130
8-кестенің жалғасы
1
2
3
7
Омонимдердің
сөздіктердегі берілуі.
Омонимдік
бірліктердің
табиғатына қатысты.
Омонимдік сөздіктерге
лексикографиялық талдау
жасау.
8
Тілдік дискурс пен мәтін
түзіліміндегі омонимдік
қолданыстар.
Омонимдік
бірліктердің
болмысына қатысты
пікірcaйыc өткізу.
Омофондарға мысал теру.
9
Омонимдік
бірліктердің
көркем мәтіндегі қолданыс
ерекшелігі.
Омонимдік
бірліктердің түрлеріне
қатысты кортотекалық
материалдарды
жүйелеу.
Омографтарға мысал теру.
10 Омонимдік
бірліктердің
таңбалық
және мағыналық
қатынасындағы танымдық
фактор.
Омонимдік бірліктерді
қатыстырып шағын
мәтіннен тұратын эссе
жазу.
Омонимдердің түрлеріне
қатысты салыстырмалы
кесте дайындау.
11 Омонимдік бірліктердің
қолданыс жиілігі мен
мәнмәтіндік мағынасы.
Жиілік сөздіктердегі
омонимдерді
ажыратуға қатысты
мысалдар теру.
Омонимдік
бірліктердің
жиілік
сөздіктердегі
берілуінің
ғылыми
негіздеріне шолу жасау.
12 Омонимдік түзілімдердің
когнитивтік негіздері.
Омонимдердің
танымдық болмысына
талдау жасау.
Омонимдік
бірліктерді
когнитивтік
аспектіде
қарастырған
еңбектер
бойынша кесте дайындау.
13 Тілдік жүйедегі омонимдік
құбылыстардың танымдық
мәні.
Көркем мәтіндердегі
омонимдердің
мәнмәтіндік
қолданысына талдау
жасау.
Омонимдік
бірліктердің
когнитивтік
семантикасы
туралы
өзіндік тұжырым
жазу.
14 Омонимдік бірліктерді
зерттеудегі танымдық
категориялардың орны.
СОӨЖ бойынша
орындалған жұмыс
(жоба) тақырыбын
қорытындылау және
қорғауалды дайындық
жұмыстарын жүргізу.
Омонимдік
бірліктердің
когнитивтік семантикасына
қатысты
отандық
және
әлемдік
тіл
біліміндегі
ғылыми
пікірлерге талдау
жұмыстарын жүргізу.
15 Ғаламның тілдік
бейнесіндегі омонимдік
бірліктер.
СОӨЖ жұмысын
қорғау.
Омонимдік
бірліктердің
когнитивтік семантикасына
қатысты жүргізілген өзіндік
жұмыстарды қорғау.
Жоғары оқу орны базасында өткізілген экспериментке филологиялық
мамандықтар бойынша білім алушы студенттер қатысты. Эксперимент
жұмыстары 2015-2017
жылдар аралығында, педагогикалық практика
барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 2-курс студенттерінің
4 тобында (116 студент) жүргізілді.
131
Филологиялық мамандықтағы студенттердің омонимдік бірліктердің
когнитивтік семантикасы бойынша нақты білімдері мен біліктері деңгейлерін
анықтау және жалпы институттағы білім алушылардың білім деңгейлерін
анықтау, бақылау мақсатында сауал-сұрақ жүргізілді.
Анықтау эксперименті
барысындағы жұмыс түрлерінің тәртібі бойынша студенттерге арнайы
жасалған анкеталық сауалдар қойылды; алдын ала таратылған сауал-сұрақтар
арқылы студенттердің омонимдік бірліктерге қатысты жинақтаған білімдері
негізінде өздік жұмыстың қажеттілігі анықталды;
сауал-сұрақ нәтижелеріне
талдау жасалды; тәжірибелік оқытуға материалдар дайындалды. Атап айтқанда,
экспериментке 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ІҮ
оқу семестріндегі білім алушылар алынды. Сынақталатын білім алушылардың
топтары бақылау және эсперименттік оқу топтары ретінде құрылымдалды.
Экперименттің анықтау кезеңінде бақылаушы және эксперименттік
топтармен жұмыс олардың омонимдік бірліктер және олармен шектесетін
лингвистикалық білімдерін тексеру мақсатындағы жүргізілген сауалнама мен
тест тапсырмаларының нәтижелерін жинаудан басталды. Мұндағы басты
мақсат білім алушылардың экспериментке дейінгі білім деңгейлерін саралау,
қызығушылықтарын анықтау болды. Анықтау кезеңіндегі
жұмыс нәтижелері
бақылау және эксперименттік топтағы білім алушылардың зерттеу
тақырыбымен байланысты экспериментке дейінгі білім деңгейлерінің шамалас
екендігін көрсетті. Тест нәтижелері бойынша аталған топтардағы омонимдік
бірліктермен байланысты білім деңгейі төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: