Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет99/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Орта 
(45%)
Жақсы 
(35%)
Өте 
жақсы 
(20%)
Орта 
(25 %)
Жақсы 
(35%)
Өте 
жақсы 
(40 %)
Экспериментке дейінгі үлгерім Эксперименттен кейінгі үлгерім 
Сурет 10 – Эксперименттік топтың үлгерім көрсеткіші 
Жоғарыдағы эксперименттік кезеңдегі орындалған әрекет нәтижелері 
көрсеткендей, омонимдердің когнитивтік семантикасын меңгерту барысында 
қолданылған оқытудың жаңа технологиялары мен стратегиялары студенттердің 
білімді жаттанды, жалаң түрде емес, омонимдердің лингвистикалық білімдер 
жүйесіндегі орны мен маңызын айқындай отырып, толыққанды талдап, түсініп 
қабылдағанын көрсетті. Эксперимент кезеңіндегі таңдап алынған тапсырмалар 
мен оларды орындау тәртібі мен жүйесі студенттердің тілдік білімге деген 
қызығушылығын тудырды. Пән мазмұнында пререквизиттік білімдерін 
пайдалана отырып жаңа тұжырым жасауда әр студенттің жеке қабілеттері мен 
дағдылары ескерілді. Эксперименттік топ студенттеріне сабақ үдерісін 
ұйымдастыру мен жоспарлауда білім алушылардың бойында кәсіби 
дағдыларын қалыптастыруға басымдық берілді. Дәріс және семинар сабақтары 
барысында диалог жасауға мүмкіндік берілді, студенттер білімнің жеке және 
ұжымдық кеңістігінде, ашық және ортақ кеңістігінде әрекет етті. Оқытушы 


139 
әрекеті 
білім 
беруші 
статусынан 
білімді 
жүйелеуші, 
әрекеттерді 
ұйымдастырушы 
статусына 
бағытталды. 
Оқытушы 
тарапынан 
оқу 
әрекеттеріндегі білімнің сапасы мен ондағы студент әрекеті (сөйлеу әрекеті мен 
пікірталас жүргізу мәдениеті, ақпараттады сұрыптай алу дағдысы мен тәртібі, 
ойын жүйелеу т.б.) қадағаланып отырды. Экспериментке таңдалып алынған 
педагогикалық технологиялардың тиімділігін студенттердің қорытынды 
бақылау материалдары дәлелдеді. 
Қорыта келгенде, эксперимент барысында жүргізілген әдістемелік әдістер 
мен тәсілдердің нәтижесінде жүйелі жоғары нәтижеге тәжірибиелік сынақ 
кезеңінде қол жеткізілді. Омонимдердің когнитивтік семантикалық өрісін 
оқыту барысындағы эксперимент нәтижелері омонимдерді когнитивтік 
аспектіде оқытудың ұтымдылығын көрсетті. 
Омонимдердің лингвистикалық және когнитивтік ерекшеліктерін оқытуда 
білім алушылардың кәсіби дайындықтарының жоғарылауы болашақтағы кәсіби 
дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Эксперимент кезеңіндегі 
омонимдердің когнитивтік семантикасын оқытудың нәтижесі болашақ 
мамандардың кәсіби-лингвистикалық және педагогикалық шеберлігін, сөйлеу 
мәдениетін, берілген материалды түсіну және игеру деңгейін көтеруге ықпал 
етеді. Эксперименттік кезеңдегі педагогикалық әдіс-тәсілдердің жүйелі және 
ұтымды таңдалуы білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, 
ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыруға жол ашады. Сабақ 
үрдісінде омонимдердің лингвистикалық табиғатына қатысты пайдаланылған 
тапсырмалар білім алушылардың ой ұшқырлығын, сөйлеу шеберлігін 
дамытады. Сонымен қатар білім алушылардың тағылымдық-тәрбиелік 
категорияларды игеруіне де септігін тигізеді. Студенттердің ойлау мәнері мен 
сөйлеу әдебінің жағымдылық сипатын арттырып, олардың байқампаздық пен 
талғампаздық және талдай білу қабілеттерін жетілдіріп, омонимдік бірліктердің 
лингвистикалық табиғаты мен когнитивтік ерекшеліктерін жете білуге, түсінуге 
септігін тигізеді. Білім алушылардың әдеби нормада сөйлей білуіне жол ашып, 
олардың мәдени, танымдық, интеллектуалдық, дара тұлғалық құзыреттіліктерін 
қалыптастыруға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет