Селолық «Наурыз тойы» кешінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттау берілген болатын. Бұл сайысқа «Сырға салу»салт-дәстүрін ұсынып жүлделі



Дата04.10.2020
өлшемі15,66 Kb.
#63882

Селолық «Наурыз тойы» кешінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттау берілген болатын. Бұл сайысқа «Сырға салу»салт-дәстүрін ұсынып жүлделі

1-орынды иелендік.

Сырға салу

Сахна қазақы тұрмыс-тіршілікке сай жабдықталады.Сахнада жеңге мен бойжеткен қыз сырласып отырады.



Жеңгесі:- Еркем, осы көрші ауылдың сері жігіті біздің үйді сырттап жүрген сияқты.Сенің менен бір жасырғаның бар-ау швмвсы.

Еркеқыз: -Ай,жеңеше-ай,сізден несін жасырайын.Сол жігітпен байлвсқвн сөзім бар.Ата-анамның,үлкендердің батасын алып кетсем деймін.Жігіттің ауылы сырға салып,үкілі бөрік кигіземіз деп отыр дейді.Соны апама һзің айтып хабарын берсеңші ерекңе тілекші болып.

Жеңгесі; - айтайын апама.жасыңда жетті.Ата-бабаңның салтымен,жөн-жоралғыңмен кетсеғ оның насі айып.

(Сахнадан шығып кетеді.Ене мен келін шүйіркелесіп,әңгіме айтып сырттан келе жатады.)

Келіні: -Ене,сізге айтар аманатым бар.

Ене:- Ол не ?Айта ғай,шырағым.

Келін:- Ене,уақыт деген зымыран ғой.Еркеқыздың бойжеткенін бімей де қалыппы.Мен кеін болып түскенді бұрымы желкілдеп,сізің қасыңызда отырып кесте тігіп отыратын.Міне сол еркеқыз көрші ауылдың сері жігітімен сөз байласып,құда түсіртіп,сырға салдырғалы жатыр. Оған не дейсіз?

Ене: - (біраз ойланып)Ей,шырағым не дейін? Қыз бала бойжеткесін жат жұрттық қой.Теңін тапса қарсы емеспін.Әкесіне,ағаларына айтып әуелі ақылдасайық.

(Әкесі,ағасы,анасы,жеңгесі қапылып құда күтуге дайындалып жатады.Қыз қазақ киімімен әшекейленеді.Қыз свхнаның сыртында.Бас құда,жас құда,жігіттің жеңгесі келеді)

-Ассалаумағалейкум! Біз құдайы қонақпыз.Көлбай,деген ақсақалдың үйі осы ма екен?

-Әрине,осы , осы.(Барлығы амандасады.Қонақтарын «төрлетіңіз» деп ишарат білдіріп үйгеі кіргізеді.Жөн сұрасады. )

-Құдайы қонақ екенсіздер.Келген шаруаларыңызды айта отырыңыздар.

- Біз мынау көрші ауылдағы тіней елінің бөлімінің балаларымыз.Өзім Сапардаң үлкен ұлы Талғат деген боламын.Мынау ұлыстың ұлы күнінде сіздің ауылдың дәмі бұйырып келіп жатырмыз.Мейрамдарыңыз құтты болсын.Келген шаруамыз өзіңізде сезіп отырған боларсыз сіздің қызыңыз бен біздің ұлымын сөз байласып,тата-бабамыздың салтымен болашақ келінімізге сырға салып,үкі тағып,құда түскелі,сөз байласқалы келдк.

- Ей,дұрыс-ақ.Екі бала да ақыл тоқтатқан,ержеткен балалар ғой.Өздері жарасып сөз байласса қарсылығымыз жоқ.Ауылымыз іргелес ,таныс-біліс жвндврмыз.

- Олай болса ,келген шаруамызды бітіре отырайық .Болашақ келінімізге салатын сырғамыз,тағатын үкіміз бар.Жеңгесі тағады ғой.



(Сахнаға қызды екі жеңгесі қолтыңынан сүйеп әкеледі.Қыз көрімдік беріледі)

-Ей,айналайын ,қолым құтты болсын.(сырға салады жеңгесі).Бұрын ата-бабамыз қызға сырға салып ,алып кетуге келгенде «осы ауылда алтынымыз бар» деп келеді екен.Біз де келесі жолы келгенде алтынымыз бар деп келеміз,шырағым. Мынау үкілі камшат бөрігің (басына кигізеді)Бұрынғы кезде көп қыздың ішінде үкілі камшат бөрік кисе «сырға салынып,құда түскен қыз»деп жігіттер аулақ жүреді екен ,шырағым.Ақмаңдайлы жан екенсің,алдың да ашық болсын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет