Алтай тауларына дейін, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан оңтүстіктегі
Тянь-Шань тау жоталарына дейін созылып жатыр. Қазақстан кӛлемі жағынан
әлемде Ресейден, Қытайдан, АҚШ-тан, Аргентинадан, Бразилиядан, Канададан,
Үндістаннан,
Австралиядан кейін
9-шы
орынды иеленеді және Еуропалық
Одақтың 12 елінің аумағынан асып түседі. Қазақстан халқы 16 миллионнан
астам адамнан – 100-ден астам ұлттың ӛкілдерінен және барлық негізгі әлемдік
діндер мен конфессиялардан тұрады. Кӛптеген табиғи ресурстардың қоры мен
сан алуандығы жӛнінен Қазақстан әлемдегі ең бай ӛңірлердің бірі. Пайдалы
қазбаларында Менделеев кестесінің іс жүзінде барлық элементтері бар.
Қазақстан
барланған мырыш, вольфрам және барит қоры жӛнінен әлемде
бірінші орынды, күмістің, қорғасынның және хромиттің қоры жӛнінен екінші
орынды иеленеді. Сондай-ақ Қазақстанда елді әлемдегі аса ірі мұнай ӛндіретін
он мемлекеттің қатарына қоюға мүмкіндік беретін мұнай мен газдың едәуір
қоры шоғырланған.
«Қазақстан»
атауы алғаш рет ХҮІ
ғасырдың бірінші жартысында,
Зейнаддин Әбді-аль Джани Васифидің «Бадал ал-Вакай», яғни «Ғажайып
оқиғалар» атты шығармасында кездеседі. «Қазақстан» – термині белгілі бір
дәрежеде ХҮ-ХҮІ ғғ. ӛзінде-ақ этногеографиялық ұғымда қолданылған. Қазіргі
Қазақстан қуатты да қайратты жас мемлекет. Біздің елімізде елеулі және
қарқынды ӛзгерістер болып жатыр. Бұл ӛзгерістер мен бетбұрыстар
мемлекеттің нығаюы мен ары қарайғы ӛрлеуіне жол ашады.
Осы мақсатта
мемлекет үлкен саясатты бағдарлайды, ұзақ мерзімді бағдарламалар мен
ағымдағы жоспарларды әзірлейді және іске асырады. Мемлекет ӛз
миссиясының маңыздылығын жақсы түсінеді және осы мақсатта халықты
жақсы тұрмысқа жетелейді.
Президент
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ел тәуелсіздігіне бес жыл
толған кезде халыққа былай деді: «Тарихтың даңғыл жолынан Қазақстанда шет
қалған жоқ. Оның ежелгі жерінде кӛптеген мемлекеттік құрылымдар ӛмір
сүріп, олар да адамдар сияқты басынан балалық, жастық, кәмілеттік дәуірлерді
ӛткізіп, құлдырау және күлден қайта бой кӛтеру дәуірлерін басынан кешірді.
Тарихтың жаңа оралымы сәтінде Қазақстан халықтары ӛздерінің батыл
таңдауын - ӛркениетті демократиялық қоғамды таңдап алды» - дей келе,
«Қазақстанның мұндай жағдайының бірегейлігі
мен қайталанбастығын ХVII
ғасырдың ортасында бӛлшектелген қазақ мемлекетін қалпына келтіру іргелес
жатқан мемлекеттермен тату кӛршілік қатынастарды жолға қоя білген кемеңгер
Абылай түсінген болатын. Мұны оның ісін жалғастырған кейінгі ұрпақтарда
түсінді» - деп тұжырымдады. Қазақстан ӛз тәуелсіздігіне қол жеткізген аз
мерзім ішінде, сыртқы байланыстарды мықтап құра білді.
Соның негізінде
әзірленген ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мен Қазақстанның әскери
доктринасы – бірінші кезекте тату-тәтті кӛршілік қатынастарды дамытуға,
халықаралық проблемаларды ӛркениетті шешуге, қару-жарақпен сес кӛрсету
және күш қолдану кӛзқарасынан бас тартуға бағытталған бейбітшілік сүйгіш
жолдың жарқын куәсі. Мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметі
Қазақстанның әлем мемлекеттерімен сыртқы
экономикалық байланыстарын
дамыту мәселелерін шешумен тығыз сабақтасып жатыр.
Еліміз бүгінгі күні әлемге танымал. Қазақстан әлемнің
Достарыңызбен бөлісу: