Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет51/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Тағыдай
таңдап су ішкен, 
Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген. 
Тағы
сынды ер едік, 
Тағы
келдік тар жерге
Таңдансаң 
тағы
болар ма?! 
Поэтикалық тіл иесі – халықтық дүниетанымның өкілі. Тіл арқылы 
репрезентацияланған ұғымның ұлт философиясы мен танымындағы 
концептосферасындағы 
«таза», «адал» «азат», «еркін» 
мәндері оқыту 
барысында логика-философиялық білім негіздерін қолдану арқылы ашылады. 
Омонимдердің когнитивтік-семантикалық өзегіндегі антрополингвистикалық 
білім мазмұны да философия негіздерімен сабақтас келеді. Осы себепті де 
аталған тілдік құбылысты философиялық негізде түсіндіруде оның ұлттық 
болмыстағы мәні толыққанды ашылады. Осы омонимдік қатар құраушы 
лексикалық бірліктердің әдеттегі тіл тұтынушысындағы қолдану жиілігінің 
әркелкілігі түсінікті. Тілді қазіргі қолданушы осы омонимдік қатардағы 
мағыналардың үстеу мәніндегі қатарын жиі қолданады да, заттық және сындық 


51 
мәндеріндегі тілдік-философиялық негіздерін тілді тұтынушы ретінде аша 
бермейді. Әрине, омоним болатын тілдік бірліктердің барлығын да когнитивтік 
тіл білімінің ғылыми негіздері арқылы түсіндіру мүмкін емес. Алайда, 
омонимдердің жасалуындағы лексикалық ауыспалы мағынаның көмескіленуі 
сынды жолдарының халықтық-философиялық негіздері жоқ емес. 
Педагогикалық салада білім беру сана және объективті шындық сияқты 
философиялық мәселелермен шектеседі. Философияда сананың объективтілігін 
қарастырумен байланысты бағыт – неотомизм. Бұл ағымның ерекшелігі – сана 
объективтілігін мойындайды. Ғылыми білімдердің адамдар өміріне жан-жақты, 
берік енуін мойындаудан, неотомистер ортағасырлық Ф.Аквинский идеяларын 
осы заман жағдайлары мен талаптарына сәйкестендіре қолдануға мәжбүр 
болып отыр. Алайда адам танымындағы дүние заттанған және рухани болып 
жіктеледі. Заттық болмыс – ең төмен деңгейлі, өлі, мақсаты мен мәні жоқ 
дүние, оны зерттейтін – ғылым. Эмпирикалық деректерді жинауға бағдарланған 
ғылым дүние мәнін ашуда қауқарсыз, себебі ондағы мән тылсымға тәуелді. 
Сондықтан да арнайы шындық, неотомистердің пікірінше, жоғарғы күштің 
ақылымен ғана танылады, оның аясы арқасында ғана пенде санасына қонады. 
Адам – екі тарапты, қосарланып жүретін заттасқан және рухани дүниеден 
тұрады. Соңғысы жоғары құндылық ретінде танылып, тұлғаның адамгершілік 
сипатын көрсетеді. Неотомистер мектептің шектен тыс ақыл-ойға тәуелділігін 
(рационалдығын) сынап, оны баланың санаға дейін тума берілген астарын 
қалайтын табиғи мүмкіндіктерін (сүйіспеншілік, бақыт, еркіндік пен өмір 
мәнінің негізі) жадтан шығарғандығымен айыптайды. Сондықтан барша оқу 
және тәрбие жүйесі баладағы туабітті дарыған санаға дейінгі ұмтылысты 
дамытуға бағытталуы қажет. XIX-XX ғ.ғ. тоғысында химия, биология және т.б. 
жаратылыстану ғылымдарының өрістей дамуымен философия сахнасында жаңа 
– позитивистік бағыт пайда болды. Бұл бағыт өкілдері табиғаттану пәндері мен 
оларда қолданылатын әдістерді әсіре дәріптеп, сандық зерттелген дәйектерді 
ғана дұрыс та дәлелді деп таниды. Таптық сипаттағы күрес, қоғам дамуы, 
әлеуметтік қайшылықтармен байланысты проблемаларды тіпті де жалған, 
ғылыми деректеуге келмейді деп жариялады.
Білім мен оның мазмұны тұрғысында ерекшеленетін келесі бағыт – 
позитивизм. Позитивистер жаратылыстану бағытындағы ғылым салаларымен 
байланысты пәндерді ықпалды санап, ал қоғамдық ғылымдарды – болмыстағы 
ақиқат шындықпен байланысты қарастырмайды. Неопозитивизм позитивизм 
бағытының заңды жалғасы бола отырып, заманауи педагогикалық ұғымдар мен 
терминдерді кеңінен пайдаланып білім мен тәрбие философиясына едәуір 
өзгешеліктер әкелді. Педагогиканың дәстүрлілік салдарынан туындаған 
кемшілігін, неопозитивистер оның өмірдегі шынайы қолданыстағы тәжірибе 
арқылы жинақталатын білім мен іс-әрекеттерге орынды мән бермей, теориялық 
сипаттағы идеялар мен абстракцияланған ұғымдарға бой ұрғандығынан көреді. 
Бұл бағыт өкілдері білім беру ісінде білімнің мазмұнына басымдық бермей,
білімді меңгертудегі әдістерге ерекше мән беріп, оқу мен тәрбиеде негізгі 
әрекет «білім емес, ал оны ұғу мен игеру әдістері» – деген тұжырымды алға 


52 
тартты. Неопозитивизмнің көрнекті өкілі – Дж. Конант. Оның «Бүгінгі Америка 
орта мектебі», «Америка мұғалімдерін дайындау» атты еңбектерінде бұл мәселе 
кең насихатталған. Бұл қазіргі таңда жаңартылған оқу бағдарламаларында 
көрініс тауып отыр. Білім мазмұны жоқ жерде оқытудың әдіс-тәсілдерін 
түрлендірудің түпкі нәтижесі осал болмақ. Мысалы, омоним тілдік құбылыс 
ретінде танылып, оның мазмұндық мәні ашылмаса, оны оқушы өз өмірінде 
дұрыс қолдануға қатысты дағдыларды меңгеруге қабілетсіз болады. Алайда 
омонимдерді оқытуда позитивизмнің идеясымен сабақтасатыны – омонимдерді 
меңгертудің де маңызды екендігі. Өйткені құрылымдық лингвистикада 
омонимдер туралы тілдік ақпараттар оқулықтарда жақсы берілгенмен, оны 
оқытып, меңгертуде олқылықтар бар екендігін көреміз. Себебі білім алушылар 
лексикология саласы бойынша антоним, синоним сияқты мәселелерде шатаса 
бермейді, ал омонимге келгенде оларды омонимдік қатарлармен бірге тауып, 
тізбектеп айтуда, олардың көпмағыналық құбылысымен айырмашылықтарын 
дәл тануда, омоним сөздердің мағыналық байланысын, яғни семантикалық 
құрылымын ашуда кедергілерге кездеседі. Тіпті омоним сөздерге қатысты тест 
сұрақтарын құрастыру, шешу т.б. жұмыстарда проблемалар туғызып отыратын 
күрделі мәселе осы омонимдер болып табылады. Сондықтан, омонимдердің 
мазмұнынан бөлек, оны оқытып, меңгертудің де әдістемесін жасау аса қажеттік 
тудырып отыр. Бұл орайда омонимдерді оқытуда танымдық, семантикалық 
талдаулар жүргізу арқылы оқыту әдістемесі осы диссертациялық жұмыста 
ұсынылып отыр. 
Философиядағы педагогикамен байланысты прагматикалық бағыт XIX-XX 
ғасырлар тоғысында дүниеге келді. ХХ ғасыр басындағы ғылыми-техникалық 
үдерістердің қарқынды дамуы философия ғылымына әсер етіп, идеализм және 
материалистік философиядан бөлек тың көзқарастар мен тұжырымдар 
қажеттілігі туындады. Прагматизм грек тілінің прагма «тәжірибе», «іс» 
ұғымдарымен терминделіп, педагогикамен байланысты болмысты танудағы 
басты әрекеттер қатарына жеке адамның іс-тәжірибесін жатқызып, ғасырлар 
бойы жинақталған объективті білімдердің мәнділігін жоққа шығарады. 
Прагматизм өз дамуында материалистік философияға арқа сүйеді. Өйткені 
ғылым, техника және өндірістің қарқынды дамуы адами құндылықтар жүйесіне 
басқаша қарауды қажет етті. Прагматистік бағыттың негізін қалаушылар 
идеализм мен материализмнен бөлектенген жаңа философияны ұстанатынын 
жария етті. Прагматизмдегі басты ұғым, олардың пікірінше, адамның 
практикалық іс-әрекетінің нәтижесінде алынған, ол үшін басты құндылық деп 
танылған білім ғана шынайы сипатта болуы мүмкін. Прагматизмнің аса 
көрнекті өкілі – америкалық ғалым Дж.Дьюи. Оның шығармашылығымен 
дүниеге келген прагматикалық педагогика көптеген елдердің, әсіресе, АҚШ-
тың білім жүйесінің қалыпқа түсуіне үлкен ықпал етті. Өзінің педагогикалық 
еңбектерінде Дж. Дьюи ескі схоластикалық мектепті сынай отырып, оқу мен 
тәрбиеге орай аса маңызды болған бірқатар принциптерді алға тартты. Олардың 
ішіндегі бала белсенділігін дамыту, баланың оқуға деген қызығушылығына дем 
беру принциптерінің орындалуын білімді игертудегі басты міндет деп есептеді. 


53 
Прагматизмнің тірек ұғымы «тәжірибеге» сүйене отырып, Дж.Дьюи оқу 
процесінің негізі баланың жекеленген іс-әрекеттік тәжірибесінде болатынын 
насихаттады. Оның ойынша, оқу-білім мақсаты – балаға тумысынан берілген 
инстинктер мен қабілеттердің өзіндік көрінуіне ықпал жасау. Дж.Дьюи ұсынған 
педагогиканың философиялық негізі білім мазмұнына негізделеді. Білім тек 
әлемді тану мен түсіндіруді ғана емес, мәселені іс-жүзінде шеше білу 
тәжірибесі негізінде түсіндіріледі.
«Мектептің ең үлкен кемшілігі», – деп жазады Дж.Дьюи – «баланың 
мектептен тыс алған білімі мен тәжірибесін мектепте, мектептен жинақтаған 
тәжірибесін мектептен тыс ортада қолдана алмауында», – деп түсіндіреді [93, 
322 б.]. Дж.Дьюи мен оның философиялық көзқарасын ұстанушылар 
(Т.Брамельд, А.Маслоу, Э.Келли және т.б.) қоғамдағы бала тәрбиесін де осы 
жеке адамның тұлғалық тәжірибесімен байланыстырып қарастырады.
Шындығында да, тұлға өзін-өзі ұстау мен басқаруда қоғам қалыптастырған 
қағидалар мен ережелерге тәуелді болмай, өмірдегі жағдаяттан және көзделген 
мақсаттан туындайтын ерекшеліктерді ескере отырып, белгілі әрекет жасауы 
тиіс 
деген 
қағида 
қазіргі 
педагогикалық 
технологияларда 
негізгі 
тұжырымдардың бірі ретінде өміршеңдігін жойған жоқ. Тұлғаның жеке табысқа 
жету жолында көмек көрсетушілердің барлығын прагматистер ізгіліктің 
белгісімен байланыстырады. Мысалы, ЖОО-да омомнимдерді оқытуда 
прагматизм бағытын да негізге алу қажеттігі дау тудырмайды. Омонимдердің 
когнитивтік-семантикалық құрылымын жете меңгерген білім алушылар ЖОО-
да тек теориялық біліммен шектеліп қалмай, ол білімді практикада да қолдана 
алуы қажет. Бұл үшін білім алушыларға омоним сөздерді сөздіктер құрастыру 
тәжірибесінде қолдану, омонимдерді сөздіктерде лексикографиялай алу, 
омонимдерді мәнмәтіндерде айыра алу және аударма мәтіндерде сәтті аудару, 
мектепте омонимдерді оқыту әдістемсін игеру, омоним тақырыбында 
практикадан өту, яғни сабақ жүргізе алу сияқты омонимдер туралы аялық 
білімдерін іс жүзінде қолдана білуге мүмкіндік туғызу қажет. Егер 
прагматизмді білімді қолдана білу деген педагогикалық мазмұнда түсінсек, 
омонимдерді, 
олардың 
когнитивті-семаникалық 
құрылымдындағы 
мағыналарды жазбаша, ауызша ой түзуде стилистикалық тұрғыда дұрыс 
қолдана білуге дағдаландыру қажет. Тіл – санадағы (психикадағы) ұғымның 
репрезентациялық-формалық 
көрінісі 
болғандықтан, 
дағдаландыру, 
автоматтандыру сипатында емес, омоним тілдік бірліктің барша концептілік 
құрылымдарының санада тұрақталуы арқылы жүргізіледі. Мәселен, 
1. Жай. Зат. е. – найзағай, жасын, табиғат құбылысы; 
2. Жай. Зат. е. – тұрмыстағы күнделікті, қалыпты жағдай, ахуал; 
3. Жай. Зат.е. – мекен-тұрақ мағынасындағы қолданыс; 
4. Жай. Ет. – жазу, ыдырату, тегістеу мағынасындағы қолданыс; 
5. Жай. Сын. е. – қатардағы, қарапайым мағынасындағы қолданыс; 
6. Жай. Сын. е. – жайлы, ыңғайлы мағынасындағы қолданыс; 
7. Жай. Үст. – ақырын, баяу мағынасындағы қолданыс.


54 
Тілдік бірліктердің осы келтірілген омонимдік мағыналарын тілді 
тұтынушы мәтін ішілік қолданыста адресат мақсатына сай айқын 
қолданатындай ыңғайда өзектейді. Омонимдік бірліктер тілдік қолданысқа 
түскен уақытта адресат пен адресант санасында өңделіп, омонимдік мағынада 
жұмсалуы логикалық қисындылыққа құрылады. Тілдік прагматизмдегі 
логикалық туралықты омонимдік бірліктердің мәтін мазмұнына сәйкес 
қолданысынан анық көруге болады. 
Білім мен тәрбие беру ісіндегі философиялық тұжырымдардың енді бір 
саласы – диалектикалық метериализм философиясы. Өткен ғасырдың 40-
жылдарында табиғат, қоғам және ойлау процестерінің жалпы қозғалыс және 
даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде кең қанат жайған 
бағыт теориялық танымға қоғамдық тәжірибенің рөлін негіздеді, материализм 
мен диалектиканың табиғи байланысын ашты. 
Диалектикалық материализмнің басты қағидалары материяның біріншілігі, 
ал сананың одан туындаушылығымен, материалистік монизм қағидасы 
негізінде түсіндірілді. Диалектикалық материализм философиясында аса 
маңызды орын диалектика заңдарына берілген: сандық өзгерістердің сапалық 
ауысуы, қарама-қарсылық бірлігі мен күресі, жоқты жоққа шығару. 
Диалектикалық материализмге негізделген педагогиканың негізгі идеялық 
ұстанымы – тұлғаның қоғамдық қатынастардың объектісі де, субъектісі де бола 
алатындығында. Диалектикалық даму тұлғаның дамуындағы сыртқы жағдайлар 
(білім алу ортасы) мен табиғи болмысының ерекшеліктерін (қабылдау, түсіну, 
түйсік) жоққа шығармайды. Тәжірибеге адамның дамуындағы жетекшілік рөл 
беріліп, тәрбиені тарихи және таптық сипатқа байланысты қүрделі құбылыс 
ретінде таниды.
Философия ілімінің мәселелері оқу үдерісіндегі білім мазмұнымен және 
оның сапалық, құрылымдық сипатымен байланысты. Дәстүрлі педагогика да 
оқытудың жолдары мен әдістері, технологиялары туралы тұжырым түзгенде 
білімнің стереотипті түсінігіне жаңа көзқараспен қарау арқылы әдіснамалық 
әрекеттер аясын жаңартуға тырысады. Басқаша айтсақ, педагогикалық әрекет 
пен ондағы мазмұнды (білімді) жаңа философиялық аяда қарастырады. 
Мәселен, әдіскер-ғалым А.Әлімов интербелсенді әдістердің жаңашылдығын 
«Білім» 
түсінігін 
әдістемелік 
жаңашылдықты 
философиялық 
аямен 
байланыстырады: «Білім дегеніміз не? Репродуктивті оқыту оны бірінші 
кезекте ақпаратпен байланыстырады. Бұл түсінік білім игеру процесінің басты 
проблемаларының біріне айналып кеткен, өйткені ол үйрену/үйретудің 
мазмұнын тек ақпарат «берумен» (ұстаз тарапынан) және «алумен» (шәкірт 
тарапынан) шектейді. Ондай жағдайда «білімді» деп тек көп білетін, яғни 
жадында, есінде көп мағлұмат сақтайтын адамды атауымыз керек шығар? Ал 
ондай ақпараттың қажеті қанша, ол адам өмірін түрлендіретін, жақсартатын 
нәтижеге алып келе ме?» [94, 7 б.]. Шын мәнінде де, білім саласындағы 
жаңашылдық, мейлі ол білім мазмұнында болсын, мейлі білімді меңгерту 
әдістемесінде болсын, философиялық негізсіз болса, өміршеңдік танытпайды, 


55 
өйткені философия – дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі болып 
саналады.
Жоғары оқу орындарындағы филологиялық бағытта білім алушыларға 
омоним құбылысын логикалық және философиялық категориялар негізінде
меңгерту – тілдік құзыреттілігі мен интелектуалдық әлеуеті күшті дара тұлғаны 
қалыптастырудың негізгі алғышарты болып табылады. Яғни, тілдік 
қолданыстағы омонимдік құбылыстарды меңгертуді логикалық және 
философиялық категорияларға негіздеу арқылы білім мазмұны мен оқыту 
әрекетін (әдістемесін) байытуға болады. Когнитивтік лингвиститка саласы 
логикалық-философиялық тұжырымдардан бастау алады. Омонимдердің 
танымдық құрылымын философиялық ойларсыз ашу мүмкін емес. Мәселен, 
диалектикалық материализмде материя уақыт пен кеңістікте үнемі қозғалыста 
болады. Дүниені тану өздігінен жүрмейді, айнала қоршаған орта, құбылыстар 
адамның дүниені тану әрекетінің объектісі болады. Қазақ халқы да көшпелі 
өмір сүру салтында айнала қоршаған ортаны өзінше таныды. Омонимдерді 
қалыптастыруда да сол қоршаған ортаның әсері болды, ұқсату арқылы екінші 
бір ұғым атауына айналдырды. Мысалы, аспанды «көк» деп атап, жердегі шөпті 
де жасыл демей, «көк» деп атады. Аспанды (Көкті) Тәңір/Жаратушы деп 
санаған көшпелілер көктемді тіршіліктің басы ретінде түсінді, сөйтіп, 
тіршілікті жаратушы «Тәңірдің» атауымен шөпті «көк» деп атады дейді 
ғылыми деректер. 
Аспандағы «Айдың» 30 күндегі толып, тууымен байланысты 30 күндік 
уақытты «ай» деп атады, сөйтіп, омонимдер қатары көбейе берді. 
Міне, омонимдерді оқытуда осындай философиялық әрі танымдық 
зерттеулер білім алушылардың тілдік білімдерін ғана емес, өмір, қоршаған орта 
туралы таным-түсініктерін кеңейте түсетіні анық. 
Білім беру жүйесіндегі ойлау іс-әрекетінің танымдық қызметін жүзеге 
асыруға 
қатысты 
В.В.Трифонов, 
Г.А.Уманов, 
Қ.Б.Жарықбаев,
Қ.Қ.Жампейісова, Н.Н.Хан, Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Б.Балтабаева, Н.А.Оразахынова, 
Р.А.Шаханова, Г.Қосымова, Ж.Т.Дәулетбекова, А.Сәтбекова, Ж.Сүлейменова, 
К.Жақсылықова, З.Бейсенбекова, Р.С.Рахметова, Ә.Әлметова, Р.М.Қоянбаев, 
И.Нугуманов, Е.Ө.Медеуов, Б.А.Әлмұхамбетов, О.Сәлімбаев және т.б. әдіскер-
ғалымдардың теориялық және әдістемелік жұмыстарының зерттеу нысанына 
айналғандығын көруге болады.
Қазіргі таңдағы қазақстандық білім кеңістігіндегі ұлттық үлгі жалпы 
жаһандық сипаттағы ұстанымдармен үндеседі. Ұлттық білім үлгісінің басты 
басымдығы білім алушы тұлғаны қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде 
танып, оның білім алу әрекеті барысында, әлеуметтік жағдайы мен дамуындағы 
психикалық ерекшеліктерді ескере отырып, оның рухани жан-дүниесі мен 
интеллектуалдық тұрғыда баюына, саяси-қоғамдық ортадағы шығармашылық 
еркіндігі мен белсенділігінің, құзіреттіліктер жүйесінің қалыптасуына жағдай 
жасау, табиғи аналитикалық, сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік береді. Тұлға 
бойындағы мұндай қасиеттердің бастамасы орта білім мекемелерінде 
қалыптасып, жоғары білімде жетілдіріледі. Өйткені жоғары білім – үздіксіз 


56 
білім беру жүйесіндегі тұлғаны маман ретінде толыққанды қалыптастырушы 
тетік болып саналады. Білім алушы тек болашақ мамандық иесі ретінде 
қаралып қана қоймай, жеке тұлға, өз қоғамының толыққанды азаматы ретінде 
танылып, осы мақсатта философиямен тұжырымдалған әдістемелер негізінде 
мүмкіндіктер жасалады. Қазіргі Қазақстандағы педагогикалық жағдаяттағы 
жаңа парадигманың негізгі мәселесі қоғамдағы тұлғаның болмысы 
философиясымен байланыстырылған іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім 
беру болып табылады.
Философия ғылымының тұжырымдарына негізделген технологиялар тілді 
және оның лексикасындағы тұлғаның ойлауы, ұғым қалыптастыруы сияқты 
әрекеттерімен байланысты болып келетін құбылыстарды оқытуда басшылыққа 
алынады. Сондай салалардың бірі – омонимия. Омонимдер тілдің лексикалық 
жүйесіндегі қоршаған ортамен, ақиқат әлеммен, күнделікті іс-әрекетпен, 
танымдық үдеріспен сабақтас тілдік бірлік. 
Тіл арқылы дүниетану үдерісін философия ілімінің заңдылықтарына 
негіздеп тануға болатындықтан, логика-философиялық ғылым болып табылады. 
Лексикалық бірлік ретінде (омоним) тіл арқылы ақиқат әлемді тануға мүмкіндік 
береді. Яғни, мұндағы эмпирикалық таным нақты ой түю мен сезім арқылы 
қабылдаудан тұрады. Адам логикалық-философиялық таным үдерісі негізінде 
шындыққа жетуге талпынады.
Тілдің негізінде абстрактілі ойлаудың басты ерекшелігіне тілдік сипаттағы 
омонимия 
құбылысының 
лингвистикалық 
заңдылықтары 
негізінде 
семантикалық-логикалық тұжырымдардың жүзеге асуымен ерекшеленеді. 
Демек, омонимия құбылысы логика ілімінің заңдылықтары: тепе-теңдік, 
қарама-қайшылықтың жоқтығы, негіздеудің жеткіліктілігі деген мәселелерді 
сақтаған жағдайда шынайы әлемді тануға қол жеткізеді. Мұндағы 
заңдылықтарда ойлаудың айқындылығы мен қайшылықсыздығы, ойдың 
дәлелділігін қамтамасыз ететін материалдық әлемнің бөлшектері арасындағы 
қатынастарын бейнелеуге арналған. Яғни, білім беру жүйесіндегі логика-
философияның теория ретінде пайда болуы ойлаудың мың жылдық 
практикасының тереңінен тамыр тартатындығын көрсетеді.
Лингвистикалық білім аспектілеріне логика мен философияның теориялық 
призмасымен қарау нәтижесінде омонимдік құбылыстарға мақсатты түрде 
бағытталған, күрделі-құрылымдық, танымдық мазмұны кеңейтілген лексикалық 
бірлік деген қорытындыға тоқтауға болады. Философия ғылымында білім мен 
оны оқыту мәселесін біртұтастықта, бүтіндей бір құрылымдылық, өзара 
сабақтас жүйе ретінде қарастыратындығын байқауға болады. Философтардың 
пайымдауынша, «таным – жеке тұлғадан оның барлық маңызды күштерін: 
ақылын, сезімдерін, еркін, түйсігін жұмылдыруды талап ететін аса күрделі 
үдеріс» [95, 296 б.]. Бұл тілдік бірліктерді оқытудағы логикалық-философиялық 
негіздерден тілдік тұлғаны қалыптастырудағы басты көрсеткіш екендігін 
байқатады. Мұнда біріншіден, омонимдік құбылыстарды оқытудың 
философиялық негізделуі деп, ерекше қолданбалы философиялық түсініктердің 
даму заңдылықтарын тануда позитивизм, антипозитивизм, эмпиризм, 


57 
релятивизм, 
реализм, 
постмодернизм, 
экзистенциализм, 
прагматизм, 
неотомизм, персонализм және т.б категорияларды түсінуге септігін тигізіп, 
аталған бірліктердің өзіндік болмысының ішкі мәнін тануға ықпал етеді. 
Екіншіден, омонимдік бірліктердің қандай мазмұнын түсіну адам санасына 
бағытталады. Үшіншіден, омонимдік құбылысты оқытудағы логика мен 
философиялық аспектілерінің қалыптасуындағы дедуктивтік және индуктивтік 
логиканың үйлесімділігі пәнаралық ғылым салаларының толықтырушысы 
ретінде орын алады. Яғни, «ғылыми танымның негізгі мақсаты – шындыққа 
жету, өйткені сол ғана ғылымның іс жүзінде қолданылуына, пайдаға асуына 
жол ашады» [96, 298 б.].
Ж.Т. Даулетбекова білім беру жүйесіндегі шешендіктің маңызын арнайы 
қарастыра келе, зерттеу нысанын философиямен былайша байланыстырады: 
«философияда дамудың түрлі категориялары анықталған. Олар – дүниені танып 
білудің баспалдақтары. Ол категориялар мазмұны жағынан объективті де, ал 
өмір сүру тәсілі тұрғысынан субъективті. Бұл дүниені танып білу үдерісі 
жекеден көпшеге, одан жалпыға өрлеу арқылы жүріп отырады» – деген 
пікірінің астарынан жекелеген лексикалық бірліктердің семантикалық 
құрылымынан философиялық танымның жатқандығын аңғаруға болады [97, 97 
б.]. Білім беру жүйесіндегі жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуындағы 
омонимия құбылысының философиялық семантикасында лингвистикалық 
білімнің рөлі (сөз байлығы) айрықша маңызды. Сондықтан лингвистикалық 
білімнің қалыптасуына логика-философиялық семантиканың ықпалы зор. 
Мұнда білім алушы омоним құбылысының өзге де лексикалық бірліктер 
омофондар мен омографтар, полисемиялар мен омонимдік айырым белгілердің 
қолданыс ерекшелігін мәнмәтінде орнықты пайдалануға мүмкіндік алады. 
Жалпы әдістеме ғылымында лингвистикалық аспектіде білім берудің мәнін 
ғалымдар үш түрлі дәрежеде қарастыратыны көпшілікке мәлім. Оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет