Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет49/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

 
 


46 

ЖОҒАРЫ 
ОҚУ 
ОРЫНДАРЫНДА 
ОМОНИМДЕРДІҢ 
КОГНИТИВТІ-СЕМАНТИКАЛЫҚ 
ҚҰРЫЛЫМЫН 
ОҚЫТУДЫҢ 
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
2.1 
ЖОО-да 
омоним 
құбылысын 
оқытудың 
логикалық-
философиялық негіздері 
Педагогиканың тарихы мен даму арналарына назар аударсақ, ондағы 
негізгі бағыттар мен тұжырымдамалардың бастау көздері жалпы философиялық 
болмысты тану мәселелері аясында қарастыралытынын байқаймыз. Белгілі бір 
ғылым саласына қатысты білім мазмұнын игерту үшін де философиялық 
тұжырымдар мен парадигмаларға сүйенуіміз ғылымаралық интеграцияның 
философиялық танымдағы болмыстың бүтіндігін тануға алып келеді. Зерттеу 
тақырыбымен байланысты тілдік семантикадағы омонимдік құбылыстарды 
оқыту туралы пайымдау, ең алдымен, философиялық тұрғыдағы тұжырымдарға 
негізделмек.
Білім – қоғам өкілдерінің танып тұжырымдаған, адам танымының 
логикалық жүйесі арқылы жинақталған ұғымдардың, деректер мен 
пайымдауларының жиынтығы, адамзат өркениетінің дамуына негіз болатын 
басты факторлардың біріне саналады. Кең тұрғыда алғанда, білім мен оның 
құрылымдық-мазмұндық сипаты сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, 
логика, ақиқат, парасат, ғылым және тағы да басқа күрделі философиялық 
ұғымдармен байланысты. Ал философия ілімінің өзі көне дәуірлерде Үнді, 
Қытай, Мысырда негізі қаланып, классикалық көрінісі Көне Грецияда 
айқындалған, болмысқа, оның бастаулары мен заңдылықтарына жалпы 
көзқарасты айқындау мақсатында пайда болған ілім екендігі белгілі. 
Тақырыптық философиялық сөздікте: «Философия (грекше – «ақылды 
сүю») – әлемге, болмысқа теориялық тұрғыдан рәсімделген көзқарас, әлемдегі 
адамның орны мен қатынасына көзқарас» – деген анықтама берілсе [86], 
Л. Витгенштейн: «Философияның мақсаты – ойдың логикалық анықтығы. 
Философия – ілім емес, әрекет. Философиялық жұмыс, негізінде, 
түсініктемелерден тұрады», – деген тұжырым ұсынады [87, 111 б.]. Философия 
өз даму сатысында космоценртистік, теоцентристік сатыларды басынан өткеріп, 
қазіргі кезеңде антропоөзекті парадигмада дамып, көптеген ғылым салаларын 
синтездік сипатта біріктіре алды.
ХХІ ғасырдағы оқыту жүйесінде ғылымаралық категорияларды 
сабақтастықта қарастыру мәселесі бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің 
бірі болып табылады. Ғылымдағы логика мен философияның сабақтастығы 
тым тереңде жатқандығын антикалық кезеңнің танымал философтары Евклид, 
Платон, Аристотельдердің еңбектерінен байқай аламыз. Ал логиканың ғылыми 
негіздері 2-3 мың жыл бұрын Көне Индияда, Көне Қытайда, Көне Грекияда 
пайда болғаны мәлім. Аталған айтулы тұлғалардың зерттеулерінде логика мен 
философия өзара сабақтас, бірінің мазмұнын екіншісі байытып отыратын 
ғылым салалары екендігін көруге болады. Осы жағынан келгенде, «Білім беру 


47 
философиясы білім берудің онтологиясын, логикасын, аксиологиясын, 
мәдениетін, әдісін және идеологиясын қарастырады» [88, 9 б.]. 
XXІ ғасырдағы білім беру құндылықтары мен көзқарасына жаңашыл 
философиялық пайыммен қарағанда, білім алушының білімге құштарлығы мен 
ғылыми ізденімпаздығы маңызды ресурстар санатына жатады. Философия 
ғылымы әр заманның ғылыми-техникалық прогресінің бағыт-бағдарына сәйкес 
түрлі бағыттарда дамығанымен, оның ең басты мәселесі – адам, адамның 
адамдық көрсеткіші – тілі секілді мәнділіктің жататындығы белгілі. Ерте 
заманнан күні бүгінгі дейін жалғасып жатқан философиялық ой-пікірлердің 
ордасы – адамның адамдығы мен оның әлеуметтік мәні екендігін көрсетеді. 
Бүгінгі таңдағы философияда адам туралы арнайы (антропоөзектік) 
ғылымдардан іргесін бөліп алып, «субъект», «тұлға», «жеке адам», «индивид», 
«дара тұлға», «интеллектуалдық тұлға», «тілдік тұлға» ұғымдарына басымдық 
берілуде. Философияның басты мәселесі адам болса, сол адамның адамдық 
қасиеті, оның интеллектуалдық мүмкіндігі оның әлеуметтік сипатына 
негізделеді. Ал, логика ғылымында «ой», «сөз», «сана», «заңдылық» деген 
мәселелер басты категориялар санатына жатады. Логика ойлау үдерісі мен 
сананың ойлау заңдылықтарын және өзіндік формасын зерттейді. 
Философия ғылымында адамның ақиқат әлемді тіл арқылы тану мүмкіндігі 
шексіз. Мұнда философтар объектінің қай жағынан берілгеніне, білімнің негізгі 
мазмұны қалай және қандай тәсілмен берілгеніне қарай оның эмпирикалық 
және теориялық түрлері барын көрсетеді. Ақиқат әлемді танудың теориялық 
және эмпирикалық түрлері өзара ұстанымдық тұрғыдағы ерекшеліктерімен 
айқындалады. Ал бұл дегеніміз – диалектикалық логиканың басты зерттеу әдісі 
болып табылады. Лингвокогнитология ғылымындағы дүниетаным ұғымының 
реалды көрсеткіші ұлттық дүниетаным арқылы беріледі. «Адамның дүниемен 
байланысы, оны тануы белгілі ұлттық жағдайда қалыптасатындықтан, 
дүниетанымның ұлттық белгілері болады. Ол белгілері мен көріністері осы 
халықтың діліне тәуелді. Бұл – халықтың бейнелеу дүниесі, символдары 
(рәміздері) мен салт-жоралары, сезіну, ұғыну ерекшеліктері» [89, 181 б.] 
ретінде көрінсе, ұлттық дүниетанымның басты көрсеткіші – ұлттық мәдениет 
пен ұлттық тіл екендігі сөзсіз. Ал, «Ал тіл адамның ойлау және бағалау қызметі 
үдерісінде барлық жасағандарын бейнелеудің және сақтаудың әмбебап құралы 
болып табылатыны белгілі» [90, 206 б.]. 
Білім – философиялық категория. Білімнің берілу жолы мен сипаты 
болашақтағы алар орны мен атқарар қызметінің шексіз екендігі – зандылық. Өз 
бойынан білімдер жүйесін қалыптастырушы әрбір адамның тұлғалық 
қасиетінің анықталуы, оның білімділігі, тапқырлығы, ақылдылығы, дүниеге 
деген көзқарасы мен адамгершілігі осы тиімді білім берудің негізінде 
сомдалады, ал жинақталған білім тұлғаның болмысты философиялық тұрғыда 
түсініп негіздеуіне жол ашады. Демек, қоғамның руханилық даму әлеуеті де 
білім жүйесіне келіп тіреледі. Бүгінгі өркениеттің дамуы туындатып отырған 
білімдер жүйесіндегі ақпарат тасқыны мен ғаламдық тенденцияларды сипаттай 


48 
алу, алынған білімді философиялық тұрғыда негіздей алу да өзекті және 
маңызды мәселеге айналды. 
Білім алушының жинақтау, ақпараттарды өңдеу және барлық білім жүйесін 
синтездей отырып, болмыс бүтіндігінің бөлшегі ретінде тану қабілеті мен 
дағдысы 
адамзат 
дамуында 
рухани-адамгершілік 
құндылықтарының
қалыптасуына әсер етеді. Білім мен оның салаларын меңгерту философиялық 
тұрғыда өзінің басты интеграциялық қызметін, яғни дүниені тану 
философиясынан туындайтын рухани біртұтастық пен адамдардың бір-бірін 
түсінудегі қабілеттерін жетілдіруді мақсат тұтады.
Қазіргі философиялық негіздер жүйесінде философияның басты 
мәселелері қатарынан білім мен оның мазмұны, білімнің игерілу жолы мен 
көлемі сияқты мәселелерді кездестіруге болады. Философия ғылымында 
біліммен байланысты тұтас бір білім философиясы атты саласы бар. «Білім 
философиясы – білім теориясының саласы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, 
қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білім 
философиясының маңызды міндеті – ұзақ перспективаға есептелген білім беру 
стратегиясының базалық принциптерін жасау [91, 482 б.]. Көне грек 
философиясында білім берумен байланысты категория 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет