Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет92/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

№ Білім алушыларға 
қойылған сұрақтар 
Білім алушылардан алынған жауап нұсқалары мен 
нәтижелері 



Омонимдердің 
лингвистикалық 
табиғатын игеру не 
үшін керек? 
Лингвистикалық білім көкжиегін кеңейтеді. (62 %) 
Қазақ тілі теориясы бойынша білімімді жүйелеуге 
көмектеседі. (18 %) 
Сөз мағынасын жетік білуге, ұлттық діліміз бен тіліміздің 
одан ары дамуына ықпал етеді. (15 %) 
Өзге де нұсқалар (5 %) 

Омонимдерді таным 
теориясымен 
байланыстырудың 
нәтижесі қандай? 
Тілдің танымдық қызметін иегеруге сонымен қатар ұлттық 
кодтың сақталуына мүмкіндік береді. (46 %) 
Тіл мен дүниетанымның сабақтастығын көрсетеді. (34 %) 
Тілдік білім мен дүниелік білімді байланыстыруға ықпал 
етеді. (12 %) 
Жауап беруге қиналады (8 %) 

Омонимдерді 
игеруде 
қандай 
қиындықтар 
мен 
кедергілерге 
ұшырауымыз 
мүмкін? 
Омонимдер 
мен 
көпмағыналы 
сөздерді 
ажыратуда 
қиындықтар туындайды. (63 %) 
Мәтін ішіндегі сөз мағынасын ажыратуда кедергілер бар. (18 
%) 
Ғылыми тұжырымдарды жүйелеуде қиындықтар болады. (13 
%) 
Өзге де нұсқалар (6 %) 

Омонимдерді 
күнделікті 
қолданудың 
ерекшелігі неде? 
Омонимдер күнделікті тілдік қолданыста жиі кездеседі. (42 
%) 
Тілдік дискурстағы омонимдердің қолданысы байқала 
бермейді. (37 %) 
Қарым-қатынас 
барысында 
ойды 
ойнақы 
жеткізуге 
көмектеседі. (14 %) 
Өзге де нұсқалар. (7 %) 

Омонимдерді 
антропоөзектік 
парадигмамен 
байланыстыра 
аласыз ба? 
Омонимдерді дәстүрлі лингвистиканың нысаны деп білемін. 
(54 %) 
Омонимдердің пайда болуында халық танымының үлесі бар 
деп санаймын. (28 %) 
Омонимдер мен антропоөзектік теорияларды байланыстыруда 
қиналамын. (14 %) 
Антропоөзектік лингвистиканы толық игерген жоқпын. (4 %) 


133 
Сауалнама барысында аталған тілдік бірліктерді толыққанды игеруде 
төмендегідей нәтижелер белгілі болды:
-
білім алушылардың барлығы омоним құбылысымен таныс; 
-
омонимдерге лексика-семантикалық талдау жасай алады; 
-
омонимдермен байланысты пререквизиттік білімдерін қолдана алады; 
-
омонимдерге байланысты оқулық деңгейінде білімдері бар; 
-
білім алушылардың басым көпшілігі омонимдерді құрылымдық 
лингвистика аясында қарастырады. 
Сонымен қатар зерттеу тақырыбымен байланысты төмендегі мәселелер 
анықталды:
-
омонимдермен байланысты ғалымдардың тұжырымдары туралы білімді 
толықтыруды қажет етеді; 
-
омонимдердің жүйеленуі мен оның критерилерін негіздеуде қиындықтар 
туындайды; 
-
омонимдердің жасалуындағы танымның қатыстылығын түсіндіруде 
қиындықтар бар
-
омонимдерді когнитивтік тіл білімімен байланыстыруда қиындықтар бар; 
-
омонимдердің қолданыс жиілігі мен стильдік қызметін саралауда 
кедергілер туындайды. 
Омонимдік тілдік бірліктердің когнитивті семантикасын меңгерту 
барысында жүргізілген эксперименттің анықтау кезеңі алынған ақпараттарды 
өңдеумен, сұрыптаумен, алдағы эксперимент бағытын айқындаумен
қорытындыланды. Эксперименттің қалыптастыру кезеңіндегі педагогикалық 
әрекет эсперименттік топтағы білім алушыларға пән мазмұнын терең игерту 
мақсатында тиімді педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер таңдаудан 
басталды.
Білім алушылардың филологиялық сипаттағы бағыты мен жоғары 
мектептің педагогикалық әрекетті ұйымдастыру ерекшелігін ескере отырып, 
эксперименттік топ студенттеріне дәрістік және семинар сабақтарға арналып 
жаңа технологияларға негізделген сабақтар жоспарланды. Мәселен, 
эксперименттік топта дәріс сабақтары дәстүрден тыс формада жүргізілді. Дәріс 
және семинар сабақтарындағы басты ұстаным ретінде студентке білімді тек 
жалаң, механикалық түрде ғана емес, олардың сын тұрғысынан ойлау 
дағдыларын, шығармашылық ойлау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру сияқты 
мақсаттар танылды. Дәріс сабақтарында мәнмәтіндік білім берудің 
проблемалық қағидасы, ойын әрекеті қағидасы, диалогтік сөйлесім қағидасы, 
біріккен ұжымдық әрекет қағидасы сынды қағидаттар басшылыққа алынды.
Проблемалық қағида бойынша омонимдердің когнитивтік семантикасымен 
байланысты оқу материалы проблемалық, түйіткілді тұстар мен жағдаяттарға 
негізделіп, тыңдаушылардың біріккен талдауы мен шешімдерін қажет етті. 
Сонымен қатар дәрістер барысында эмоционалдық, психологиялық жағдайды 
серпілту және танымдық мотивацияны қалыптастыру үшін рөлдік және блиц-
ойындар, миға (ойға) шабуыл сынды ойын әрекетінің элементтері кіріктірілді. 


134 
Дәрістерде диалогтік сөйлесім қағидасына сәйкес, белгілі бір әдістемелік 
тәсілдер оқытушы мен білім алушы арасындағы диалогтық қарым-қатынастың 
белсенді орын алуына жағдай туғызды. Дәріс сабақтарындағы проблемалық 
дәріс қағидасының мәні – оқытушының оқу материалын баяндау барысында 
проблемалық жағдаят туғызып, оны шешуге студенттерді атсалыстыруында. 
Мәселеде айқындалған қарама-қайшылықтарды, ақпараттарды талдау арқылы 
білім алушылар дәстүрлі жүйеде оқытушы тарапынан айтылатын түйінді өздері 
айтады, қорытындыны өздері шығарады. Эсперименттік сабақтар барысында 
жоғарыда баяндалған дәстүрлі емес дәріс сабақтарының қағидаттарын 
басшылыққа ала отырып, омонимдік бірліктердің когнитивтік семантикасын 
меңгертуде олардың жасалым жолдарымен байланысты өрбіген дәрісте 
студенттермен шығармашылық, диалогтік қарым-қатынас орнатылып, 
төмендегідей проблемалық сұрақтар айқындалды: 
1.
Көпмағыналы сөздердің семантикалық дамуы мен омонимге айналу 
дәрежесі; 
2.
Омонимдік бірліктердің жасалымындағы грамматикалық формалардың 
орны мен маңызы; 
3.
Омонимдердің жасалуындағы сөз мағынасы мен формасы; 
4.
Омонимдер және аймақтық лексика. 
Осы мазмұндағы мәселелер бойынша студенттерге жетекші сұрақтар бере 
отырып, олардың шешім, қорытынды шығаруына жол ашылды.
Эксперименттік сабақтар барысының ауқымды бөлігі семинарларда 
жүргізілді. Семинар сабақтар жоғарыдағы тарауларда айтылып өткен 
нәтижелерге бағытталды, яғни пән мазмұнын игертумен байланысты семинар 
сабақтарындағы мақсаттар төмендегідей болып белгіленді: 
1.
Студенттің білім алудағы «жақын арадағы даму аймағын» 
қалыптастыру; 
2.
Студенттердің сыни-аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру; 
3.
АКТ құралдарының көмегімен қажетті ақпаратты табу, саралау 
дағдыларын, білім көздерін тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру; 
4.
Студенттердің бойында сөйлеу мәдениеті мен ұжымдық қарым-қатынас 
мәдениетін қалыптастыру; 
5.
Топтық, жұптық жұмыстарда студенттің тұлғалық мәдениеті мен 
білімдарлығын, көшбасшылығын қалыптастыру. 
Омонимдік бірліктердің когнитивтік семантикасын меңгерту барысында 
семинар сабақтарының жоғарыдағы мақсаттарын орындау үшін тапсырмалар 
ұсынылды. Эксперимент барысында пайдаланылған және бақылау нәтижесінің 
тиімділігіне бағытталған тапсырмалардың топтамасын жинақтап төмендегідей 
көрсетуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет