Дәріс № 9 Тақырыбы: Әйел жыныс ағзаларының қатерсіз ісіктері. I. Кіріспе. II. Негізгі бөлім. 1) Жатыр миомасы, түрлері, клиникасы, емі.
2) Эндометриоз, клиникасы, диагностикалау.
III. Қорытынды. Жатыр лейомиомасы және эндометриоз
Жатыр лейомиомасы тегіс бұлшық ет тіндерінен дамитын ең жиі тараған қатерсіз,гормонға тәуелді ісіктердің бірі болып табылады. Әйелдер гинекологиясында 30 жастағы әйелдерде 40 % кездеседі. Ауырғандардың 80 % операциялық жолмен емдейді. Жатыр миомасының даму түйіндері жатыр бұлшық еттерінің барлық қабаттарында орналасқан. Миоматозды түйіндердің даму этаптары:
I стадиясы-активті өсінді пайда бола бастады.
II стадиясы-дифференцияланған көрініс көрінбесе де ісіктің тез өсуі байқалады. Жатыр денесі өте нәзік жұмсақ болғандықтан зақымдаушы ісік клеткаларына активті зона болып табылады. Онда қан тамырлары тіндер өте үлкен дәрежеде ұлғаяды.
III стадиясы-дифференцияланған пісіп жетілген ісік болып табылады. Микроскопиялық зерттеуде өзгеріс болатындығы байқалады.
Жатыр денесінің бұлшық етті қабырғасына қатысты миоматозды түйіннің 3 формасы ажыратылады:
1) Құрсақ астылық түйін-өз бастамасын құрсақ асты қабырғаның миометриінен бастайды.
2) Бұлшық ет аралық-жатырдың ортаңғы қабатынан,бастау алады.
3) Шырыш астылық терең қабаттардан бастау алады.
Морфологиялық көріністері:
Жай жатыр миомасын,бұлшық еттің гиперплазиялық қатерсіз ісік типін,пролиферацияланатын миома типін және нағыз қатерсіз миоманы ажыратады.
Патогенезі: Миоманың даму себептерін қазіргі таңға дейін толық зерттеп біте қойған жоқ. Осы кезге дейін жатыр миомасының дамуы гормондық бұзылыстардан деп ойлаған. Гормондардың ішіндегі эстроген басымдық көрсетуінің нәтижесінде гиперэстриогения болады деген.
Лейомиоманың өсуі:
Тез өсетін миомалар патологиялық негізіне қарай 3 нұсқаға бөлінеді.:
1) Нағыз миома-миогенді элементтердің гипертрофиясымен пролиферациясының әсерінен;
2) Жалған миома-лимфа-қан жүйесінің бұзылуынан және созылмалы ауру процестерінің нәтижесінде;
3) Ынталандырылған миома: Басқа аурулардың негізінде дамиды (аденомиоз,саркома). Егде жастағы әйелдерде жалған миома 62,1 % - көрсеткіштерге көп кездеседі.
Г.А. Савицкий бойынша миоманың 3 стадиясын ажыратады: түйіннің пісіп жетілу стадиясы,өсу және регресс.
Бірінші фаза-майда тамырлардың арасына дегермитизацияланатын классикалық өсінді пайда болады,бұзылған миометри аймағында.
Екінші фаза-өсу зонасының пролиферацияға айналуы,миогенді элементтердің пролиферациялануы. Дифференцировка процесі.
Үшінші фаза-миомалық түйіннің пісіп жетілуімен сипатталады.