Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова


-тақырып. ХVІІ ғ. және ХVІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы



Pdf көрінісі
бет42/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#91517
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз (1)

6-тақырып. ХVІІ ғ. және ХVІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы. 
Қазақстанның ХІV ғ. мен ХҮІІІ ғ. бас кезіндегі мәдениеті
 (1сағат) 
1. XVІІ-XVІІІ ғғ. Қазақ хандығының саяси жағдайы.
2. Қазақ-жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі (XVII ғ. екінші 
жартысы). 
3. Шаруашылығы, рухани мәдениеті. 
СӨЖ тапсырмалары: 
1. Қазақ хандығының экономикалық дамуына конспект жасау. 
2. Жүздер – этнотерриториялық бірлестіктер. Оның пайда болу 
себептерін ашыңдар.
1. 
Қазақ Хандығы ХV ғасырдың ортасынан ХVІІІ ғасырдың басына 
дейін біртұтас мемлекет болып, Дешті Қыпшақ пен Мәуреннахрдағы қуатты 
елдің біріне айнала бастайды. Дәл осы дәуір Қазақ хандығының 
территориясы жағынан кеңею, халқының саны жағынан өсу, мемлекеттілік 
тұрғыдан нығаю кезеңі болды. «Еңсегей бойлы ер Есім» атанған Есім хан 
(1598-1628) қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет құруды 
көздеді. «Есім ханның ескі жолы» атты заңды құрастырды. Мемлекеттің 
шаруашылық жағын көтеру мақсатында Бұхарамен «бітім» жасасты. Ол 
кезде Мәуреннахрда Шайбани әулеті құлап, жаңа әулет Аштарханиліктер 
(1599-1735) билік құрған болатын. Қазақстанның солтүстік аймағын реттеуге 
кеткен Есім хан Тұрсын сұлтанға хандығын тапсырып «ант» берісіп 
уәделескен болатын. Есім ханның жоқтығын пайдаланған Тұрсын сұлтан 
Есім ханның жұртына әлек салып, билікті өз пайдасына жұмсаған болатын. 
1627 жылы ойрат жорығынан оралған Есім хан антты бұзғаны үшін 
Тұрсынды өлтіреді. Бір деректерде Есім хан 1628 жылы, ендігі мәліметтерде 
1645 жылы қайтыс болды дейді. 
Есімнен кейін оның ұлы Жәңгір хан болады. Ол тұста Цин 
империясының ығыстыруынан жоңғарлардың қазақ жерлерін басып алу 
қаупі арта түсе бастады. Күшейген ойраттар 1635 жылы төрт тайпадан 
тұратын (чорос, хошоут, дербет және торғоут) мемлекеттік бірлестігін 
құрады. Батыр Хұнтайшы бастаған қазақ жеріне жорықтар 1635, 1643, 1652 
жылдары болды. Осы жорықтың бірінде Жәңгір хан 600 сарбазымен қарсы 
шығып, қалмақтың қалың әскерін тоқтатады. Көмекке келген Самарқан 
билеушісі Жалаңтөс батырмен қалмақ әскерін қырғынға ұшыратады. Ақыр 
соңында, 1652 жылы Жәңгір хан қалмақтармен кезекті шайқаста қаза табады. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Жәңгір ханнан кейін Батыр хан билік құрды, бірақ ол туралы ешбір 
мәлімет сақталмады. Батыр ханнан кейін тақ басына Жәңгір ханның ұлы Әз-
Тәуке (1680-1718) келді, оның толық аты Тәуекел Мұхаммад Батыр хан еді. 
Оның кезінде Қазақ хандығы нығайып, жоңғарлардың басқыншылығы 
бәсеңдеген кез еді. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» 
сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтап дамыту 
негізінде «Жеті Жарғы» заңын жасады.
Тәуке хан билікке келісімен Қазақ хандығындағы ішкі тартысты 
тоқтатып, бірлікті күшейтуге барын салғаны мәлім. Қазақ қоғамының сол 
кездегі қажеттілігін қанағаттандыратын заң жобасының керектігі, бұрыннан 
болған құқықтық нормаларды жүйелеу арқылы оларға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет