«Омонимдердің когнитивті семантикасы» курсын оқыту нәтижесінде
студент:
Омонимдік бірліктердің когнитивті семантикасы курсын оқу арқылы,
омонимия құбылысының табиғатын, дискурс барысындағы қолданыс жиілігін,
тілдік қоршаған ортаны, омонимдік бірліктердің түрлері мен терминдік
аталымдарын, тіл арқылы қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-
білудің ғылыми-теориялық негіздері туралы ақпарат алады. Омонимдік
бірліктердің когнитивтік семантикасы курсы тіл білімінің танымдық бағыттары
мен аспектілерін әртүрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным
процесіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады. Омонимдік
бірліктердің когнитивтік семантикасын меңгерту ЖОО-да филологиялық
мамандықтардың білім беру үдерісіндегі
«Нормативтік қазақ тілі», «Тіл
біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»,
«Қазақ тілінің диалектологиясы», «Когнитивтік лингвистика», «Кәсіби қазақ
тілі», «Қазақ тілінің лексикографиясы», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»
секілді пәндерінде берілген білім мазмұнын тереңдетеді, студенттердің
ғылыми-теориялық көзқарасын жетілдіреді. Бұл сала қоғамдық-әлеуметтік өмір
мен ғылым-білімді ұштастыра келіп, болашақ маманның лингвистикалық білімі
мен дүниетанымын жетілдіріп, өзінше ой-пікір түйіндеуге қол жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |