Карбозова булбул давлетханкызы


Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы



Pdf көрінісі
бет76/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы 
– «бақылау, тәжірибе, толғану және 
пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және 
синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет 


113 
жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір 
нәрсені елестетуге, баламалы шешімдер қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің 
жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол 
ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын 
тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. 
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі: 
-
тиісті ақпарат жинауды; 
-
дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды; 
-
кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар; 
-
ауқымды тәжірибие негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта 
қарауды қамтиды.
Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен 
қатар, бұл үдеріс 
анықталмаған 
болжамдар 
мен 
құндылықтарды, 
проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, 
түрлі міндеттерді шешуді, басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді 
қамтиды» [164, 45 б.]. Омонимдік бірліктердің когнитивтік құрылымын 
оқытудағы ұтымды технологиялардың қатарына сын тұрғысынан ойлауды 
жатқызуға болады. Тілдегі омонимдік бірліктердің лингвистикалық табиғатын 
тану – сын тұрғысынан ойлауды қажет ететін бірден-бір категория. Тілдегі 
омонимдерді полисемиялы сөздерден ажырату, толық омоним, жартылай 
омоним, аралас омоним секілді омонимдердің түрлерін ажыратып талдау 
жұмыстарын жүргізуде, омофон мен омограф, омоформа секілді омонимдік 
құбылыстарға баға беруде сын тұрғысынан ойлау технологиясын айналып өту 
мүмкін емес. Омонимдердің когнитивтік құрылымын сын тұрғысынан ойлау 
арқылы омонимдердің когнитивтік семантикасын тануға, талдау жұмыстары 
арқылы омонимдердің прагматикалық мазмұнын түсінуге, омонимдерді 
пайдалану арқылы дискурсты жүзеге асыру барысында бағалай білуге, сын 
көзімен қарау арқылы шығармашылық ізденісінің қалыптасуына қол 
жеткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет