Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет22/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet

Ӛзін тексеру сұрақтары 
1.
«Этнос» ұғымының этимологиялық мән-мағынасы? 
2.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми этнологиялық салалар. 
3.
Этномәдениет тірегін құрайтын бес шартты атаңыз? 
4.
Этноцентризм мен ұлтшылдықтың қандай айырмашылықтары бар?
5.
«Мәдениет», «Дәстүрлі мәдениет» ұғымдарын философиялық контексте 
қарастырыңыз?
 
Ә) Мәдениет және құндылық 
Адам ӛзінің ӛмір сүріп отырған ортасын, дәлірек айтқанда қоғамды 
ӛзгертіп, дамыта алады. Оған оның қабілет-қарымы жетеді. Адамдардың жан-
жануарлардан басты айырмашылығының ӛзі осында, ол айналадағы ортаны 
танып біледі, жоғары сана-сезімі арқылы алдына мақсат қояды, соған жетуге 
ұмтылады. Міне, бұл дегеніңіз адамның мұратына жетуге ұмтылады деген сӛз. 
Адам санасының тану мүмкіндігі қаншалықты шексіз болса, адам 
дүниетанымының мүмкіндігі де соншалықты шексіз. Әр ұрпақтың ӛмір сүру 
салты әр басқа. Сондықтанда әр кезеңнің, әр қоғамның, әр дәуірдің ӛзіндік 
дағдарысы, ӛзіндік күрделі мәселелері, ойлаған ойлары, жеткен жетістіктері, 
құндылықтары
бар. Сонау Сократ кезінде де халықтың азғындап, қоғамның 
дағдарысқа 
ұшырау мәселесі кӛтерілген. Ол кезден бері қаншама ғасыр, дәуір 
ӛтті. Демек, проблема ешқашан толығымен шешілмейді, тіпті ӛмірдің ӛзі 
проблемаларды шешумен, оны пайда болғызудан тұрады. Ӛткір, ушығып бара 
жатқан проблеманы жеңілдету немесе шешу тек 
құндылықтардың
арқасында 
ғана жүзеге асырылады. Құндылық қоршаған ортаның экологиялық дағдарысқа, 
қоғамның рухани құлдырауы шағында құтқарушы ретінде қолданылады, керек 


етіледі. Қоғамдағы жан-жақты қауіп асқынған кезде ортақ құндылықтарды 
дәріптейтін, нормативті-құндылық жүйесін қамтитын ғылыми қоғамдастықтар 
мен ғылыми ұйымдар арнайы айналыса бастады. Себебі ғылым қоғамда пайда 
болады, тіршілік етеді және дамиды. Бүгінгі күні бой кӛтеріп отырған 
құндылықты дәріптейтін қоғамдастықтар санының артуы, дағдарыстар 
шиеленісуінің басты белгісі болып табылады.
Мәдениет пен ӛркениет ӛзін-ӛзі анықтау, ӛзін-ӛзі таныту бағытында 
экзистенциялық тәжірибе, жан-жақты құрылым, ең бастысы 
адамзаттық 
құндылықты
бойына жинады. Құндылық негізінде адамның әлемге деген ашық 
кӛзқарасымен табиғатқа деген қайрымды қатынасы жатыр. Олай болса, 
материалды және рухани құндылықтар - адам дамуының мәдени жетістігі, 
ӛркениеттің мазмұны. Таратып айтқанда, транцформация, яғни қатынас, 
дағдарыс, мақсат пен құндылық, дүниетаным, ӛзіңді және ӛзгені, ӛнерді, 
ғылымды, дінді және руханилықты тану және осы аталғандардың барлығының 
түйіні болып табылатын 
сана 
мәселесі. Дұрысы, осы институционалды жүйенің 
қалай трансформацияланғанына мән беру. Себебі, бүгінгі дамудың негізгі 
іргетасы, ӛткеннің кӛш алды жаңалықтары, ӛркениеттің басты ӛлшемі болып 
табылатын 
құндылық
адамзат дамуын байланыстырушы, сабақтаушы, 
жалғастырушы механизм ретінде дәріптеледі.
Құндылықтар - тілі, тұрмыс-тіршілігі мен салты бір, тағдырлас 
халықтардың 
бірінен-екіншісіне 
ауысып, 
мәдени 
құндылықтардың 
трансформациялануы арқылы халық дәстүрін толықтырып отырады. Құндылық 
теориясы ӛркениеттік құндылықтардың қалыптасуы мен даму бағдарларының 
алғышарты ретінде кӛрініс алды. Демек, адамзаттық құндылықтардың 
басымдылығын мойындау дегеніміз әлемнің тұтқасы жеке адам деп есептеумен 
тең. Ӛркениеттік құндылықтар адамдық мәдени игіліктер арқылы қордаланып 
дәстүршілдік пен жаңашылдықтың кезектес процесінде сабақтаса отырып 
белгілі бір тұтастықты құрайды. 
Құндылық адам ӛлшеміндегі мәдениетті кӛрсетеді, әрі тіршілік ету мен 
адамдық болмыс қалпының негізін құрайды. Құндылықтар қоғамды реттеу 
кезінде дәстүрлер мен ғұрыптар жүйелерін, әсіресе қоғамға аса маңызды 
адамдық нормалар мен құқықты ӛзіне бағындыра отырып ыңғайлы деңгейге ие 
болады. Мәдениет пен ӛркениет материалды және рухани құндылықтар 
жүйесінде құрылады. Құндылық астарынан адаммен адамзат үшін оның 
жағымды да жағымсыз жақтары кӛрінетін материалды немесе рухани 
шындықтың анықтамасын байқауға болады. Тек адам мен қоғам үшін заттар 
мен құбылыстар, дәстүр, дін, ӛнер, жалпы алғанда мәдениеттің сәулелері 
ерекше мәнге ие.
Ш.Л. Монтеське үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет