Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
қатынастар мен әскери-саяси одақты іздеуден
Қазақ жерлерінің Ресей
империясына қосылуына дейін. Қысқаша айтқанда, ХІХ ғасырда екі дүниенің
бір державаға бірігуі Ресей державасының геосаяси бағыттылығын
бейнелейді. Ресей Қазақ даласын Шығыста өз сауда-экономикалық және
саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды
стратегиялық плацдарм
ретінде көздеді.
Қазақ жүздерінің Ресейдің қоластына кіру уақытын екі негізгі кезеңге
бөлуге болады: І – жанама қосылу кезеңі (1731 – ХІХ ғ. 20-шы ж.); ІІ – нақты
қосылу және отаршылдық бағыну кезеңі (ХІХ ғ. 30-60-шы жылдары). Бірінші
кезеңде орыс үкіметі протекторат институтын қолданды,
яғни Қазақстан,
әскери бекіністер желісімен қоршалғанына қарамастан, Ресей империясының
шегінен тыс, тәуелсіз болып қала берді.
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап, Қазақ даласын бағындыру
және оның Ресейге қосылуына бағытталған
белсенді шаралар қолданыла
бастады. Ресейдің Қазақстанға тиісті саясатының бағдарын өзгертуіне орта
азиялық фактор әсер етті (Англияның және Ресейдің мүдделерінің
қайшылығы). ХІХ ғасырдың 30-60 жылдарында өткізілген бірқатар әкімшілік
реформалар мен әскери акцияларының нәтижесінде Қазақстан толығымен
ресейлік басқару жүйесіне енгізілді. Қазақстанда саяси ұйымдастыру жүйесі,
яғни қазақ мемлекеттілігі жойылды және ресейлік
отар басқару органдары
енгізілді. Ұлы Дала Ресей империясының шет аймағына айналды. Енді Ұлы
Дала көшпенділеріне өз шаруашылық тұрмыстары мен қоғамдық өмірлерін
өзгертуге тура келді.
Достарыңызбен бөлісу: