«А» кезеңі
немесе жаңадан пайда болу кезеңі (XV-XVІІІ ғғ.) Жаһандық
әлемнің пайда болуына Еуропада діни тұтастықтың бұзылуы, бүкіл планеталық
әлем картасының пайда болуы, астрономиядағы гелиоцентристік жүйе және
адамзат туралы алғашқы мәліметтер ықпал етті.
«Б» кезеңінде
жаһандық жүйе пайда болды (1750-1850 жж.). Бұл кезеңде
халықаралық дипломатия жүйесі орнығып, азаматтық ұғымы түпкілікті
қалыптасады, мәдени салыстырмалылық жүреді: халықаралық кӛрмелер пайда
болады, еуропалық емес елдерге енген халықаралық коммуникация жүйесі
дүниеге келеді.
«В» кезеңі
жаһандық әлемнің шарықтау сатысы ретінде түсіндіріледі (1875-
1925 жж.). Бұл кезеңде әлемді: экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени
жүйелену ретінде тӛрт тармақта ұғыну айқындала түседі, сонымен бірге, ортақ
күнтізбе қабылдау іске асады, алғашқы халықаралық сайыстар (Олимпиадалар)
мен мәдени фестивальдер заңды түрде бекітіледі.
«Г» кезеңі
гегемония үшін күрес кезеңі (1925-1969 жж.). Бұл екінші
дүниежүзілік және “қырғи-қабақ”
соғыстар, әлемдік саяси-құқықтық жүйенің
қалыптасу кезеңі. Робертсон адам құқықтарын қорғау саясатының қалыптасу
мәселесіне зор кӛңіл бӛледі. Бұл кезең сонымен бірге “үшінші әлем”
тақырыбының пайда болуымен маңызды.
«Д» кезеңі
- белгісіздік кезеңі (1969 жылдан осы кезге дейін). Сыртқы
кеңістікті зерттеу кезеңі. Мұнда ғарыштық зерттеулер, адам құқықтары туралы
халықаралық пікірталастардың шығуы және кейінгі материалистік құндылықтарды
насихаттайтын пайымдаулардың таралуы туралы сӛз болады. Жаһандық
феминистік және экологиялық қозғалыстардың пайда болу сатысы, шын
мәніндегі жаһандық бұқаралық-медиа, ғарыштық коммуникациялар дүниеге
келеді. Халықаралық қатынастар күрделілене түседі
(Әлеуметтану. – 2 т. Қазақстан
әлеуметтанушыларының қауымдастығы, - Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 115 б.).
Жаһанданудың ең
басты техникалық құралы -
Әлемдік Ақпараттар
Жүйесі
немесе қысқаша
Интернет
. Жүйенің алғашқы даму баспалдағының ӛзі
адамзаттың ақпараттық потенциалы айтарлықтай дамытып, әлемнің барлық
бұрышындағы миллиардтаған адамдардың тең әрі оңай бірігуінің басты себебі
болды. Интернет 1969 жылы АҚШ-тағы ARP Anet компьютерлік жүйесінде
қорғаныс министрлігінің компьютерлік орталығын біріктіруші және
академиялық ұйымдар қатарында құрылды
(
http://www.job-today.ru/nnovgorod
/issue/s22_04_4.htm
.)
. Бұл жүйе бір салалы мақсатқа бағытталған еді: ядролық
жарылыс жағдайында байланыс орнату және зерттеушілерге ақпарат алмасуға
кӛмектесу. Осы жүйенің ӛсу ӛлшеміне байланысты кӛптеген басқа жүйелер
құрылды және дамыды. Интернет сіздің кез-келген қызығушылықтарыңызды
бӛлісіп, сізді толғандыратын кез-келген тақырыпта әңгіме-дүкен
құратын
адамдарды іздейтін керемет құралға айналды. Интернет кез-келген тақырыпты
он мыңдаған серверлерге лезде тарата алады және жан-жақты ақпараттармен
қамтамасыз етеді.
Интернет тарихы
ақысыз жүйе
болудан басталғанымен, қазір ол қыруар
қаржы, әлемдік дәрежедегі электронды бизнес кӛзі болып отыр. Жүйенің
бірінші әрі басты ерекшелігі оның ақпараттарды тасмалдаудағы тек тиімді әрі
әмбебапты құрал болуы ғана емес, сонымен қатар оның шексіз сақтау
қабілеттілігі. Болашақта ақпараттарды электронды жүйеде тасмалдау уақыт ӛте
«қағаздық» тасмалды толығымен ығыстырып тастау мүмкіндігі күмәнсіз. Ақыр
соңында кітапқа деген махаббат – оның салыстырмалы түрдегі арзанқолдығы,
ақпраттарды
сақтап жеткізуі, пайдалануға деген оңайлығы, тіпті мыңдаған
ғасырлық дәстүрлілігі – адекватты электронды қондырғыны құруға
ұмтылдырады. Оған дәлел ретінде кітап мұралары, сонымен бірге кино қоры,
музыкалық жазбалар жинағы және тағы да басқалардың электронизацияға
ұмтылуы, осылайша Жүйе тек ыңғайлы ғана емес,
бұқаралық қолданыстың
бәсекеге түспейтін жалғыз құралына айналады. Қазіргі заманғы кітапханалар,
мұражайлар мен мұрағаттар және басқа да локальды мәдени орталықтар Жүйе
ілімін қалай жинаудың артық ерекшеліктерін ескеруде, себебі ондағы бар
ақпараттар кез-келген оқырманға ашық және азғантай ғана уақытта
пайдалануға жарамды. Сонымен қатар сіз әлемде болып жатқан кез-келген
жаңалықты бірінші болып хабарлану мүмкіндігіңіз бар. Басқаша айтқанда
интернет барша әлемді бірлік пен тұтастықта ұстап тұрғандай. Бұл әлемдік
прогресс және техника жетістігі.
Жаһанданудың басты қозғаушы күші болып
табылатын техникадағы ең
керемет жетістік ақпараттарды сақтау мен беру: кітаптық басылым, кино, радио
хабарлама, телеарна. Қазіргі таңда барынша құрметті орынға ие болып отырған
оқыту фильмдерімен, білім беруші бағдарламалар футурологтардың
болжамдарын күтпеген сәйкессіздікке алып келді. Ӛркениеттің ӛте қатты
ырғақтағы дамуын ағартушылық саласынан анық байқауға болады. Білім жинау
жылдамдығы мен техниканы қалыптастыру оқыту процесінің ешқашан
аяқталмайтынын және қандайда бір оқу процесін толығымен бітті деп есептеуге
болмайды деген қағида ұсынып отыр. Әлеуметтік ӛзгерістер кез-келген
«дәстүрлі» тәрбиеге «шақыру» тастап отыр. Бұл «шақыру» бір қалыпты ӛмір
ағымына дағдыланған кеңес адамдарына ауыр соқты. Олар кеңес дәуіріндегі
партия қызметкері,
әскери флот қызметкері, комсомол жастар ұйымының
қызметкері, агроном, мал дәрігері сияқты жоғары мәртебелі қызметтерін қазіргі
таңдағы сұранысқа ие мамандықтарға қарай ауыстыруына тура келді. Бұрынғы
алған білім қазіргі таңның сұранысын қанағаттандырмайды. Ӛз аймағында
үлкен тәжірибеге ие, ӛзін білікті маманмын деп есептеген адам қазіргі заманғы
еңбек нарығында не істеймін деген ойға қалады.
Сондықтанда ескі мамандықтарды қайта ӛндіріске дайындау мәселесі
туды. Мысалы ӛте кӛп жұмыс тәжірибесі бар дәрігер жұмыс биржасында
кезекте тұр, ал ірі фармацевтикалық компаниялар медицина ӛкілін және кеңес
берушілер іздеп сабылып жүр. Мұндай келеңсіздік қоғамға қажет ескі
мамандықтардың қазіргі заманғы жабдықтармен жұмыс істеуін, жаңа
дағдыларға үйренуін қажет етті. Осы сәт ескі мамандықтармен жаңа
мамандықтардың арасындағы ӛзінше бір сабақтастықты туғызды.
Бұрыннан
филологиялық білімі бар адам жалақы аздығынан немесе басқа да себептерге
байланысты оқытушылық қызметін аудармашы, арнайы құжаттарды ресми
құрушы, референт немесе басқарушы кӛмекшісі мамандығына ауыстырды.
Кеңестік дәуірдегі кадрлар бойынша инспектор мамандығына сұраныста болған
мыңдаған психологтар қазіргі заманғы еңбек нарығында кадр менеджері
мамандығына қарай қайта жарамдануда. Инженерлер мен технологтар
кәсіпорындар мен ӛндірістердің жандануына байланысты қазіргі ең үлкен
жалақылы аса қажет мамандарға айналды немесе бір салалы дәрігерлер
қосымша экономикалық білім алып фарамацевтикалық бизнес бастап кетті.
Осылайша жаһандану ағымына ілескен қоғам үшін ескі мамандықтардың жаңа
ӛмірге сабақтасуына байланысты
жаңа мамандықтардың тууы, олардың қоғам
дамуына, адамдардың ӛз мамандықтарына деген басқаша, жаңа кӛзқарастарын
туғызуына алып келді. ХХІ ғасырдың еңбек нарығы ұсынып отырған жаңа
мамандықтар:
Достарыңызбен бөлісу: