128
ой-пікірін дәлелдеп жеткізе білу дағдысын жетілдіру; олардың дүниетанымын
кеңейту; тіл байлығын арттыру.
Бүгінгі таңдағы лингвистика ғылымының
дамуы мен бағыт-бағдарына
сәйкес омонимдік бірліктердің болмысын таза лингвистикалық аспектіде ғана
қарастыру омонимия құбылысын толық танып, білу үшін
аздық ететіндігін
көрсетеді. Омонимдер мәселесі тіл білімінің бірнеше пәндік саласының басын
қамтитын (Нормативтік қазақ тілі; Тіл біліміне кіріспе;
Қазіргі қазақ тілінің
лексикологиясы мен фразеологиясы; Қазақ тілінің диалектологиясы;
Когнитивтік
лингвистика; Кәсіби қазақ тілі; Қазақ тілінің лексикографиясы;
Қазақ тілін оқыту әдістемесі) ғылыми курстар
кешенін толық қамтитын
салааралық курс болып табылады. Омонимдік бірліктердің мазмұндық-
құрылымдық жүйесі мен когнитивтік семантикасының күрделілігі тілші-әдіскер
ғалымдар алдына жаңа идея, тың ізденісті қажет етеді.
Бұл сала жалпы тіл
білімі проблемаларымен де, сондай-ақ жеке тіл білімі мәселелерімен де тығыз
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: