той, сал, үй, ой
сияқты сөздерді әрі есім, әрі
етістік мағынасындағы алғашқы көне түбірлер және бұлардың шығу тегі бір
деп қарайды [44,].
Қырғыз тілінің маманы Б.М.Юнусалиев түркі тілдеріндегі әрі есім әрі
етістік мағынасындағы түбір сөздерді «лексика-грамматикалық» немесе
«алғашқы» омонимдер деп атауға болады деп есептейді. Сонымен қатар оларды
өте ертеде болған көне құбылыстардың (пережиточное явление) қатарына
жатқызады. Осыған орай алғашқы омонимдерді тілдің өте ерте дәуіріндегі көне
құбылыстарының қалдығы ретінде қарайды [45].
Академик Ә.Т.Қайдар омонимия құбылысы туралы: «Под термином
«омонимизация» в данном случае мы подразумеваем процесс образования
омонимических рядов ОКО (односложных корней и основ – Б.К.) не только из
разных по своему происхождению гетерогенных элементов в их исконной
форме, но и в форме в которую они обличены в результате различных
фономорфологических факторов», – [46] деген нақты түсініктеме береді.
Ғалымдар омоним құбылысын көне түркі тілінің өзінде кездесетін көне
құбылыс ретінде сипаттайды. Г.Қосымова «Бұл құбылыс бір ғана тілге қатысты
болмайды, тіл атаулының бәрінде халықтың жаратылысты қабылдау, соған
лайық ұғым-түсінік беру үрдісінде болатын құбылыс. Тілдің неғұрлым көне
қабатына үңілсеңіз, бұл үрдістің қалай жүзеге асқандығын соғұрлым анық
байқайсыз» [47, 121 б.], – дейді.
Жоғарыда келтірілген пікірлер омонимия құбылысының бастауында
синкретизм құбылысы тұрғандығын білдірсе керек. Алайда бұл омонимия мен
синкретизмнің ұқсастықтарымен қатар ерекшеліктері болмайды дегенді
22
білдірмейді. Зерттеуші А.Құрманалиева гомогенді омонимдер мен синкретті
түбірлердің бір-бірімен ұқсас тұстары мен айырмашылықтарын былайша
көрсетеді: 1) синкретизмдер де, гомогенді омонимдер де бір түбір сөз негізінде
дамып, екі түрлі мағынаға ие болады; 2) екеуі де сөз құрамының семантикасын
байытуға, тіл мүмкіншілігін кеңейтуге бағышталған құбылыстар; 3) екеуі де
мағыналық
дербестігіне
байланысты
жеке-дара
қолданыс
табады.
Лексикографиялық еңбектерде (сөздіктерде) екі сөз ретінде түсіндіріледі және
тұлғалық
ұқсастығына
байланысты
қатар
тұрады.
Зерттеуші
бұл
құбылыстардың айырмашылықтарын былайша көрсетеді: 1) синкретизмдер
түркі тілдерінің ұзақ тарихи даму процесіндегі бір түбірдің бірдей екі лексика-
грамматикалық категорияға есімдік әрі етістікке іштей жіктелу процесінде
пайда болса, гомогенді омонимдер бір түбірдің іштей екі түрлі мағынаға
жіктелу нәтижесінде пайда болатын таза лексика-семантикалық құбылыс; 2) бір
текті сөздердің іштей жіктелген жаңа мағыналары синкретизмде заттық
қасиетін де, қимыл-әрекет қасиетін бірдей білдіретін болса, гомогенді
омонимдер, тек бірыңғай мағынаға не заттық, не іс-әрекет мағынасын білдіреді;
3) егер синкретизмдердің мағынасы әртүрлі грамматикалық (есім, етістік)
категорияға тән туындаса, гомогенді омонимдердің мағынасы грамматикалық
белгілері жағынан бір тектес сөздерге тән, бірақ әр түрлі тақырыптық топтарға
жататын сөздерді туындатады [48].
Тілді қазіргі синхрондық зерттеу тұрғысынан «омонимдер біркелкі
дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы басқа-басқа сөздер тобын білдіріп, бір сөз
табына да, әр сөз табына да қатысты болып дараланып, бөлініп-жарылып
тұрады. Мағына жағынан әр ұғымның өзара жақындығы, ұқсастығы мүлдем
сезілмейді. Қайта бір-бірінен соншалықты алшақ, кереғар екендігі аңғарылады.
Мысалы:
Ара І.
Ағаш кесетін жұқа темірден жасалған құрал.
Ара ІІ.
Гүл
шырынынан бал жинайтын қанатты жәндік.
Ара ІІІ.
Екі орта, аралық (екі
ауылдың ортасы)» [10, 17 б.].
Қазақ тіл білімінде К.Аханов омонимдердің тілдік табиғаты мен
ерекшеліктеріне терең талдау жасай келе, омонимдердің пайда болуын
айқындауда мына мәселеге назар аудармасқа болмайтындығын айтады:
«Ертеректе түрлі себептер, заңдылықтар арқылы пайда болып, қалыптасып
кеткен омонимдердің қалай жасалғандығын, оның пайда болу жолдарын
айқындау
үшін
салыстырмалы-тарихи
әдісті
қолдану
өте
қажет.
Салыстырмалы-тарихи әдіссіз түркі тілдеріндегі, олардың ішінде қазақ тіліндегі
көптеген омонимдердің сырын ашу, оның жасалу жолдарын айқындау мүмкін
емес. Түркі тілдеріндегі, соның ішінде қазақ тіліндегі, көптеген омонимдердің
пайда болу жолдарын айқындау түркі тілдерінің салыстырмалы лексикология,
салыстырмалы грамматика, салыстырмалы фонетика мәселелерін зерттеп,
шешумен тікелей байланысты. Кейде сөздің құрамындағы дыбыстардың
өзгеруі, олардың түсіп қалуы нәтижесінде әр түрлі сөздердің дыбысталуы
бірдей болып омонимдер жасалады» [9, 98 б.]. Ғалымның бұл пікірі қазіргі
тіліміздегі
омонимдердің
тілдік
табиғатының
күрделі
салааралық
лингвистикалық құбылыс екендігін айғақтайды.
23
Тіл білімінде омонимдердің жасалу жолдарын ғалымдар түрлі негізде
көрсетеді. К.Аханов «1) Омонимдер сөздің мағынасының дамуы негізінде де
жасалады. Тілдің даму барысында сөздің әртүрлі мағыналары бір-бірінен
біртіндеп алшақтайды да, ақырында, әртүрлі мағыналардың арасындағы
мағыналық байланыс үзіледі. Осының нәтижесінде мағыналық жақтан екі сөз
жасалады да, дыбысталуы бірдей болып, омонимдер пайда болады. 2)
Омонимдер сөздің дыбыстық құрамының өзгеруі нәтижесінде де жасалады. 3)
Тіліміздегі бірсыпыра омонимдер сөзге омонимдес жұрнақтар жалғану арқылы
жасалған. Омонимдес жұрнақтар жалғанған туынды сөздер мағынасы жағынан
да, қызметі жағынан да әртүрлі сөз табына қатысты болып келеді және олар
әртүрлі сөздер ретінде ұғынылады да, сөздікте олардың әрқайсысы жеке
лексикалық единица ретінде беріледі. 4) Кейбір омонимдер басқа тілдерден
енген сөздердің қазақ тілінің лексикасында бұрыннан бар төл сөздермен
дыбысталуы жағынан жақындасуының нәтижесінде жасалады [50, 22-26 бб.].
Э.Эман: «Омонимия құбылысы – тіл дамуының көрсеткіші, фактісі», – [51]
деген анықтама берсе, В.Урбутис: «Тілдегі омонимдердің пайда болуын тіл
дамуының нәтижесі деп қарастыру керек, тілде омоним сөздердің пайда
болуына, туындауына себеп болатын фактор – тіліміздегі лексикалық қорды
байыту қажеттігі мен оны дамыту» [52]. Ал Л.В.Маалаховский омонимия
құбылысы туралы мынадай ерекше пікір келтіреді: «Омонимия – бұл «таңба
заңдылығының» бұзылуы: омонимия кезінде бір ғана таңбалаушыға
(означающий) арасында ешқандай ортақтық болмайтын түрлі таңбаланушы
(означаемые) сәйкес келеді» [53]. Алайда бұл құбылыс қандай жағдайда, қандай
дәрежеде болатындығы, түрлі тілдерде бірдей ме, әлде басқаша ма деген
сұрақтарға әзірше анық жауап табылған жоқ және зерттеуді қажет етеді. Ғалым
Г.Қосымова «Адам баласы заттық не сандық не болмаса қимылдық ұғымдарға
атау бергенде, олардың табиғатқа икемділігі, адам тіршілігіне бейімділігі,
осыдан келіп шығатын сан алуан қасиеттерін есепке алғандығы байқалады.
Сонда лексикалық мағынаның жасалуы мен дамуына тілдік және тілден тыс
факторлар қатысады да, олар ұғым-атау-таңба арақатнасы негізінде
тұжырымдалады. Мұны ғалымдар аталым және уәждеме теориясына
жатқызады. Бұл теория бойынша зерттеушілер шындық болмыста таңдап
алынған заттың тілдік таңбалармен белгіленілетінін, мұнда атау мен шындық
болмыстың арасындағы қатынас ұғым-түсініктің қалыптасуымен байланысты
болатындығын дәлелдейді» [54, 120-121 бб.], – дей келе, тілдегі омонимдер
тарихи тұрғыдан мағыналардың жылжуынан пайда болады деп көрсетеді.
Зерттеушілердің бірқатары омоним сөздер деп танылу үшін омонимдік
қатарға енетін сөздер өздерінің шығу тегі жағынан гетерогенді (әр текті), яғни
тұлғалық ұқсастығы мен сәйкестігі кездейсоқ болуы керек деген принципті
ұстанса, енді бір топ зерттеушілер тілде гомогенді (бір текті) омонимдердің
болуы заңды деп тұжырымдайды. Бірінші принципті ұстанушы ғалымдардың
бірі В.И.Абаев: «Омонимия – это случайные совпадения. Полисемия никогда не
может стать омонимией, в основе такого смешения лежит представление о том,
что всякое новое употребление сеть новое слово», [55, 73 б.] – деген анықтама
24
береді. Жұмысызда біз омонимдер мен полисемия құбылыстарының ара жігіне
тоқталмадық. Тек мақала жариялаумен ғана шектелдік [56].
Біздің ойымызша, бұл омонимия құбылысын біржақты қарастырған
көзқарас. Өйткені тіл дамып отырады. Міне осы процесте тіл-тілдегі сөздер бір
мағынамен шектеліп, бір ұғымды білдіріп қана қоймай, өзінің мағыналық
аясын, қолданыс шеңберін кеңейте түсуге тырысады. Ал тілімізде гомогенді
омонимдердің пайда болуы ең алдымен тілдің, осы тарихи даму заңдылығына
сүйенетін құбылыс.
Толық омонимдер толық лексикалық омонимдер, жартылай лексикалық
омонимдер деп екіге жіктеледі. Толық лексикалық омонимге лексикалық
омонимдер, жартылай лексикалық омонимге лексика-грамматикалық және
аралас омонимдер жатады. Грамматикалық мағынасы жағынан бірдей,
лексикалық мағынасы жағынан әр басқа бір сөз табына жататын сөздерді
лексикалық омонимдер деп, сыңарлары әр сөз табына жататын және кейбір
формаларында бірдей жазылып, бірдей дыбысталатын, грамматикалық
мағынасы жағынан ажыратылатын сөздерді лексика-грамматикалық омонимдер
деп танимыз, ал сыңарлары бірі екіншісіне лексикалық омоним, екіншісіне
лексика-грамматикалық омоним болып келетін немесе барлық сыңарлары
лексика-грамматикалық омоним болатын сөздерді аралас омонимдік қатарға
жатқызамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |