Жатыр қосалқыларымен және жатыр қосалқыларсыз жатырдың қынап үстілік ампутациясы;
Жатыр қосалқыларымен және жатыр қосалқыларсыз жатыр экстрипациясы.
Жатырдың лейомиомасы кезіндегі операцияға көрсеткіштері: 1) Анемия және гиперполименорея емінің нәтижесіздігі
2) Ісіктің үлкен көлемде болуы (жүктіліктің 12 аптасы және одан да үлкен) шағымдары болмауымен сипатталады.
3) Ісіктің көлемді өсуі (жылына 4 аптаға және одан да көлемді өсу)
4) Лейомиомамен және эндометрийдің патологиясы
5) Лейомиоманың малигнизациясы,түйіндердің некрозы,түйін аяқшаларының айналуы
6) Тұрақты ауырсынуы
7) Субмукозды және жатыр мойнының лейомиомасы
Эндометриоз
Эндометриоз-жатыр қуысынан тыс жерде эндометрийдің құрылысына және қызметіне ұқсас дисгормональды,иммунотәуелді қатерсіз тіндердің өсіп кетуімен сипатталатын ауру.
Гинекологиялық аурулардың ішінде эндометриоз 8-25% бедеулі әйелдердің арасында 20-47,8% орын алады.
Эндометриоз 25-37 жастағы әйелдердің арасында жиі кездеседі.