Карбозова булбул давлетханкызы


ағымдағы, жекелеген, арнайы



Pdf көрінісі
бет83/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

ағымдағы, жекелеген, арнайы
типін көре аламыз. ЖОО-да көбінесе семинар сабақтары әңгіме, баяндама, 
пікірталас түрлерінде өтіледі.
Семинар сабақтарының басымдық сипаттағы педагогикалық ерекшелігі
білім алушының «даму аймағының» монотонды емес, әртарапты болып 
келетіндігімен маңызды. «Әлеуметтік-мәдени теориядағы маңызды ұғым – 
жақын арадағы даму аймағы. Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы 
даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен 
анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және 
анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы 
анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл 
түсінік адам өз бетімен игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің 
көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды» [166]. 
Семинар сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен технологиялардың 
педагогикалық мазмұны жоғарыдағы басымдықтар пен артықшылықтарға 
негізделеді.
Омонимдік тілдік бірліктер мен олардың когнитивтік-семантикалық 
құрылымын меңгертуде жүргізілетін семинар сабақтарында пікірталас 
формасын қолдану тиімді нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Ғалым 
Ж.Дәулетбекованың зерттеу нәтижелері бойынша, пiкiрталас – білім 
алушылардың өзара пiкiр алмаса отырып, оқу міндеттерін ұтымды әрi нәтижелі 
шешуге 
мүмкiндiк 
туғызатын 
бiрлескен 
ұжымдық 
әрекет 
түрiн 
ұйымдастырудың ең жиі қолданылатын, әрi ең сeнiмдi әдiсi. Топтық пiкiрталас 
дегенiмiз – топ мүшелерінің пікірін, көзқарастарын, мақсаттарын анықтауға 
мүмкіндік беретiн таласты мәселелердi бiрлесе талқылау [97, 229-230 бб.]. 
Біздіңше, пән мазмұнымен байланысты семинар сабақтарды пікірталас 
формасында ұйымдастыруда төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
1.
Білім алушы топтағы әрбір студент ақылға қонымды мәлімет ұсынады. 
Семинар формасындағы пікірталас кезінде студенттің даму аймағы тек 
оқытушымен ғана байланысты болмай, керекті ақпарат пен білімді топтың өзге 
мүшелерінен алуына мүмкіндік туады.


120 
2.
Топтағы әр студенттің айтқан ойы мен идеясы, тақырыппен 
байланысты көтерген мәселесі пайдалы деп саналады және мұқият бағаланады. 
Бұл сипат студенттің айтылған ақпарат пен білімге сын көзімен қарауына жол 
ашып, мүмкіндік туғызады. Білім алушы тұлға дамуының психологиялық 
ерекшеліктері туралы зерттеулерге сүйенсек, білім алушының өз қатарластары 
арқылы алған біліміне деген сыни ойлау дағдысы мен оқытушыдан алған 
білімнің шынайылығы туралы сенімі екі түрлі сипатта болады. Пікірталас 
кезінде студент өз қатарластарынан алған ақпаратына (оның шынайылығы мен 
дәлдігіне, ғылыми нақтылығына) белгілі бір дәрежеде сын тұрғысынан 
қарайды. Осы сипат оның алынған ақпаратты өз пайымынан қайта өткізуіне 
себеп болады. 
3.
Пікірталасқа қатысушылар тақырыпты толық және жан-жақты түсіну 
үшін сұрақ қояды және жауап беруші тарап өз айтқандарын дәлелдейді, 
осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді». 
4.
Пікірталасқа қатысушылар мәселе төңірегінде келісімге жетуге 
тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге 
ұмтылу). 
5.
Пікірталас барысында студенттің ойын жарыққа шығару, пікірін 
дәлелдеу, сұрақтарды, қарсы пікірлерді тыңдай білу, оларға ұтымды фактілер 
мен ғылыми тұжырымдарды келтіре отырып жауап беру дағдылары 
қалыптасады.
6.
Пікірталас формасындағы семинарлар барысында студенттердің өзге 
топ мүшелеріне деген мәдени-этикалық қарым-қатынастары қалыптасады.
Білім берудің жаңа мақсаттары мен нәтижелеріне бағытталған семинар 
формасындағы сабақтар дәстүрлі сабақ жүйесімен салыстырғанда түпкі 
нәтижелерімен және сол нәтижеге жетудің жолдарымен ерекшеленеді. 
Мәселен, дәстүрлі сабақтағы білім мазмұны оқытушы – студент арасында 
әңгімелеу түрінде өткізілетін де ол әңгіме кумулятивтік сипатта болатын. Яғни, 
пікірталас орын алмаған жерде оқытушы тарапынан айтылған пікірлермен 
тыңдаушылардың басым бөлігі мехникалық түрде келісе береді, білім мен 
идеялар қайталанады.
Тілдегі 
омонимдер 
және 
олардың 
когнитивтік-семантикалық 
құрылымымен байланысты білімді нәтижелі меңгертудің бір үлгісі ретінде 
төмендегідей сабақ жоспарын ұсынуға болады: 
Кесте 7 – Омонимдерді оқытудың үлгі сабақ жоспары 
Пән/Модуль 
Қазіргі қазақ тілінің лексикологясы 
Семинар 



Сабақтың тақырыбы Ғаламның тілдік бейнесіндегі омонимдік тілдік бірліктер 
Оқу мақсаттары 
Ғаламның тілдік бейнесіндегі омонимдердің орнын айқындау; 
Омонимдердің ұлттық-танымдық ерекшеліктерін көрсету; 
Табыс критерийлері Тақырып бойынша пререквизиттік білімдерін (философия 
(гносеалогия), тіл біліміне кіріспе, қазақ диалектологиясы тағы да


121 
7-кестенің жалғасы 


басқа пәндер бойынша) қолдана біледі; 
ғалам бейнесіндегі омонимдердің танымдық ерекшелігін саралай 
алады; 
омонимдердің жасалуындағы ұлттық таным ерекшеліктерін 
көрсете алады; 
өз ойын ғылыми дәлелді, айқын жеткізуге дағдаланады; 
топтық жұмыстарда пікірталас мәдениетіне дағдыланады. 
Негізгі идеялар 
Жалпы тіл білімінде аталмыш құбылысқа қатысты омонимия, 
омонимика, омоним, лексикалық омоним, толық омоним, 
жартылай омоним, омограф, омофон, омоформа, омонимдік 
құбылыс және т.б. сияқты терминдер қолданылады. Омонимдердің 
танымдық сипатын саралайтын болсақ, осы тілдік бірліктердің 
пайда болу негіздерінің халық танымымен байланыстылығын 
байқауға болады. Омонимдердің жасалуына түрткіжайт болатын 
когнитивтік әрекеттерді ішкі құрылымдық компоненттерге 
(фрейм, сценарий, гешьталт, т.б.) саралауға болады. Ғалам 
бейнесіндегі омонимдердің лингвокогнитивтік сипатын саралауда 
ғылыми пікірлер бірізді емес. Омонимдердің түрлерін айқындауда 
олардың когнитивтік ерекшелігін де ескеріп отырған жөн.
Пререквизиттік 
білім 
Философия (гносеалогия), тіл біліміне кіріспе, қазіргі қазақ тілінің 
лексикологиясы мен фразеологиясы, қазақ тілін оқыту әдістемесі 
Постреквизиттік 
білім 
Анропоөзектік тіл білімі, жалпы тіл білімі, когнитивтік линвистика 
Уақыты, минут 
Студенттің іс-әрекеті 
Студенттің іс-әрекеті 
Сабақ барысы 
0-3 
Студенттермен сәлемдесу 
Аудиторияның, топтың сабаққа 
дайындығына назар аударту. 
Студенттер сабаққа керекті 
құрал-жабдықтарын 
дайындайды. Кемшіліктерді 
жояды (түзетеді). 
3-5 
Студенттерді топқа бөлу.
Студенттер 
екі 
топқа 
бөлінеді. Әр студент топтағы 
рөлін айқындайды. 
5-10 
Оқытушы сабақ тақырыбын 
қайталау, мақсатын түсіндіру, 
табыс критерийлерімен таныстыру. 
Жұмыс тапсырмаларын қалай 
орындау керектігін, топтық жұмыс 
ережелерін еске салу. 
Студенттер тыңдайды. 
10-20 
Оқытушы әр топқа әртүрлі 
тапсырмаларды бөліп береді, оны 
жұптар 10 минутта орындау 
керектігін айтады.
I. Тақырыпты айқындау, 
теориялық тұжырым 
тапсырмалары: ғылыми 
Студенттер топта аталған 
мәселелерді 
талқылайды, 
талқылау 
нәтижелері 
бойынша тезистер түзеді. 
Презентация 
дайындайды. 
Түзілген тезистер бойынша 
жарыссөзге дайындалады. 


122 
7-кестенің жалғасы



әдебиеттерді, сөздіктерді, ғаламтор 
көздерін, пререквизиттік 
білімдеріңізді пайдалана отырып, 
төмендегі мәселелер бойынша 
сұрақтарды талқылаңыздар. 
Топтық жұмыс нәтижесін постерге 
түсіріңіздер. 
1-сұрақ: Ғалам бейнесі дегеніміз... 
2-сұрақ: Ғаламның тілдік 
бейнесіндегі омонимдердің 
ерекшеліктері мен когнитивтік 
сипаты. 
3-сұрақ: Омонимдердің түрлері 
мен оларды жүйелеудегі танымның 
орны. 
20-30 
Топтық жұмыс нәтижесін қорғау. 
Әр топқа 3 минут уақыт беріліп, 
топтық 
жұмыс 
нәтижелерімен 
(тезистермен) танысу ұсынылады. 
Таныстыру барысында жұмыстың 
логикалық 
жүйелілігі, 
дәлдігі, 
ғылыми 
әдебиеттермен 
байланысты (сілтемелілігі) болуы, 
шығармашылық 
ерекшелігі 
назарда ұсталады. 
Топ 
студенттері 
жұмыс 
нәтижесін баяндайды.
Пікірталасқа 
қажетті, 
айқындауды керек ететін 
мәселелер бойынша сұрақтар 
дайындайды. 
30-40 
ІI. Ойталқы. Топ студенттері өз 
тезистеріне байланысты қойылған 
сұрақтар бойынша жауап береді.
Студенттер берілген топ 
бойынша 
берілген 
сұрақтарды топта талдап, 
жауап береді.
40-45 
Тақырыпты қорытындылау, білім 
мен дағдыны бағалау мақсатында 
топтардың 
сабақ 
тақырыбы 
бойынша 
ортақ 
және 
айырмашылық 
тұстарын 
Венн 
диаграммасына түсіру ұсынылады. 
Әр 
топ 
өкілдері 
интербелсенді 
тақтада 
орналастырылған 
Венн 
диаграммасын 
толтырады. 
Кестедегі 
ақпараттарға 
сәйкес, студенттің сабақтағы 
білімі 
мен 
дағдысы 
бағаланады. 
45-50 
Қорытынды, кері байланыс орнату 
Топ 
мүшелеріне 
«Шаттық 
шеңберін» құрап, студенттердің 
сабақ нәтижесі бойынша бір тілек, 
тақырыппен байланысты мәселені 
қарастыруға бір ұсыныс айту 
ұсынылады. 
Студенттер шеңбер бойымен 
тұрып, 
бірі 
екіншісіне 
сабақтағы жетістігі туралы 
жақсы пікір немесе тілек 
айтады және тақырыппен 
байланысты 
бір 
ғылыми 
әдебиетті 
оқуға 
(конспектілеуге) 
кеңес 
береді. 


123 
Омонимдерді оқыту барысындағы семинар сабақтарда оқытудағы жаңа 
стратегиялар мен әдістерді кеңінен қолдануға болады. Мәселен, сабақты 
ұйымдастыру сәтіндегі «Миға шабуыл» әдісі студенттердің сабақ барысындағы 
назар аудару, ойлау жылдамдықтарын арттырса, қорытынды бөлігіндегі әдістер 
мен стратегиялар топта ұжымдық қарым-қатынасты сақтауға бағытталады. 
Жоғары мектеп педагогикасында сабақтарды пікірталас түрінде өткізуде 
студенттің тұлғааралық қарым-қатынас пен пікірталас мәдениетін сақтауына 
баса назар аудару қажет. Осы себепті де, сабақтағы пікірталасты ұйымдастыру 
барысында оның негізгі ережелерін еске салып отыру қажет.
Қорыта айтқанда, омонимдерді оқытудың әдістемелік және технологиялық 
ерекшеліктері жалпы педагогикалық үдерістер аясында білім берудің жаңа 
ұстанымдарына сай, жаңа технологиялар мен әдістерді қажет етеді. 
Омонимдердің оқытуда қолданылатын заманауи құралдар мен әдістер білім 
алушы субъектілердің, негізінен, өзара білім алуына бағытталады. Жаңа 
нәтижеге бағытталған әдістер бойынша білім беруде оқу үдерісіне барлық білім 
алушылар толық қамтылады. Омонимдерді оқытудағы теориялық білімнен өзге 
білім алушылардың сөйлеу, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, 
дағдыландыру сияқты жанама мақсаттардың маңызы зор.
Сонымен, омонимдік бірліктердің когнитивтік семантикасы мен 
құрылымдық ерекшелігін оқытуда пән мазмұны мен сабақтың тақырыбына 
сәйкес қандай да бір технологияны білім беру үрдісіне енгізу арқылы білім 
алушылардың лингвистикалық білімін көтеруге, дербес тұлғалық қасиетін 
қалыптастыруға, интеллектуалдық мүмкіндігін ашып көрсетуге, когнитивтік 
әлеуетін арттыруға болады. 
Жалпы омонимдік бірліктерді оқытудағы пайдаланылған технологиялар 
уақыт озған сайын өзгеріп, жаңа бір технологиямен толығып, керісінше 
қолданыста болған технологиядан бас тартып отыру мәселесі тарихи заңдылық 
деп тануға болады. Сонымен қатар, омонимдік бірліктердің когнитвтік 
құрылымын оқытуда қолданылған әдістердің әрбіреуінің өзіндік ерекшелігі бар, 
білім алушыларды қай жағынан болмасын ілгері қарай дамытуда әрбіреуінің 
өзіндік септігі мен арнайы қызметінің болатындығы белгілі. Жұмысымызда 
омонимдік 
бірліктердің 
когнитивтік 
құрылымын 
оқыту 
барысында 
пайдаланылған технологиялар мен стратегиялық жұмыстардың түрлері арнайы 
сараланды. Омонимдерді оқытудағы әдістер оқу-танымдық іс-әрекетте 
негізделіп, білім алушылардың білім-білік дағдыларын дамытуға, тұлғалық 
болмысын қалыптастыруға, ғылыми шығармашылық әлеуетін көтеруге ықпал 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет