Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет34/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

рөлдік
 
ойын
болып табылады. 
Рөлдік ойынды тиімді ететін үш міндетті элемент: 
1)
Тарихи деректерді талдау: оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас 
ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ дайындық деңгейін ескере отырып 
біртіндеп күрделене береді. 
2)
Оқушыларға тарихи деректерден үзінді беруді жүйелі түрде жүргізу керек. Тарих 
сабақтарында сұрақ қою маңызды орын алады, дұрыс әрі нақты құрастырылған 
сұрақтарға орынды жауап алуға болады. 
3)
Сондықтан мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл 
әдісте дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын сұрақтар жеңілден қиынға 
қарай күрделенеді (Ұлттық білім академиясы).
Сабақта белсенді оқу әдістерін қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау 
дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу 
үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, 
танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын 
қызықты ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби 
шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді. 
«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша оқу бағдарламаларының 
мақсаты оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге сенімін арттырып, еркін ойлауға үйрету 
болып табылатындығына қарамастан, мұғалімдердің немқұрайлық танытып, оқушылардың 
өз бетімен отыруына жол бермеуі аса маңызды.
Оқушылар жеке-дара жұмыс істегеннен гөрі, мұғалім қолдау көрсететін белсенді 
сабақта анағұрлым жақсы үйренеді. Оқушылар алға ілгерілеген сайын, оларға мұғалім 
тарапынан аса қамқорлықпен қолдау көрсетудің қажеті болмайды, енді олар өздігінен 
жұмыс істей алады. Осындай оқыту әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда 
оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отыруы керек. Сырттан 
көрсетілетін қолдау тоқтағанда ғана, оқушылар жоспарлы нәтижеге қол жеткіздім деп айта 
алады. Егер оқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана қолдануға рұқсат етілсе, олар 
ештеңені үйренбейді деуге болады. Рата (Rata, 2012) өзін тек «үйлестіруші» ретінде 
ұстайтын мұғалім «мұғалім» деп аталуға лайықты емес деп тұжырымдайды.
Хэтти (Hattie, 2009) педагогикалық тәсілдердің метаталдауын жүргізіп, мұғалімдер 
«үйлестіруші» және «жандандырушы» болып табылатын тәсілдердің әсерін салыстырған. 
Ол қолданған тәсілдерде 0 – ілгерілеудің жоқ екендігін, 0,4 – ілгерілеудің бір жыл мерзімін 
және 1 – ілгерілеудің екі-үш жылын білдіреді. Мұғалім тек үйлестіруші рөлін атқарған 
тәсілдердің орташа әсері – 0,17, мұнымен салыстырғанда мұғалім ынталандырушы болған 
(мәселен, кері байланыс ұсыну, оқыту шеберлігі, күрделі мақсаттар қою және т.б.) оқыту 
тәсілдерінің орташа әсер мөлшері 0,60 болған. 
Э.Берн ұсынған өзара қарым-қатынастың транзактілік талдауы оқушы мен мұғалім 
арасында туындауы мүмкін келіспеушіліктер мен қақтығыстардың себебін жақсы 
түсіндіреді. Мұғалімнің ең алдымен оқушының оқуға деген уәжін қалыптастыруға баса 


29 
назар аударғаны дұрыс, себебі жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өсу осы 
психологиялық өлшеммен тығыз байланысты. Оқушыға тиісті еркіндік беру, топтық жұмыс 
түрлерін ұйымдастыру, оқу материалын маңызды ақпараттармен қамтамасыз ету 
оқушының оқуға деген ішкі уәжіне игі ықпал етеді. Сонымен қатар, заман талабына сай 
оқушысына берері, айтары көп болуы үшін мұғалімнің өзі де үнемі білімін жаңартып, 
жетілдіріп отыруы тиіс. 
Мұғалімдер кері байланыстың көмегімен және модельдеу, көрсету, сұрақ қою, 
бақылау, танымдық ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістіктерінің 
ілгерілеуіне үнемі қолдау көрсетуі керек. Оқушылардың пән бойынша терең білім алу 
мұғалімдердің дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған 
дейінгі білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері маңызды. Бұл үдеріс әр оқушының 
жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әртүрлі болады. Сол себепті мұғалімдер әр 
оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін 
тигізу үшін жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Бақылай отырып, оқудың 
келесі қадамдарын анықтау үшін ақпаратты пайдалану тәсілі метаталдаудың көмегімен 
білім беру шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылып, соңғы 20 жыл ішінде 
халықаралық деңгейде мойындалып отыр (Black and William, 1998). 
Белсенді оқу барысында мұғалімдер: 
-
барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу 
ахуалын қалыптастыруға; 
-
сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап,
рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге; 
-
оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс-
тәсілдерлі қолдануға; 
-
алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді 
өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып; 
бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке 
жұмыс істеуін ұйымдастыруға; 
-
оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде 
және мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті, анық, қарапайым тілді пайдалануға; 
-
оқушылардың оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс. 
Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастырып, жағымды психологиялық орта 
қалыптастыру үшін, оқушылардың арасында өзара қарым-қатынасты нығайтып, олардың 
өзіне беретін бағасын көтеріп, өзі туралы пікірін жақсарту арқылы табыстылық сезімін 
ұялату үшін оқушылармен түрлі жаттығу өткізуге болады. Ойын түрінде өткізілетін 
жаттығулар оқушылардың өзара араласуына және мұғалім мен оқушылар арасындағы 
тығыз қарым-қатынастың орнауына жол ашады. 
Оқу үдерісінде оқушылар толықтай өздігінен білім алатын сабақтардан гөрі, мұғалім 
қажетті жағдайларды жасап, көмекпен қамтамасыз ететін сабақтарда жоғары нәтижелерге 
жетуі мүмкін. Осы нәтижелерге жетудегі маңызды тәсілдердің бірі мұғалімнің әрбір 
оқушымен кері байланыс орнатып, келешектегі мақсаттарды айқындауы болып табылады.
Белсенді оқу үдерісінде мұғалім үшін: 

ой салып, ынталандыратын материал ұсыну; 

оқушылар ғылыми жоба барысында пайдалана алатын тәжірибелік және 
эксперименттік дағдыларды қалыптастыру; 

оқушыларға өздері қызығатын салаға қатысты сұрақ тұжырымдауға көмектесу; 

жұпта, шағын топта және құрамы өзгеріп отыратын жұпта жұмыс істеуге арналған 
жаттығу дайындау; 

оқушыларды бір-бірімен сұхбаттасуға жетелеу; 

оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және мүдделерін есепке алу; 

оқушыларды өз бетінше ойлануға бағыттау; 

оқушыларға өздерінің ойлау және зерттеу дағдыларын қолдануды еске салу; 


30 

оқушылармен жеке жұмыс жүргізу; 

оқушыларға өз бетінше жұмыс істегенде жетістікке жетуге мүмкіндік беретін 
жобаларды ойлап табу және ұйымдастыру маңызды болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет