Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет50/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#91517
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз (1)

шарвар
және 
етік
. Үзеңгілері бар ер-тоқым, 
етіктің өкшесі және көптеген басқа әбзелдер «атты ерттеп» 
әлемді
игеруге 
бой ұрған елдердің бірі. Географиялық ашылулар салт атты халық үшін жаңа 
мүмкіндіктер 
мен
 серпіліс 
күшін беріп отырды. Отырықшы елдердің көшпелі 
елдермен өзара әрекеттестікке түсуі әрқашан теріс жағынан көрінген жоқ. 
Мұндай жағдайлар екі жаққа да әрқашан белгілі пайда әкелген. 
Дегенмен бұл қатынастар (саяси жоспарда) келесі шараларды да 
туындатқан, яғни бағыныштылыққа және тәуелділіктің түрлі формаларына. 
Жаңа заманға
дейін бұл келісімдер (отырықшы елдердің көшпенділерге 
тәуелділігі) негізінен жанама басқару саясатын қолдаған. Отырықшы 
қоғамдардың көшпенділерге тәуелділігінің әр түрлі формалары ХV ғасырдың 
соңына дейін орын алды (1480 жылы Сарайдың күйреуіне дейін). Көшпелі 
өркениет негіздерінің (империялық құрылымның) күйреуі, жаңа заман 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
дәуірінде отырықшы мемлекеттер пілтелі мылтық пен зеңбіректі ойлап 
тапқанда (техникалық жоспарда) және Жібек жолы өз маңыздылығын 
жоғалта бастағанда ғана (номадтар өмірін қамсыздандыру көзі ретінде) 
отырықшы мемлекеттер көшпенділерден «қорғалу» жағдайын тапты. Теңіз 
жолдарындағы Ұлы географиялық жаңалықтар және сауда жолдарының 
ауыстырылуы керуендік саудаға соққы жасады (негізгі қорлардың бірінің 
жойылуы). Осы аталғанның бәрі көшпенділерді жеңуге және бірте-бірте 
өзіне қаратып бодандыққа айналдыруға жағдай жасады.
ХVІ-ХVІІ ғасырларда Мәскеу иелігінде Қазақ мемлекетін Казак Ордасы 
деп атаған. ХVІІ ғасырға дейін Мәскеу мемлекетінің Қазақстанмен ортақ 
шекарасы болған жоқ, ол Ноғай Ордасымен Қазан және Астрахан 
хандықтарымен бөлінген болатын. Алтын Орда күресі басталды. Ең бірінші 
кезекте Мәскеу мемлекеті және Қырым хандығы болған (олар өз тағдырын 
Осман империясымен байланыстырған), бұларға ноғай және башқұрт 
мырзалары, қазақ және сібір хандары әр түрлі дәрежеде құмар болды. ХVІ 
ғасырда Мәскеу Алтын орда мұрасына деген дауды жеңе бастады. Қазан 
және Астрахан әулеті арасындағы көпжылдық күрес Иван Грозныйдың 
Қазанды (1552) және Астраханды (1556) жаулап алуымен аяқталды. 1598 
жылы Сібір хандығы Мәскеу патшалығының құрамына енеді. Осыған ұқсас 
жағдай Ноғай Ордасында да пайда болды. Билікке үміттенушілердің
ағайынды Смайыл және Жүсіп - өзара тартысында орыс ықпалын қолдаушы 
Смайыл жеңді. Оның жеңісінің нәтижесінде Жүсіп қаза болып, ноғай 
руларының бір бөлігі Қырым, Қазақ және Сібір хандығының шегіне көшіп 
кетеді. ХVІ ғасырдың ортасына қарай Хакк-Назар хан Ноғай Ордасының 
ыдырауын пайдаланып, өз билігін ноғайлар мен башқұрттарға таратып, 
«қазақтар, ноғайлар, башқұрттар және қырғыздар» ханы атанған. Бірақ ХVІІ 
ғасырдың басында Жайық өзенінің құйылысында қазіргі Атырау қаласынан 
шамамен 60 шақырым жерде ХІІІ ғасыр басында Жошы ұрпақтары негізін 
салған Сарайшық қаласы орталығы болған ноғайлықтардың саяси мағынасы 
жойылады. Қақтығыстармен ойрандалған ноғай жері ноғайлықтар 
топтарының және княздері жоқ орыс қаңғыбастарының паналайтын жеріне 
айналды. Кейін олар патшалы Ресейдің 
ерекше әскери әулеті
ретінде 
казактар 
жүйесі құрылады. Жоңғар елінен қалмақтар қоныс аударып 
келгенде, Ресей олармен одақтасып, солардың көмегімен Қырымды жаулап 
алады. Қырымда Жошы ұлы Тоқай-Темірдің ұрпақтары Керейлер әулетінің 
иелігінің аяқталуы 1783 жылға қарайды. Енді ХVІ ғасырдың екінші 
жартысынан бастап Еуразия кеңістігінде ресейлік дәуір орнайды. Еуразия 
кеңістігінде түркі-славян (VI-XV ғғ.) орнына – орыс-түркі (XVI-XX ғғ.) бірігу 
дәуірі басталады.
ХVІ ғасырдың соңғы ширегінен бастап Ресейдің шығыс саясатында 
казактар
бағаланбас рөл атқарды. Тарихнамада казактардың шығу тегі мен 
рөлі әр түрлі бағаланады. Орыстар үшін олар оның көмегімен Ресей 
империясының кеңістікте кеңейілуі заңды деп танылған күш деп бағаланды.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Шынайы деректерге сүйене отырып, казак институтының шығу тегі түркі 
негізін растайды. Әскери міндеттерді атқаратын «татарлар» деп аталған 
ресейлік азаматтар болып кеткен қазандықтар, астрахандықтар және 
ноғайлықтар Мәскеуге Сібірді және Қазақстанды иеленуде көмектесті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет