93
әрекеттердің маңызды құрамдас бөлігін құрайды. Жоғары оқу орнындағы
омонимдерді оқыту үдерісі білім алушыға тек ақпараттық сипаттағы білім мен
механикалық сипаттағы дағдыларды ғана қалыптастыруды көздемейді.
Сонымен бірге тұлғаны психологиялық жағынан кәсіби әрекет аясына сай
дамытуды мақсат тұтады.
5. Омонимдік бірліктерді оқытудың психологиялық
негізінде білім
алушылардың ойлау әрекеттері, ойлау мен сөйлеу әрекеті жүйеленеді. Сол
арқылы жазбаша және ауызша сөйлеу тілі (сөйлеудің этикеті мен сөз мәдениеті)
дамиды. Омонимдік құбылыстарды оқытудың психологиялық негізінде білім
алушының сезінуі арқылы алған ақпараттарды өңдеп, сезімдік әрекеттерден тыс
нәрселерді танып білуіне мүмкіндік туады.
6. Омонимдерді оқыту тілдің басқа да мағыналық және құрылымдық
бірліктерін оқыту бағдарлары сияқты жалпы педагогикалық заңдылықтар мен
қағидаларға сүйенеді. Педагогика ғылымының заңдылықтары мен дидактикасы
омонимдік құбылыстарды оқытудың негізгі алғышарттарын түзіп, оқыту
үдерісінің нәтижелі болуына кепіл болады.
Омонимдерді оқытудағы басты
меже мен күтілетін нәтиже тұлғаның бойында білім мен оны кәсіби деңгейде
қолдана білу болғандықтан, педагогикалық қағидалар қоғамдық мәнмәтіндегі
тұлға мен білім мазмұнын қабат қамтиды.
7. Омонимдік құбылыстарды оқыту барысындағы білім алушылардың
оқу-танымдық әрекетінің нәтижелілігі мен шынайылығын педагогикалық
үдерістер айқындайды. Омонимия құбылысын жоғары оқу орындарында оқыту
әдістемесі, бір қарағанда қалыпты бағдарламалық талапқа сәйкес үрдіс
секілді
көрінеді. Алайда омонимдік бірліктерді оқытудың өн бойында танымдық
әрекеттердің небір күрделі түрлері мен сатылары жүргізіліп, түрлі логика-
философиялық тұжырымдар жасалып, соның нәтижесінде білім алушының
рухани жан әлемі мен тәлімдік-тәрбиелік дағдысы қалыптасып жатады.