116
ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік, әріптестік сияқты қасиеттер. Бұл
технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі –
білім алушыны жақсы, жаман,
орташа деп бөлмей, тек материалды өте жылдам, жылдам,
баяу қабылдауына
қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп, барлық білім алушының дамуы үшін
қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады» [114, 24 б.]. Омонимдік бірліктердің
лингвистикалық табиғатын бірыңғай когнитивтік аспектіде я болмаса
антропоөзектік парадигма аясында оқыту керек деп кесіп айтуға болмайды.
Омонимдердің лингвистикалық сипатын когнитивтік аспектіде оқытпас бұрын,
дәстүрлі-құрылымдық жүйе (структуралистік парадигма)
бойынша оқытудың
нәтижесінен кейін ғана, когнитивтік құрылымдық жүйеде оқыту қажет. Себебі
білім алушылардың негізгі базалық білімінің іргетасы дәстүрлі-құрылымдық
жүйе бойынша қаланатындығын назарда ұстау қажет. Ал бұл жердегі
омонимдік бірліктерді дәстүрлі-құрылымдық жүйе бойынша оқытуда сатылай
кешенді талдау технологиясының тиімділігін жоғары деп санауға болады.
Республикамыздағы жалпыға білім беретін мекемелердің басым көпшілігі күні
бүгінге дейін сатылай кешенді талдау технологиясын пайдаланып жүргендігін
ескерсек, жоғары оқу орындары филологиялық
мамандықтар бойынша білім
алушыларға да сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми әдістемелік
жағын тереңдете оқыту арқылы білім алушылардың біліктілігін арттыра түсуге
болады.
Омонимдік бірліктердің құрылымы мен мағыналық мазмұнын оқытуда
сатылай кешенді талдау технологиясын да пайдалануға болады. Бұл
технологияда білім алушыларға омонимдердің жасалу жолдары мен
құрылымдық ерекшеліктеріне қатысты білім мазмұны қарапайым түсініктен
бастап, сатылы үлгіде, өзара кешенді бірлестік құрамында беріледі.
Күрделендіру нәтижесінде білім алушыларға кең
көлемдегі білім мазмұнын
беруге болатындығы бізге дейінгі өндірістік тәжірибиеде дәлелденген. Сатылай
кешенді талдау технологиясы бойынша омонимдік бірліктердің құрылымдық
мазмұнын оқытумен қатар когнитивтік құрылымын оқыту арқылы
студенттердің лингвистикалық білімін кеңейтіп, когнитивтік танымын көтеруге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: