6-тапсырма. Тойға барсаң, тойып бар, торқа тоның киіп бар деген
тіркестегі омонимдік мағыналарды түсіндіріп беріңіздер.
7-тапсырма. Омоним
сөздер
берілген
сөйлемдерден
олардың
дистрибуциясы, яғни тілдік қоршауы арқылы формальдық белгілерін табыңыз.
Маржан сырттағы оқиғаға таңданып қарап тұр. Қара көйлек киген қыз есік
алдына шықты. Қараған сайын көзі тоймай барады. Қараны қара, ақты ақ деу
керек қой. Сен балаға қара!
8-тапсырма. Мәтінде берілген омоним сыңары болатын сөздің ұлттық-
танымдық ерекшелігін ашып түсіндір.
Жылда көктем кірер-кірместен киіздей қаулап кететін көк шалғынға атаң қазақтың осындай далиып жатқан ұшы-қиыры жоқ даласы қазір де қақалып тұр (Ә.Нүрпейісов Ақ бидай туралы аңыз). Әсіресе, әне бір көктен тамшы тамбай безеріп алған қуаңшылық жылдары көктемей жатып күйіп кеткен егінді көргенде өздерінің ағыл-тегіл тер төккен ұлы еңбегі еш, зая кеткеніне жаны күйзеліп тұрса да, сыр беріп, сыртына сөз шығарып көрген емес (Ә.Нүрпейісов, Ер шоқтығы). КӨК 3 з а т . э т н.
Киіз үйдің керегесін т.б. көктейтін, кереге ағаштарын бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылатын, иі қанбаған қайыстан тілінген таспа .
Ауыл жастары киіз үйдің керегесіне қайыстан көк дайындады. 9-тапсырма. Берілген омоним сөздердің мағыналарын сөздіктерден табу
арқылы семантикалық құрылымын анықта. Ақтық, ақсүйек т.б.