Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет35/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында 
СҮЙЕК
– ұрпақ, бала, ата-тек, 
туыстық ұғымдарын білдіреді. Сүйектің осылайша ұлт танымында құндылыққа 
ие болуы аталмыш сөздің концепт құруына негіз болып тұр.
Фреймдік түсінік бойынша

1.
Сүйек – адамның жаратылысы.
Фреймдік түсініктегі сүйек қазақ 
тілінде мінез, дене бітімнің сипатын, шаршау, әлсіреу, жүдеу, арықтау, т.б 
ұғымдарын беруде белсенді көрініс табады. Мысалы: 
Сүйек бермес
– қомағай, обыр. Бұл сенсорлы түсінік, яғни көзкөрім 
арқылы санада қалыптасқан фреймнің бір бөлшегі (түсірілімі) «құр сүйек», 
«сүйегі адырайған» қолданыстарымен салыстырыла сипатталады. 
Сүйек бермес 
ұғымы көз алдымызға етті, толық, денелі, томпақ адамды елестетеді. Негізінен 
оның түпкі архетипі мүшелі сүйекті екі жағынан ұстап, ортасынан тістеген 
сараң адамды сипаттаудан туындаған делінеді. Келе-келе адамның бойындағы 
сүйегі көрінбес, толық денелі бейнесін суреттеу мағынасы кең қолданысқа ие 
болған.
Сүйегі сал болды
(әлсіреді, мешел болды). 
Сүйегін шығарды
(өлген кісіні жерлеуге алып кетті). 
Сүйегі саудыраған
(қартайған, арық адам) 
Сүйегі ауыр
(денелі). Бұл қолданыстарда сүйек – адам мүшесі фреймінің 
үзіктері болып саналады. 
Ұлттық стереотиптік түсінік бойынша: 
2
. Сүйек – темперамент. 
Ұлт танымындағы гештальт-құрылым.
Сүйекке біткен мінезді өзгерту мүмкін емес екенін ұғынған қазақ 
халқының терең танымындағы мәдени код. Мысалы,
Сүйегі қызды
– елікті, намысы қозды, намысқа шапты. 
Сүйекке сіңген
– бойына дарыған, табиғаты соған дағдыланып, әдетке 
айналған мағынасында. 
Сүйекке біткен қылық
– ежелгі, туа біткен мінез.
Сүйекке тиді, сүйекті сырқыратты
– жанын ауыртты, көңіліне қаяу 
түсірді. 
Сүйегі жасық
– бос, ынжық. 
Сүйекті жарған
– ар-ұятын қорлаған. 
Сүйекке біткен қылық
– ежелгі, туа біткен қасиет. 
Етпен қайнап сүйекке сіңген мінез
– табиғи мінез. 
Сөз етінен өтіп, сүйегіне жетті

Сөз сүйектен өтер. 
3. 
Сүйек – ұрпақ.
Қазақ танымында ұрпақ ұғымын танытанын 
концептуалдық құрылым тармақтары кең. Мысалы, 
артында қалған тұяқ, 
асылдың сынығы, бәйтеректің бұтағы, әулие ағаштың тамыры, артында 
қалған көзі, қарашығы, қаны, жүрегінің бір бөлшегі 
т.б фразеологиялық және 
бейнелі қолданыстар ұрпақ түсінігін сипаттайды. Сол концептуалдық құрылым 
қатарына сүйек ұғымы да енеді. Сүйек – қазақ танымындағы ұрпақ 
концептісінің ұлттық стереотипі. Мысалы: 


31 
Бойына шала сүйек бітпеді
. Яғни балалы бола алмады деген ұғымды 
сүйек 
бітпеді
деп жеткізудің астарында ұлттық стереотипті түсінік жатыр. Ұлттық 
таным бойынша, «адам – бала – сүйек» – ассоциативтік түсініктер.
Сүйегі менікі, еті сенікі
. Бала менікі болғанымен, сенің қол астыңда, не 
істесең де еріктісің деген мағынада. Қазақ баяғыда баласын молдаға оқуға 
бергенде «сүйегі менікі, еті сенікі» деп беруші еді. 
4. 
Сүйек – ата-тек.
Қазақта бай, дәулетті әулеттің ұрпағы ғана текті сүйек 
деп танылмаған. Еліне елеулі болған, жақсылығымен танылған, өнегесі мол, 
халықтың аузында қалған кісілердің ұрпағы да 
сүйегі асыл
деп танылған. 
Мысалы,
Сүйегі асыл
– тегі жақсы. Сүйегі асыл дүр еді, Құдайдың өзі біледі, Он 
төртінші айдай боп, түседі кімнің қасына (Қамбар батыр жырынан). 
Сүйегі жаман
– тегі нашар. Ескі заманда үстем таптың бұқара халық 
адамына «ақсүйекке» жатпайтын еңбекшіге кеміте қойған лауазымы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет