Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет100/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

3-тарау бойынша тұжырым 
1. ЖОО-да омонимдік бірліктерді кешенді түрде оқытудың нәтижесінде, 
филолог мамандарды даярлауда қоғам талабы мен оқыту жүйесінің бірлігін 
сабақтастықта қарастыру арқылы білім мазмұнын модульдік үлгілерге сәйкес 
тиімді меңгертуге болады. Пән мазмұнымен байланысты модульдер ғылыми 
ұстанымдардың қағидаларына негізделеді. 
2. Омонимдік бірліктердің когнитивтік семантикасын оқытуда модульдік 
үлгілерді пайдалану болашақ мамандардың пән мазмұнын кешенді түрде 
түсінуге ықпал етеді. Модульдердің білімді тексеру мен саралауда да тиімділігі 
байқалады.
3. Омонимдердің когнитивтік семантикасын оқытудың негізгі мақсаты – 
филолог маманның лингвистикалық білім сапасын арттыру ғана емес, сонымен 


140 
қатар осы білімді жинау, пайдалану дағдыларын қалыптастырудан тұрады. 
Омонимдік бірліктерді оқытуда білім берудің жаңа сипаттағы бағыттары мен 
нәтижелеріне сәйкес, озық технологияларды сұрыптап пайдалану білім сапасын 
нәтижеге бағыттайды.
4. Жұмыста көрсетілген педагогикалық ұстанымдар мен жаңа 
технологиялар, олардағы стратегиялар мен әдіс-тәсілдер білім алушылардың 
жас және психологиялық ерекшелігіне сәйкестігін танытты. Бұл жайт 
эксперимент сабақтар нәтижесінде дәлелденді.
5. Зерттеу тақырыбымен байланысты эксперимент нәтижелері таңдалған 
педагогикалық технологиялар мен әдістемелердің дұрыстығын дәлелдеді. 
Эксперимент кезінде жүргізілген жұмыстар барысында білім алушылардың 
тұлғалық, психологиялық, мәдени, жас ерекшеліктері есепке алынды.
6. Педагогикалық эксперимент нәтижелерін мерзімі бойынша қысқа және 
ұзақ мерзімді кезеңдерге бөлуге болады. Жұмыстар барысындағы білім 
алушының үлгерімі мен дағды ерекшеліктеріндегі ілгерілеушілік қысқа 
мерзімді кезеңде анықталды. Студенттердің бойында қалыптасады деп 
болжанған мәдени, эстетикалық, тәрбиелік, т.б. тұлғалық ерекшеліктер ұзақ 
мерзімді кезең нәтижесі болып табылады. 


141 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет