Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет27/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

Көрсетілім
 
әдісі
(демонстрация) түрлі заттармен, құбылыстармен және үдерістермен 
табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Белгілі бір затты не құбылысты 
көрсету оның сыртқы көрінісінен басталады. Көрсетілім көбінесе оқушылардың 
тәжірибелік оқу әрекетімен ұштастыра жүргізіледі. Оқуды бұлай ұйымдастыру 
оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың 
ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпарат береді. Көрсетілім әдісі арқылы заттар мен 
құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, 
диафильмдерден көрсетіледі.
Көрсетілім әдісінің құралдарына төмендегілер жатады:
- таныстырылымдар (презентация); 
- бейнекөрсетілімдер; 
- тестілік жүйелер; 
- электронды оқулықтар мен оқытуға арналған бағдарламалар;
- анимациялар. 


24 
Көрнекілік құралдары:
- графикалық (кестелер, схемалар, карталар, диаграммалар, көрсетілімдік карточкалар, 
үлестірме материал); 
- бейнелік (картиналар, фотосуреттер, бейнелі құралдар); 
- экрандық (мультимедиа, диафильмдер, диапозитивтер); 
- табиғи үлгілер (киім үлгілері, тұрмыстық заттар, монеталар, әшекей бұйымдар және 
т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет