Ауырсыну сезімі жатырдың ұлғаюмен,сипатталады немесе түйіннің ісінуінен болады,шырыш асты түйін әрбір 4-ші науқаста кездеседі.Менометроррагиялық түрі бар. Толғақ ұстамасы секілді ауырсыну болады. Мено және метроррагиялық қан кету,құрсақтың төменгі бөлігінде ұстамалы ауырсыну бел аймағына беріледі. Түйіндердің некрозды кезеңінде сұрғылт-ақшыл түсті сұйық пайда болады.Ісіктің түйіннің ұлғаюы бірте-бірте құрсақ аймағында толғақ ұстамасы секілді біліне бастайды. Жатырды ашық зерттегенде пальпация жасалады. Ісік қан тамырларының тромбозы,геморрагиялық инфарктпен некрозбен көрініс беруі мүмкін. Бұндай жағдайларда температура жоғары,үнемі ауырсыну сезімі болады. Көп жағдайда түйіннің аяғының айналасында іштің төменгі бөлігінде ауырсыну сезімі пайда болады,бел аймағына беріледі.
Жатырдың миомасының клиникалық белгілері көрінгенге дейін,онда түрлі вегетативті-қан тамыр жүйелерінің өзгерістері болады: Оларға ерте және кеш (менархия) етекірдің келуі,талып қалу,эндокриндік жүйенің бұзылысы майда симптомдық микроошақтардың пайда болуы,қан айналу жүйесінің аурулары.
Диагностикасы:
Бимануалды тексеру және гистологиялық зерттеулердің нәтижесінен кейін жаңа негізгі эхогафияның көмегімен түйіндердің жатырдан тыс үстінде орналасатындығы контрасты түсте анық көруге болады 88%. Жатыр қабырғаларында эхографиялық көрініс дөңгеленген пішінді жатырдың бірге ұлғаюмен бірге көрініс береді 93%. Жатырдың контурының деформациясы 84%. Түйіндердің кальцификациясы 34%.
Емі: Жатыр миомасымен ауырған науқас әйелдерге комплексті ем қолданылады. Қазіргі таңда миоманы емдеудің екі түрі бар. Олар: консервативті және хирургиялық ем.
Жатырдың миомасында консервативті ем көрсеткіші: клиникалық жағынан өз симптомдығы,миоманың экстрогенитальды аурулармен бірге жүруі,хирургиялық көмекке қарсы көрсеткіштер кезінде. Комплексті-консервативті ем жүйесіне: витаминдер,седативті препараттар-өсімдік дәрілері (дәрілік өсімдіктер). Дәрілік емес емге: физиотерапия (электрофорез) санаториялық-курортты ем,инемен емдеу (креодеструкция эндометрия).
Гормонотерапия. Жатыр миомасында гормондардың түрлерінің ішіндегі гистогендерде қолданады: