18
гексацианиді, калийдің ферро (III) гексацианиді, төртхлорлы көміртек,
хлороформ, хлорлы метилен, анилин) және өндірістік қаттамасының этикетінде
«У» деген жазуы бар басқа заттарды орналастырады. Бромды тығыздалған
тығыны бар, гипс құйылған және құм салынған металл қалбырда
орналастырылған
ыдыста
немесе
тығыздалған
тығын
қалпақша
асынды сақтайды.
2.13.25 Металдық натрийді, калийді, кальцийді металл қораптарға
орналастырылған, ішінде керосині бар банкіде сақтайды. Литийді вазелин
майында
сақтайды.
Өндірісте
дайындалған
арнайы
балқытылған
ампулалардағы сілтілік металдар сақтауға және бірреттік пайдалануға ыңғайлы.
2.13.26 Нитраттардың барлығын бірге, бірлесіп жарылғыш қоспалар түзуі
мүмкін органикалық реактивтерден міндетті түрде бөлек, жеке сөрелерде
сақтайды.
2.13.27 Кәрізге реактивтерді лақтыруға, олардың ерітінділерін, жеңіл
тұтанғыш сұйықтықтарды және газтәріздес сұйықтықтарды төгуге болмайды.
Оларды келесіде залалсыздандыру үшін жинайды.
2.13.28 Қышқылдар немесе сілтілердің төгіліп қалған судағы ерітінділеріне
құрғақ құм немесе ұсақталған құрғақ топырақты себу қажет. Төгілген жерді
бейтараптаушы ерітіндімен сүртіп, соңынан сумен жуу қажет.
2.13.29 Химия кабинетіндегі аспаптарды, оның ішінде электраспаптарын
құлыптау арқылы кабинеттегі шкафтарда орналастыру қажет. Кез келген құрал-
жабдықтарды шкафтарда және реактивтер мен ерітінділерге тікелей жақын
жерде сақтауға болмайды.
2.13.30 Ерітінділерді қыздыру үшін тек жұқақабырғалы ыдыстарды
пайдалануға рұқсат етіледі. Жұқақабырғалы ыдысты тік ось бойынша
ақырындап айналдырып немесе жоғары-төмен ауыстырып, штативтің
қысқышында абайлап бекіту қажет.
2.13.31 Денсаулық жағдайларына байланысты медицина ұйымдары
арқылы реактивтермен және ерітінділермен жұмыс істеуге тыйым салынған
білім алушыларды мектеп әкімшілігі жеке бағдарлама бойынша жұмыспен
қамтамасыз етуі тиіс.
2.13.32 Оқу бөлмесіндегі атмосфераны ластауы мүмкін улы заттармен
(хлор, күкірттіқышқыл, фосфин, көміртек (II) оксиді, бром, бензол, дихлорэтан,
диэтил эфирі, формалин, сірке қышқылы, аммиак) тәжірибелерді жөнделген
сорғыш шкафта немесе аспаптарда – бөлінген заттардың адсорбциясымен
тұйықталған жүйелерде жүргізілуі тиіс.
2.13.33 Тәжірибе жасау және жүргізу кезінде сілтілік металдармен,
кальциймен, концентрлі қышқылдармен және сілтілермен жұмыс арнайы
киімдер жеке қорғаныс құралдарын (халат, алжапқыш, қолғап, көзілдірік)
пайдалану арқылы жүргізілуі тиіс.
2.14
Достарыңызбен бөлісу: