Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы астана 2015


терезелері көп анағұрлым жарық бөлмеде  болуы тиіс



Pdf көрінісі
бет8/42
Дата07.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#90426
түріИнструкция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
 
терезелері көп анағұрлым жарық бөлмеде 
болуы тиіс. 
 
2.15.1 Бейнелеу өнері кабинетінің терезелері солтүстік, солтүстік-шығыс, 
солтүстік-батыс (тікелей заттың өзіне қарап сурет салу үшін бір жарықты 
сақтауға мүмкіндік береді) бетте болуы тиімді болып табылады.
2.16 
Технология кабинеті: 
оқу әрекетін ұйымдастыру қыздар үшін және ер 
балалар үшін жеке-жеке жүзеге асырылады:

ер балалар арналған: тақта, проектор, ағаш пен металдан жасалған 
модельдердің үлгілері, техника қауіпсіздігіне арналған плакат, ағаш пен 
металды қолмен және механикалық түрде өңдеу үлгілері, технологиялық 
карталар, бұйым жасау кестелері, ағаш және темір өңдеуге арналған токар 
станоктары, ағаш және темір өңдеуге арналған қол саймандары, электрлік ою 
ара, бұрғы, ағаш және темір өңдеуге арналған біріктірілген үстелдер;

қыз балаларға арналған: тақта, проектор, тігін машиналары, астарлап 
тігу машинасы (жасырын тігіске арналған), доға тәрізді инесі бар, оверлоктар, 
техника қауіпсіздігіне арналған плакаттар мен кестелер, қолмен жасайтын 
жұмыстарға арналған саймандар мен құрылғылар, стандартты 34-52 
өлшемдеріндегі ер және әйел адам фигуралары манекендері, екінші қайтара 
өңдеуге арналған жабдықтар – қызуды реттеуші және бумен ылғалдандырушы 
тетігі бар электр үтігі, үтіктеу тақтайы, баспақтар, бу генераторы, төсеу 
үстелдері, көрнекілік материалдары: үлгілер, ас дайындап-ішуге арналған 
ыдыс-аяқ, әртүрлі тұрмыстық техника.
2.16.1 Кабинетті ресімдеу:
– оқу шеберханасында қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша 
плакаттар сериясы;

көрсету материалдары – дайын бұйымдардың үлгісі, бұйым 
бөлшектерінің үлгілері және т.б.;

дидактикалық материал – бағдарламаның барлық тақырыптары 
бойынша нұсқаулық-технологиялық;

тарату 
материалдары 
– 
суреттер, 
барлық 
бағдарламалардың 


20 
тақырыптары бойынша сызбалар.
2.16.2 Технология кабинетінде оқушының (ер балалар үшін) жеке жұмыс 
орны – верстак немесе артқа шалқаятын, не жылжитын орындығымен 
жабдықталған арнайы үстел. Верстак (үстел) құрылымы, оқушының бойын 
есепке ала отырып, биіктігін өзгертуді қамтамасыз етуі қажет, немесе аяққа 
арналған тіреуіштерді пайдалануға мүмкіндік беру керек.
2.16.3 
Жалпы білім беретін мектептеріндегі 5-9 сыныптардың 
оқушыларына арналған оқу верстактары ағаш – ағаш өңдеу және графикалық 
жұмыстарын орындауға арналған; темір – темір өңдеу, монтаждау-құрау
электротехникалық 
және 
графикалық 
жұмыстарына 
арналған, 
құрамдастырылған – ағаш, темір өңдеу, монтаждау-құрау, электртехникалық 
және графикалық жұмыстарға арналған верстак түрлері қолданылады.
2.16.4 Жұмыс орны әртүрлі құрылымдағы арнайы суырмаларда орналасқан 
үнемі қолдануда болатын құрал-саймандармен жабдықталады.
2.16.5 Оқушының жұмыс орнының мөлшері, орындалатын жұмыс сипаты, 
жұмыс кезінде дене тұрысы оқушының жұмыс істеу орнының ауданын 
белгілеуге мүмкіндік беруі тиіс.
2.16.6 Темір (слесарлық) шеберханасындағы оқушының жұмыс орнының 
ауданы үстел бетінің мөлшерінен саналып шығарылады (ені 500х20 мм, 
ұзындығы 1000±20 мм) және верстактар арасынан өтетін орын көлемінен (1000 
см) және 5,0 шаршы м. құрайды.
2.16.7 Ағаш шеберханасындағы оқушының жұмыс орнының ауданы үстел 
бетінің мөлшерінен саналып шығарылады (ені 450х20 мм, ұзындығы 1000±20 
мм) және верстактар арасынан өтетін орын көлемінен 650 см, жалпы 3,2 шаршы 
метр құрайды.
2.16.8 «Технология» сабақтарындағы окушылар саны орташа есеппен 15 
адам құрайтын мәліметке тірелетін болсақ, оқушының жеке пайдалануға 
арналған жұмыс аймағының жалпы ауданын белгілеуге болады: темір 
шеберханасында – 75 ш.м. (5,0 ш.м. х 15), ағаш шеберханасында – 48 ш.м. (3,2 
ш.м. х 15).
2.16.9 Еңбекке қызмет ету кабинеті
 
жабдықталуы тиіс:

магниттік үш жармалы сынып тақтасы 1 дана;

сызу құрал-жабдықтары 1 сызу құрал-жабдықтарының комплектісі;

асханалық ыдыс-аяқ 2 жиынтық;

шай сервизі 1 дана;

асханалық сервиз 1 дана;

төрт комфорлы электрлік плита 1 дана;

тігін машинасы әр оқушыға 1 данадан;

тігін өнімдерін пішуге арналған үстел 1 дана;

асхана үстелі 2 адамға 1 дана;

салқын және ыстық су жуғышы 1 дана;

асханалық құрал-жабдықтар 2 жиынтық.
2.16.10 Мектептің оқу-өндірістік шеберханалары (бар болған жағдайда)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет