Карбозова булбул давлетханкызы


Дамыта оқыту технологиясы



Pdf көрінісі
бет77/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Дамыта оқыту технологиясы 
– білім алушының белсенді субъект ретінде 
оқу процесіне толыққанды қатысуы. Бұл дамыта оқыту технологиясын басқа 
технологиялардан басты белгі ретінде ажыратып тұрады. Дамыта оқыту 
процесінде оқушы өзін мұғалім дамытуға міндетті және солай болуы тиіс 
объект ретінде емес, өзін-өзі дамытуға, өзгертуге қатысатын субъект ретінде 
орын алады. Оқушының өз білімін жетілдіруге ниет қоюы оқушы дамуының 
негізгі мазмұнын білдіреді. 
Оқушының даму белсенділігін теориялық білім мазмұны арқылы 
ұйымдастыру, сол мақсатқа оқушымен бірлесе отырып бет алу дамыта оқыту 
технологиясының мазмұнын құрайды. Ал оқушы мұғалім сияқты оқу 
процесінің екінші субъектісі болу үшін өз бойында қажетті біршама қасиеттерді 
ашу керек. Атап айтқанда, оқушы өзінің алдына қойылған міндеттерді 
шешудің жолын, әдісі, амалын мұғалімнен күтіп отырмай, өз бетімен 
орындауға қабілеті барын көрсетуі, соны дамытуы керек. Ал ондай оқушы 
қалыптастыру үшін білім беру процесін сол мақсатқа сәйкестендіріп құру 


114 
керек» [165, 14-15 бб.]. Омонимдік бірліктердің когнитивтік құрылымын 
филологиялық мамандықтар бойынша білім алушыларға дамыта оқыту 
технологиясын өз бетінше жұмыс жасауда (СӨЖ, СОӨЖ), семинар және 
практикалық сабақтарда пайдалану арқылы, білім алушылардың дербес жұмыс 
жасауы арқылы өзіндік позициясының қалыптасуына, өз ойын ортаға салып, өз 
пікірін қорғай алуына мүмкіндік тудыратындығы тәжірибиелік жұмыстарда 
көрінді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет