Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет29/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

Картамен
 
жұмыс

Қазақстан тарихы сабағында нәтижелі деңгейде картамен 
жұмысты күшейту қажет. Бұл үшін басқа дереккөздерді пайдалана отырып, тарихи 
карталардың мазмұнын талдауға бағытталған тапсырмаларды қолдану керек (Ұлттық білім 
академиясы). 
Қазақстан тарихы сабақтарында картамен жұмыс iстеу арқылы оқушылардың 
картографиялық білім мен дағдылары, картаның шартты белгілерін пайдалана білу, 
нысандарды бағдарлай білу дағдылары қалыптасады. Тарихи картаны оқу барысында 


25 
қабырғалық карта және үлестірме материал түріндегі оның кішірейтілген көшірмесі қатар 
қолданылғаны тиімді.
Картографиялық білім тарихи біліммен тығыз бірлікте болады. Сондықтан тарихи 
картаны пайдалануды меңгеру аясы тар мақсат емес, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды 
барынша терең ұғынудың құралы болуы керек. Сабақта мұғалімнің тарихи оқиғаны 
суреттеуі оқиға орнын картадан көрсетумен бірге жүргізіліп, тарихи оқиғаның маңызы 
туралы кең түсінік қалыптастыру үшін бір мезгілде тарихи және географиялық, 
тақырыптық және жалпы карталарды қолданған тиімді болып табылады. Олардың 
әрқайсысында нысандардың әртүрлі масштабта бейнеленуі оқушының танымдық 
ізденістеріне түрткі болатын проблемалық жағдай туғызады. Жоғары сынып 
оқушыларының өзгермелі және тұрақты ұғымдардың арақатынасын ажырата білуі бір 
масштабта, бір аумақта, бірақ әртүрлі тарихи жағдайда берілген бірнеше тарихи картаны 
салыстыруына мүмкіндік береді. Оқушылардың тарихи оқиғаларды бейнелейтін 
картографиялық әдіс-тәсілдердің болатындығымен танысуына мүмкіндік берілуі тиіс.
Қазақстан тарихы және құқық негіздерін оқытуда электронды құралдарды қолдану оқу 
бағдарламасын жүзеге асырудың, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың, 
оқу үдерісін дараландырудың қажетті шарты болып табылады. Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар пәннің мазмұнын зерделеу барысында электрондық 
құралдардың көмегімен оқушылардың танымдық ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. 
«Қазақстан тарихы» мен «Құқық негіздері» пәндерін оқыту үдерісінде оқушылардың 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын дамыту үшін қажетті 
жағдайлар жасалуы қажет.
Қазақстан тарихы сабақтарында білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында
оны барынша тиімді табысты ететін технологияларды, нысандар мен құралдарды іріктеу 
және таңдап пайдалану қажет. Қазіргі кезде аса қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар осындай құралдардың бірі болып табылады. «Қазақстан 
тарихы» пәнін оқыту барысында әртүрлі оқиғалар мен тұлғалар, атаулы күндер туралы 
фактілерге толы материалдарды меңгертуге тура келеді. Осы мақсатта ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану мол ақпаратты тиімді игертуге, есте сақтауды 
жеңілдетіп, оқушылардың жадысын дамытуға мүмкіндік береді, мұғалімнің оқу 
нәтижелерін бақылау және бағалау үшін оқушыны жеке және саралап оқытуға жақсы 
мүмкіндігі болады. Power Point мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пәнді оқытуда кез 
келген картаны түрлендіруге болады. «Жанды картаны» қолдану белгілі бір соғыс оқиғасы 
барысында қарсыластардың күш-қуатын бағалап, соғыстың кезеңдерін, әскерлердің іс-
қимылын айқын елестетуге мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде балалар картаны және 
сол арқылы бейнеленген тарихи оқиғаларды жақсы естеріне сақтап, қиялы мен 
шығармашылық ойлауын дамытады. Activ Inspire бағдарламасы оқушылардың флипчарт 
құрастыруына мүмкіндік береді, бұл бағдарламада картамен жұмысты басқаша жүргізуге 
болады, оқушылар шекаралардағы өзгерістерді, әкімшілік аудандарды, көтерілістер болған 
аймақтарды, тайпалардың орналасу аумағын, археологиялық ескерткіштерді өз бетінше 
белгілей алады және есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға 
дайындық барысында флипчартта атаулы күндер мен оқиғалар, тарихи тұлғалар мен 
олардың айтқан ой-пікірлері, түсініктер мен анықтамалар бойынша бағалауға арналған 
тапсырмаларды дайындауға болады. Флипчартта тест тапсырмаларын, дұрыс емес жауапты 
алып тастауға арналған жаттығуларды ұсынуға болады, сондай-ақ флипчартта кез келген 
файлға сілтеме жасауға болатын қызмет түрі артық орын алмай, қажет болған уақытта 
картаны ашып пайдалануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет