Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова


-тақырып. Ауылшаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан



Pdf көрінісі
бет58/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#91517
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз (1)

10-тақырып. Ауылшаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан 
шаруаларының трагедиясы. Индустрализациялау: сипаты, қарқыны, 
масштабы
 (1 сағат) 
1. Қазақстандағы индустриализациялау. 
2. Қазақстандағы 
«Кіші 
Қазан» 
және 
күштеп 
ұжымдастыру. 
Ұжымдастырудың нәтижесі. 
3. Қазақстандағы қоғамдық - саяси өмір. 
 
СӨЖ тапсырмалары: 
1. 1931-33 
жылдардағы ашаршылықтың негізгі демографиялық 
зардаптарын анықтаңыз. 
1.
Республиканың 
халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі 
аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-ға 
ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. 
Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды: 
1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен 
жарақтандыру;
2) инфрақұрылымның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.
Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда 
біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын 
дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928-1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде 
елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.
Қиыншылықтары: 
1. Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі. 
2. Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 
1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді. 
3. Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 %-і 
шаруалар еді.
4. Жергілікті мамандардың жетіспеуі.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
5. Жаңа экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі 
әдістердің жаңғыртылуы. 
6. Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы. 
7. Әміршілдік – төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.
Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауылшаруашылығының 
басымдылығы 
(84,4%) 
сақталды. 
Индустрияландыру 
жағдайында 
еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:
1. Өлкенің техникалық – экономикалық жағынан артта қалуын жою.
2. Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен 
өндірістік – техникалық мамандарды қалыптастыру.
Индустрияландыруды жүзеге асыру. Қазақстанда индустрияландыру ісі 
болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. 
КСРО Ғылым академиясы 20-жылдардың аяғы 30-жылдардың басында 
көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді 
экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик 
Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын 
зерттеп, «ҚАҚСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген 
тұжырым жасады. Академик И.М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын 
зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп 
қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған 
ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор 
екенін дәлелдеп берді.
1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол магистралы салына бастады. 
Құрылыс бастығы болып В.С. Шатов тағайындалды. Түрксібке көмектесу 
комиссиясын республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы
Н. Нұрмаков басқарды. РКФСР үкіметі жанында РКФСР Халық 
Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов (1894-1938 ж. 
ж.) басқарған Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет жұмыс 
істеді. Т. Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына темір жол 
маманы, инженер М. Тынышбаев (1828-1937 жж.) енгізілді.
Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам 
еңбек етті. 10 мың қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, 
жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Құрылысқа 200 млн. сом қаржы 
жұмсалды. Түрксібтің ұзындығы 266,5 шақырым болды, ол жоспарда 
белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті. 1931 жылғы – 
қаңтарда Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. Түрксіб 
магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік – экономикалық 
маңызы болды. 1) Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды; 2) Елдің 
Шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті; 3) 
Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды. Қатардағы 
жұмысшы Д. Омаров - Түрксіб бастығы қызметіне көтерілді. Т. Қазыбеков – 
«Қазақ – көлік құрылыс» тресінің бастығы, Социалистік Еңбек Ері атанды.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Соғысқа дейінгі бес жылдар кезінде салынған құрылыстар: Түрксіб 
теміржолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент 
қорғасын заводы, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді 
Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе химия комбинаты, 
Қарағанды жылу және су электр станциялары, Өскемен құрылыс 
материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары, Шымкент химия – фармацевтік 
заводы, Арал сульфат комбинаты іске қосылып, Теміртау синтетикалық 
каучук заводы, Қаратау химия комбинаты салына бастады. Сөйтіп, Қазақстан 
ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгенін көрсетті.
Өлкеде болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, басқа 
республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды. Орталық 
Қазақстанның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркәсіп орындарын 
кенмен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы 
кешенімен ұласты. Мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан 
құрылып жатқан «Екінші Баку» мұнай базасының бір бөлігіне айналды.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтере 
бастады. Олардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, 
Гурьев (Атырау) балық – консерві, Алматы жеміс – консерві комбинаттары, 
Жамбыл, Мерке, Талдықорғандағы қант заводтары сияқты кәсіпорындар іске 
қосылды.
Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: 
1. Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары 
болмады.
2. Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.
3. Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.
4. Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит 
тегін әкетілді.
Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:
1. Шаруаларға үстеме салықтар салынды. 
2. Республикалардың 
барлық жинақталған қорлары мемлекеттік 
бюджетке қосылды.
3. Одақтық 
бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан 
субсидиялар мен дотациялар бөлу (1931-1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом).
4. Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына 
шоғырландыру.
5. Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды.
Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі 
мақсатпен басталған бұл жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын 
әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған 
адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі 
толықтырылып отырды.
Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері:
1. Халық дәстүрі бұзылды.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
2. Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. 
3. Лагерьлер жүйесі орнықты. 
4. Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды.
Индустрияландыру ерекшеліктері:
1. Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат 
көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін 
орталық Орскіде салынды.
2. Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан, 
негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді. 
3. Жергілікті мамандар жетіспеді. 
4. Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала 
үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 
29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты (1926 жылғыдан 
5 есе көп).
1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы 
саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары болды. 
Республикада көптеген инженер – техник кадрлары даярланып, олардың 
саны 11 мыңнан асты.
Индусрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 
1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың 
жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде 
насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды 
шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық 
шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.
1935 жылғы желтоқсанда республиканың түсті металлургия өнеркәсібі 
озаттарының тұңғыш слеті болды. Қазақстан индустриясының еңбек ерлері:
Ә. Мұрынбаев, М. Сағымбеков, Б. Нұрмахамбетов, З. Табылдинова, А. 
Сафин.
Стахановшылар қозғалысы және оның әсері:
1. Жаңа техника мен технология меңгерілді. 
2. Жұмысшы табының мәдени – техникалық деңгейі жетілдірілді.
3. Еңбек өнімділігі артты.
4. Индустрияландырудың даму қарқыны тездетілді.
Теріс әсері: 
1. Жағдайға қарай ыңғайланып, реттелетін қозғалысқа айналды. 
2. Жаппай стахановшыландыру жүргізіліп, өндірістің берекесі кетті.
3. Жекелеген адамдарға рекорд үшін жағдай жасалды. 
4. Еліктеушілік, бірыңғай ойлаушылық психологиясы қалыптасты.
Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: 
1. Аграрлық республика индустриялы – аграрлық аймаққа айналды.
2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті.
3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды.
4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады. 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп 
мүмкіншілігі жасалды.
6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды.
7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық 
байланысы орнықты.
8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм 
пайдасына шешілді.
9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік 
жойылды.
10. Жұмыссыздық жойылды. 
11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда 
жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 
732,8 млн. сомға жетті.
12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне 
көшірілді.
Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан 
шығарды. 
2.
Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925-1933 жылдары Қазақ 
өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф.И. Голощекиннің 
есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан 
лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген 
идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол 
жағдайда ол И.В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы 
бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И.В. Сталин қысқа әрі мейлінше 
айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен 
осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден-бір дұрыс саясат 
деп ойлаймын. И.В. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол 
ашылды.
Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін 
ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету. Голощекин 
бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия 
конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А.А. 
Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты 
қолдайтындығын мәлімдеді.
Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» 
бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның бағыты:
1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 
2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.
Қазақстанда индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында 
кереғар көзқарастар қалыптасты: Біреулер «түйеден социализмге» өту 
мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе» 
болып табылады, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдады, енді 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
басқа біреулер «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», қазақтармен 
«өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсың» және т. б. деп санады.
Жергілікті 
мамандардың 
индустрияландыруды 
жүзеге 
асыру 
барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді. С. Садуақасов пен Ж. 
Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта 
қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды. 
Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес 
келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер «ұлыдержавалық 
шовинизм көрінісі» деп есептелді. Сөйтіп, теориядағы субективизм мен 
практикадағы әміршіл – ырықсыз әдістер республиканың социализмге бет 
алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды.
Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру 
өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. 
Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды: 
1. Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.
2. Артель 
– жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық 
машиналарын, құрал – саймандарды біріктіру. 
3. ТОЗ – жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. 
Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ-ды қалады. 
1927 жылғы қазанның 1 – іне қарай Қазақ КСР – інде кооперация шаруа 
қожалықтарының 23,1% -ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну 
қоғамы жұмыс істеді, оның 312 – і ауылдарда болды, қазақ даласының 
жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 
ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 артельде, жерді 
бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ-да) ынтымақтастық пен өзара көмек 
мектебінен өтті.
Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны артты: 
1929 жылы 10,5 млн. – ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар 
шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. 
Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты. Алайда бұл ұзаққа созылған 
жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф.И. Голощекин 
«ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын 
таңдап алды. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы 
жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың 
иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жерді тартып 
алды.
Индустрияландыру бағыты азық-түлік қорлары проблемасын күн 
тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауылшаруашылығын 
өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық 
формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру 
бағытына көшіру көзделді.
1928 жылғы қаңтар - ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты. 
Осы жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин 
ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 
1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы – 277 шаруа атылды.
1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай 
феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. 
Декретте бай-феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен 
ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 
бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық 
құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. 
Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды: 
1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды. 
2. Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы 
шаруашылықтары әдейі біріктірілді.
3. Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар 
да тәркіленді.
Сөйтіп, бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты 
болғандар да енгізілді. Ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру 
(коллективизация) бағыты көзделіп, бай-кулактары тап ретінде жою міндеті 
алға қойылды.
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 
жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз 
құрылысының негізгі формасы – ауылшаруашылық артелі, ал мал 
шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі 
серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап 
республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер 
құрылып жатты. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі 
шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. 
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен 
қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» 
жіберілді. Олар Ресейден колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін 
орнықтырды.
Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға 
мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – 
бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.
Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 
1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 
2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.
3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.
4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық 
объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.
Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 
күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы 
ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі 
үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 
2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 
1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.
Азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы 
«Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. 
Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 
173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай 
ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. 
Торғайлықтар «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. 
Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ 
барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан 
жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту 
сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге 
айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» 
қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа 
тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 
– 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805 
іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3-10 жылға 
концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды.
1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер 
ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін 
пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде 
мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы 
жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 %-
тен 3 %-ке кеміді.
Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 жылдары 
аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 %-і, 
жекешелердің 51,8 %-і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 
40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. 
Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды:
1. 1930 жылы – 313 мың адам;
2. 1931 жылы – 755 мың адам; 
3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды.
4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе 
халықтың 40 % - і жаппай қырылды. 
1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы
Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин,
М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазды.
Онда көтерілген мәселелер: 
1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар 
байлар жағына шығуда.
2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда.
4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.
1933 жылы наурыз айында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі 
төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге хат жазды. Азаматтық ерлігі 
жоғары және принципшіл адал Т. Рысқұлов өлкеде етек алған қасірет туралы 
шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып 
шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған 
көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі 
хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге 
көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың; 
Батыс Сібірде – 40 мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың 
қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс 
Қытайға дейін барған. Бұл «аш адамдардың тамақ іздеп босуы».
Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. 
Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді. Ақтөбе облысында 
1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген 
(71 %). Жаппай ұжымдастыру, аштық әсері халықтың көбін көшіп кетуге 
мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 10 
мың адам (281230 шаруа қожалығы). Қытай, Иран, Ауған жеріне көшті. 
Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды.
Аштық зардаптары: 
1. 1930 – 1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді.
2. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана 
қалпына келді.
3. Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930-1932 жылдардағы аштық 
тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
1929-1931 жылдары Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру 
саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалыс болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет