.Рахметова өз еңбегінде ұлттық педагогика ғылымындағы авторларды 
саралай келе, «Мағжан Жұмабаев мұрасындағы дара тұлғаны қалыптастыру 
технологиясы аясында білім алушы мен мұғалім арасындағы ұлттық тәлім-
тәрбиеге құрылған достық қарым-қатынасты орнату» [100, 37 б.] ұстанымы, 
жаңа білімді ескі білімге байлап оқыту сияқты ұстанымдарын зерделейді.
Ж.Даулетбекова сөз мәдениетін оқыту барысындағы дидактикалық 
ұстанымдарды дәстүрлі және арнайы ұстанымдар деп бөліп қарастырады [97].
Қазақ тіліндегі омонимия құбылысын оқытудың педагогикалық 
мақсаттары мен өзіндік ұстанымдары болмаса білім мен тәрбие беруге тиісті 
материалды тұлғаның бойына жүйелі түрде жеткізу мүмкін емес. Омонимдік 
құбылыстарды оқытуда тұрақталған педагогикалық немесе дидактикалық 
ұстанымдарды ескере келе, омонимдердің когнитивтік семантикалық табиғатын 
түсіндіруге қатысты педагогикалық ұстанымдарды негіздеуге болады. Тілдік 
жүйедегі омонимдік бірліктерді меңгертуде педагогикалық ұстанымдардың 
қай-қайсы да маңызды рөл атқарады. Өйткені, біріншіден, тілдің ғылыми 


83 
тұжырымдары жалпы ғылыми-логикалық заңдылықтар аясында негізделсе, 
екіншіден, тілді оқыту, меңгерту ісі педагогикалық үдерістер мен 
заңдылықтардың аясында жүзеге асады. Біз өз тарапымыздан қазақ тіліндегі 
омонимдік тілдік бірліктерді когнитивтік-семантикалық тұрғыдан жоғары оқу 
орнында оқытуда төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алған орынды деп 
санаймыз: 
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет