Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет36/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Сүйегін қорлады
– ата-тегіне намыс келтіретін, қорлық болатын іс етті. 
Сүйекке таңба болды
– тұтас бір әулеттің тұтас бір ата ұрпақтың арына 
дақ түсірді деген мағынада. 
Сүйек қас
– тұқымымен жеті атасынан бері қас, өштес. 
Сүйек сақтар тек болмас
– ұрпақтан ұрпаққа ауысарлық кек. Жаман адам 
белгісі – сүйек сақтар тек болмас. Жақсы адам белгісі – ашуы бар, кек болмасы 
(Шешендік сөздерден). 
Сүйекті жарған
– ата-тектің ар-ұятын қорлаған. 
5. 
Сүйек – туыстық.
Бүгінге дейін жеткен құдандалы болу салт-дәстүрінің 
мән-мазмұнын «сүйек жаңғырту» ұғымы арқылы толық тануға болады. 
Бұрындары құдандалы болған жақтар қайтадан қыз алысып, қыз берісіп 
құдалықты одан әрі жалғастырса, оны «сүйек жаңғырту» дейді. Бұл салт қыз 
бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр. Ұзақ уақыттан құдалығы 
жалғасқан немесе көне құдаларды «Сары сүйек құдалар» дейді. «Сүйек 
жаңғырту» дегеніміз – ол қазақ халқының байырғы көне салты. Бұл салт-
дәстүр өте ескі болғанымен қолданысқа қолайлы әрі тиімді. Сүйек жаңғырту – 
негізінен өте алыстап кеткен ағайын туысты ана (шеше) жағынан бауырларды 
қайта жақындату мен қосуға арналған салт. Бұл салттың түрі әке жақтан 
алыстаған ағайындарға қолданылмайды. Рулық ерекшеліктерді ескеру – ең 
басты сипат.
Сүйек жақын болды. Сүйек болды
– жекжат болды, құдандалы болды. 
Сүйек жаңғыртты
– бұрыннан құдандалы болған кісілер қыз берісіп, 
жекжаттықты қайтадан жаңалады. 
Сүйек тамыр
– ежелден жақын адамдар. 
Сүйек шатыс
– қыз алып, қыз берген қарсы құдалар, құдандалы жекжат.
Демек 
тек, ұрпақ, жалғастық
ұғымдарын 
сүйек
сөзімен үйлестіре 
қолданған қазақ танымында 
ақ
әрқашан пәк, таза, рухани адал мәнінде 
жұмсалатынын тағы білеміз. Олай болса, осы екі сөзден біріккен АҚСҮЙЕК 
ұғымы 
рухани адал, пәк текті, ақ текті
ұрпақ мағынасын білдіреді екен.


32 
Сонымен тектілік, ақсүйектілік – мағыналас ұғымдар. Қазіргі қолданыста 
осы ұғым, яғни аристократиялық ұғым бірде ұнамсыз мәнде қолданылса, бірде 
аса мәдениетті элитаның жарқын көрініс ретінде жұмсалады. Мәселен,
Жағымпаздық 
– дерт. Ақсүйектік – маңғаздықтан айрылғандардың ахуалы [67]. 
Осы қолданыста ақсүйектердің бойындағы маңғаздық жағымсыз мәнде 
сипатталып тұр. Ал «Қазақ сынды қайсар, текті халықтың сол ақсүйектігін 
құртуда жер бетінің жегі құртындай болған коммунистік жүйе көп жұмыс 
жүргізді. Бізді ақсүйектіктен айырып, қара кемік күс табан құлға айналдыруды 
ойлады. Ендігі жерде қара кемік жілікті ағартып ақсүйектік жасау үшін келесі 
ұрпақтың санасынан адалдық күтетін дәуір басталды» [68] – деген қолданыста 
ақсүйектік қоғамның элиталы бөлшегі ретінде қабылданған. Орхидея гүлі
– 
даналық, нәзіктік және ақсүйектік символы 
[69]. Сондай-ақ 
ақсүйектік 
талғам, ақсүйектік мәнер
қолданыстары жиі кездеседі. Мәселен, дүкендерде 
ақсүйектік талғамға сай көйлектер таңдаңыз
деп ұсынады. 
Дегенмен АҚСҮЙЕК1 – қазақы танымда бай, болыс, билеуші, дәулетті 
ұрпақты (аристократты) емес, сүйегі асыл, тегі адал, рухани бай адамдар 
ұрпағы деген мазмұнды ашуда ұтымды қолданылады. 
АҚСҮЙЕК 2 – қазақтың ұлттық ойыны. Айлы түндерде ойналатын 
жастардың кең таралған дәстүрлі ойыны. Ақсүйек ойынында лақтырылатын 
сүйектің өзі «ақсүйек» деп аталады. Бұл ойынды ай жарық түндері, көбінесе 
жаздыгүні қыз бен жігіт, бозбалалар ауыл сыртында ойнайды. Мал келіп, 
қораланып болғаннан кейін күзет түнінде ауыл шетінде ойын басталады. 
Ойынға ертеде ірі қараның жілігі пайдаланылған. Ақсүйек ойынының бірнеше 
нұсқасы бар. Ақсүйек ойынында отқа табыну, табиғаттың жандануы және 
табиғат мезгілдерінің ауысуы, осыған орай, шаруашылық маусымның ауысуы 
көрініс тапты. Ақан сері Ақтоқтысымен, Абай Әйгеріммен, Біржан Ләйлімен 
ақсүйек арқылы табысқан деседі. 
АҚСҮЙЕК 2 – қазақтың мәдени құндылықтарының бірі. Себебі аталмыш 
ойын өзге халықтарда жоқ. Жаздың айлы түнінде бойжеткен мен 
бозбалалардың көңіл көтеріп, бой жазатын, табысатын, бірін-бірі сынап, тануға 
мүмкіндік беретін дәстүрдің бір түрі. Қазақтан асқан астроном жоқ. Көктемнің 
соңында, мал төлдеп, қора толған шақта, ауылдың аузы аққа жетіп, көңілі 
көтерілген уақытта, кешқұрым мал жайғап, үй тірлігі біткеннен кейін ауыл 
жастары бас қосып, ақсүйек ойнайды. Сүйектің түнде жарқырап көзге айқын 
түсетін қасиетін байқаған халық ойынның атрибуты ретінде таңдап алуына да 
өмірлік тіршілігінің мал шаруашылығымен байланысты екені негіз болады. 
Сүйектің бойындағы кварцтың қараңғыда жарқырайтын әсерін химиялық 
зерттеуден бұрын қазақтар таныған десек артық айтпаған болар едік. Себебі 
көшпелі халықтың, Ұлы дала елінің тіршілігі айлы түннің астында малдың 
күтімімен өткен. Малдың сүйегінің әрбір қасиетін, дарқан даланың қыр-сырын 
меңгерген қазақ халқының байқағыштық, сезгіштік қасиеті ұлттық ойын 
Ақсүйектің қалыптасуына да сеп болғанын аңғарамыз. Сондықтан ұлттық 
тіршілігінен, өмірлік болмысынан, дүниетанымы мен дәстүрінен хабар беретін 
Ақсүйек 2 ұғымын ұлттық лингвомәдени бірлік ретінде қабылдауымыз керек.


33 
Қазақ тілінде қолданыстан ажырап қалған, кейбір этнографизмдердің 
омоним құрау мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғарыдағы семалық 
талдауға негіздеп зерттеп көрелік.
Қазақ тілінде АҚТЫҚ сөзінің бір-біріне ұқсамайтын 4 түрлі мағынасы бар. 
Әдетте бұл сөзді айтқанда ең алдымен есімізге ақ мата түседі.
АҚТЫҚ 1 – ақ мата, кездеме түрі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет