Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы астана 2015



Pdf көрінісі
бет3/42
Дата07.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#90426
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
 




Пән 
ерекшелігі 
бойынша 
оқу 
кабинеттерін 
жабдықтауға 
қойылатын талаптар
 
2.1 Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру 
ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту 
жұмыстары ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 
бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары мен мектепалды 
даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары негізінде жүзеге 
асырылады.
2.2 Оқу кабинеттерінде мемлекеттік рәміздерді
 
орналастыру Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 Қаулысына
 
(2012.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес безендіріледі.
2.3 Жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып кабинеті, мектепалды 
даярлық немесе мектепалды тәрбиелеу шағын орталығы, қазақ тілі мен 
әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі, тарих, математика, информатика, 
биология, физика, химия, география, музыка, бейнелеу өнері, технология, 
алғашқы әскери дайындық кабинеттері және спорт залы болуы тиіс.
2.4 Оқу кабинетінде: жұмыс аумағы, мұғалімнің жұмыс аумағы, оқу-
көрнекі құралдарды, техникалық оқыту құралдарын орналастыру үшін 
қосымша кеңістік, оқушылармен жеке шұғылданатын және мүмкін болатын 
белсенді қызметтер аумағы және мектепалды даярлық және бастауыш сынып 
кабинеттерінде ойын аумақтары, химия, физика, биология кабинеттері мен 
компьютерлік сыныптарда зертхана болуы тиіс.
2.5 Әр оқу кабинеті жалпы жабдықтармен (жиһаз, оқытудың техникалық 
құралдары және т.б.) және арнайы оқыту құралдарымен (модельдер, аспаптар, 
кестелер және т.б.) жарақталуы тиіс.
2.5.1 Оқу кабинетінде білім беру үдерісін ұйымдастыру барысындағы 
жалпы жабдықтар жиынтығы төмендегі қызметтерді орындауы тиіс:
- мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындарын ұйымдастыру;
- оқыту құралдарын оңтайлы орналастырылуы және сақталуы;
- техникалық құралдардың тиімділігі;
- қолда бар оқу қорының жүйеленуі.
2.5.2 Оқушылардың жұмыс орындарын жабдықтауға арналған жиһаз 
жазбаша жұмыстар орындауға, кітаппен, жұмыс дәптерімен, ақпараттық-
анықтамалық материалдармен жұмыс істеуге қолайлы жағдайды қамтамасыз 
етуі тиіс.
2.5.3 Жиһаз жұмыс түрлерін (жұппен, топпен, ұжымдық) ұйымдастыруға 
байланысты оның орнын өзгерту үшін жеңіл, қозғалмалы және оңтайлы 
болуы тиіс.
2.5.4 Жұмыс орындарын жабдықтауға арналған үстел және орындықтар 
оқушылар бойларының түрлеріне сәйкес болуы тиіс.
2.5.5 Мұғалімнің жұмыс орны сабақ уақытында жедел іс-әрекет жасауға 
мүмкіндік беретіндей болуы керек.
2.5.6 Мұғалімнің жұмыс орнын ұйымдастыруға арналған жиһаз мұғалімнің 



үстелінен және орындықтан тұрады.
2.5.7 Мұғалім үстелі бетінің ауданы сабақта пайдаланылатын бірнеше 
кітаптар, анықтамалар, дәптерлер жиынтығы, үлестірмелік оқу-дидактикалық 
материалдар 
жиынтықтарын 
орналастыруға 
мүмкіндік 
жасайтындай 
болуы керек.
2.5.8 Мұғалімге демонстрациялық және жапсарлас жасалған жұмыс 
тумбасы бар жұмыс үстелі қажет (үстел үстіне интерактивті тақтаға арналған 
компьютер мен принтер орнатылады).
2.5.9 Кабинетті аудиоактивті лингафондық құрылғымен жабдықтау 
барысында ҚР СанЕжН нормаларына сай мұғалімнің үстелі басқару пультімен 
жабдықталады.
2.5.10 Мұғалімнің зертханадағы жұмыс орны жазу қағаздарын сақтауға 
арналған бөліктері бар үстел болуы тиіс, онда лингафондық құрылғыны 
басқаратын пульт, қашықтықтан басқару блогі, проекциялық аппарат, жарық, 
орынжайдың 
пердемен 
бөлінуі, 
телефондық-микрофондық 
аппарат 
болуы қажет.
2.5.11 Қабырғадағы кестелер, сызбалар, карталар, сынып тақтасы, 
интерактивті тақта мұғалімнің жұмысына жағдай жасауы тиіс.
2.5.12 Сынып тақтасы бүктемелі, бес жұмыс беті бар үшэлементті (жасыл 
түсті борға арналған үш тақта, ақ түсті маркерге арналған екі тақта), магнитті 
беті карталар мен кестелерді көрсетуге ыңғайлы болуы тиіс.
2.5.13 Сынып тақтасы оқу кабинетінің алдыңғы қабырғасының ортасына 
орналастырылуы тиіс.
2.5.14 Сынып тақтасы кестелерді ілуге және көрсетуге арналған 
құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
2.5.15 Тақталар өлшемі мен конфигурациясы бойынша: жылжымалы, 
ашылатын, биіктігі бойынша өзгеретін болуы мүмкін.
2.5.16 Сынып тақталары бор үгіндісін жинауға, тақтаны сүртуге арналған 
шүберекті қоятын жері бар күңгірт, күңгірт қоңыр немесе жасыл түсті 
болуы тиіс.
2.5.17 Сынып тақтасы негізгі қалқаннан және екі қайырмалы тақтадан 
тұрады. Негізгі қалқанның көлемі: 1500 х 1000 мм, қайырмалы қалқандардың 
көлемі: 750 х 1000 мм. Бұл тақталардың беті магнитті болуы шарт.
2.5.18 Жанында интерактивті тақта орнатылады (кестелер, сызба-нұсқалар 
және карталарды көрсетуге арналған қажетті құрылғыны арнайы 
ұстатқыштармен бүйір қабырғаға орнатуға болады).
2.5.19 Оқу кабинеттері проектор, бейнемагнитофон, телевизормен 
жабдықталуы мүмкін (жақсы көрінуі үшін телевизорды кронштейннің 
көмегімен алдыңғы қабырғаға орнатуға болады).
2.5.20 Әрбір кабинетте пәндік оқу-әдістемелік кітапханаға арналған 
(сөрелер, стеллаждар немесе арнайы шкафтар) жабдықтар болуы керек.
2.5.21 Оқу кабинеттеріндегі жабдықтар арасында төмендегідей аралықтар 
мен қашықтықтар көзделеді:
1) алдыңғы үстелдер мен демонстрациялық үстел арасы кемінде 60 см;



2) сынып тақтасы бар алдыңғы қабырғадан бастап үш қатармен 
орналастырылған барлық қатардағы алдыңғы үстелдерге дейін кемінде 250 см;
3) үстелдер тобының арасы кемінде 140 см;
4) қатардағы үстелдер арасы кемінде 60 см;
5) сынып тақтасынан оқушының отыратын соңғы орнына дейінгі ең үлкен 
қашықтық 860 см;
6) сынып тақтасының төменгі жиегінің еденнен биіктігі (жұмыс 
жағдайында) бастауыш сыныптар үшін – 80 см, 5-11 (12) сыныптар үшін –
90 см;
7) арнайы білім беру ұйымдарында оқу жиһазы мен жабдықтарын оқу 
үдерісінің бейініне сәйкес орнатады.
2.5.22 Кабинетті безендіру барысында заманауи ғылыми деректерді
ашылулар мен зерттеулерді көрсететін пәндік-тақырыптық стенділер 
қарастырылуы қажет.
2.5.23 Тақырыптар үшін жағымды түстерді (қызыл, қызғылт сары, сары, 
көгілдір) пайдалану қажет.
2.5.24 Мәтіндер анық, айқын, бір түспен (көк, қоңыр) жазылуы керек.
2.5.25 Пәндердің ерекшеліктеріне сай жиһаздар мен жабдықтар, 
мұғалімнің демонстрациялық үстелі және оқушылар үстелдері құрылымы, 
терезе мен желкөз құрылымы, Санитарлық ережелердің талаптарына сай 
кабинетке жарық түсірілуі нормалары сақталуы тиіс.
2.5.26 Оқу кабинеттерінің барлық мүлкі мен электр жабдықтары өрт 
қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болуы тиіс.
2.5.27 Оқу кабинеттерінде бар жабдықтар, жиһаздар, құрылғылар тізімі 
мен олардың есептік нөмірлері көрсетілген мүлік кітабы болуы тиіс.
2.5.28 Әр білім алушының ыңғайлы жұмыс орнын қамтамасыз ету үшін 
кабинет үстелдермен және орындықтармен жабдықталуы керек.
2.5.29 Білім алушылардың жұмыс үстелі алмалы-салмалы бір адамдық 
немесе екі адамдық үстелдерден тұруы тиіс, көлемі 700x500 және 1200x500 см, 
бойларына қарай сәйкесінше түрлі болады.
Жиһаз 
тобы 
Бой ұзындығы 
тобы (мм) 
Орындықтың алдыңғы 
шегінің биіктігі (мм) 
Үстелдің биіктігі 
(мм) 
Таңбалану 
түсі 

1450-1600 
380 
640 
Қызыл 

1600-1750 
420 
700 
Жасыл 

1750-ден 
460 
760 
Аспан көк 
2.5.30 Білім алушылардың жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру үшін келесі 
талаптар сақталуы тиіс:
– білім алушының ыңғайлы жұмыс қалпын сақтау үшін үстелдер мен 
орындықтар антропометриялық деректерге сәйкес келуі тиіс;
– жұмыс үстелінің беті қажетті деңгейде жарық болуы тиіс (300 лк);
– жазу, оқу және телефондық-микрофондық аппаратуралар үшін жеткілікті 
жұмыс орны болуы тиіс.


10 
2.5.31 Бір комплектілі және екі комплектілі шағын жинақты мектептерде, 
5-11-сыныптардың білім алушыларының сабақтары бір кабинетте өткен 
жағдайда, жиһаздың орташа топтарының - № 4, 5 басымдылығы болуы тиіс.
2.5.32 Білім алушылардың жұмыс үстелдерінің нөмірленуі мұғалімнің 
пультіндегі нөмірленумен сәйкес болуы тиіс, бұл білім алушының жұмысын 
қадағалауды жеңілдетеді.
2.5.33 Оқу жабдықтарын орналастыратын және сақтайтын секциялық 
шкафтар болуы тиіс. Секциялардың саны кабинеттің аумағына сәйкес 
айқындалады.
2.5.34 Оқытудың проекциялық аппаратураларын және басқа да техникалық 
жабдықтарын іске қосу үшін зертханада 3 штепсельден кем емес розетка 
қарастырылуы тиіс: бірі – сынып тақтасының жанында, екіншісі – зертханадағы 
тақта қабырғасына қарама-қарсы бетте, үшіншісі – терезеге қарама-қарсы 
қабырғада.
2.5.35 Телебағдарламалар мен бейнефильмдерді көрудің рұқсат етілген 
ауқымы теледидар экранынан 2,7 м кем емес арақашықтық болуы тиіс. 
Теледидарды орналастыру биіктігі еденнен 1,2-1,3 м.
2.5.36 Графопроектор (егер бар болса) шұңқыршасы мен қойғышы бар 
арнайы үстелге орналастырылуы тиіс және оқу материалы көрсетілетін экран 
мен тақтаға дейінгі қарама-қарсы аралық 1,8 м кем болмауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет