91
көрсетіледі. Көрсетілген модель арқылы студенттің, бірдей жазылатын бірақ
мағынасында әртүрлі мән бар екендігі туралы түсінігі қалыптасады. Кез келген
омонимдік жұптың арасындағы алшақтықты ажырату да осы секілді
парадигматикалық қатынастар негізге алынады.
Тілдегі омонимдік бірліктерді оқытуда
ұлттық санадағы танымдық
бейнесін көрсетуде мынадай мысалды ұсынуға болады. Омонимдік қатарға
ұлттық тілдегі «Ұршық» лексемасы омонимдік сипатта қолданылып, этностың
когнитивтік санасында омонимдік мағынада жұмсалады. Ал омонимдік
қолданыстар мәтін мазмұны мен когнитивтік семантикасына қарай
ажыратылады.
Сурет 4 – Ұлттық танымдағы сөздерді оқытудың үлгісі
Ұлттық код – ең әуелі,
тілімізді, сосын дәстүріміз бен салт-санамызды,
мінезімізді айқындайтын ділде және ұлттық мәдениетте екенін білеміз. Қазақ
халқының тағлымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы оның ішкі
дүниесімен, ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен
біте қайнасып,
парасатпен шырайланған. Ал сол ұлттық кодымызда ізгілік те, адалдық та,
перзенттік инабаттылық та, адамгершілік пен қатар парыз, этикет, ақыл-
парасаттылық молынан көрініс тауып, кеңінен қамтылған.
Қорыта
айтқанда, омонимдік құбылыстардың когнитивтік семантикасын
жаңа технологияларды қатыстыру арқылы оқытудың педагогикалық негізінде
тұлға болмысын қалыптастырудағы жүйелі мақсат пен білім мазмұны жатуы
тиіс. Омонимдік бірліктерді оқытуда ұстаз шеберлігі арқылы шәкірттің кісілік
келбеті, сөйлеу әдебі, ойлау қабілеті, сапалы білімі мен саналы тәрбие беріледі.
92
Тілдегі омонимдік бірліктерді оқытудың педагогикалық тұрғыдан дұрыс
негіздеу нәтижесінде: а) білім алушылардың
еркін және шығармашылық
тұрғыда ойлауға мүмкіндік береді; ә) білім алушылардың тіл байлығы мен
сөздік қоры жетіліп, лингвистикалық білімі дамиды; б) өз ойын ашық
жеткізудегі өз-өзіне
деген сенімділігін арттырып, қоғамдық-әлеуметтік ортада
өзін еркін ұстай білуге дағдыландырады; в) ғылыми-шығармашылық әлеуетін
күшейтіп, әлеуметтік ортада өзін-өзі ұстауға, бар білімін көрсетуге мүмкіндік
береді; г) білім
алушылар өздігімен білім алып, тұлғалық дағды қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: