26
3.8 Аталған құралдар мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілудегі
объектілердің нақты саны сыныптағы толымдылықтың орташа есебімен
жүргізіледі (25-30 білім алушы), оның ішінде сыныпты топтарға бөлу жағдайы
ескеріледі.
Білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша оқу жабдықтарының саны оқу
кабинеттерінің санымен есептеледі. Бұл ретте, аталған техникалық
құралдардың маңызды бөлігін пайдалану пәнішілік қана емес, жалпы оқу
міндеттерін шешумен байланысты.
3.9 Білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша сандық көрсеткіштерді
айқындау
мақсатында,
символикалық
таңбалардың
келесі
жүйесі
пайдаланылады:
Д – демонстрациялық дана (1 дана, арнайы келісілген жағдайдан басқа);
К – толық жинақ (сыныптағы шын мәніндегі толымдылық нәтижесінде);
Ф – фронталдық жұмыстарға арналған жинақ (шамамен толық жинаққа
қарағанда екі есе аз, яғни екі білім алушыға 1 данадан кем емес);
П – бірнеше білім алушылар бойынша есептелетін, практикалық топтық
жұмыстарға қажетті жинақ (6-7 дана).
3.10 Кабинетте мұғалімге арналған әдістемелік әдебиеттің жеткілікті
жиынтығын қарастыру қажет, ол әдістемелік журналдар, арнайы әдістемелік
әдебиет, психология бойынша әдебиеттер, анықтамалық әдебиет болуы тиіс.
3.11 Кабинетте оқу орнының аталған типінің бағдарламасы бойынша
курсқа арналған оқу кітаптары түріндегі оқу құралдарының толық жиынтығы;
оқулықтар (топтағы білім алушылардың саны бойынша), сөздіктер (екі тілді,
топтағы білім алушылардың саны бойынша) болуы тиіс.
3.12 Кабинеттің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қажетті құрал-
жабдықтар төмендегідей топтастырылады:
1) көру (визуалды) құралдары, олар: кестелер, карталар, сызба нұсқалар,
табиғи объектілер (кеппешөптер, минералдар т.б. жиынтықтары) және т.б.;
2) аудио құралдар: радио, магнитафон, музыка аспаптары т.б.;
3) интерактивті тақта, теледидар, бейнетаспа, дыбысты фильмдер т.б.;
4) сөздік құралдар: оқулықтар, қосымша әдебиеттер, сөздіктер,
анықтамалықтар, әдістемелік құралдар, мәтіндер және т.б.
3.13
Достарыңызбен бөлісу: